Семинар Зертханалық



Pdf көрінісі
бет12/23
Дата09.03.2022
өлшемі1,26 Mb.
#27381
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23
Байланысты:
Силлабус. Әдеби процесс

 

Тақырыбы: Батыс Европа эстетикасы тарихынан. Классицизм өнері эстетикасы. 

Сағат саны  1 

Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары  

1.  Классицизм өнерінің туып қалыптасуы. 

2.  Классицизм  өнері  эстетикасының  көне  грек  өнері  және  қайта  өрлеу  дәуірі  эстетикасымен 

байланысы. 

3.  Н.Буалоның «Поэтикалық өнер» трактаты – классицизм өнерінің теориялық бағдарламасы. 

Дәріс  тезисі:Классицизм  (лат.  classicus  –  үлгілі  деген  сөзінен)  XVIII  ғ.  француз  мәдениетінде 

қалыптасты және француз абсолютизмінің идеясын бейнеледі. XVIII ғ. классицизм буржуазиялық 

ағартушылықпен 

байланысты 

болды 

және 


қоғамның 

буржуазиалық-революциялық 

құлшыныстарын көрсетті. Рационализм идеяларына негізделген классицизм стилі биік, ерлік және 

өнегелі  идеалдарды  бейнелеуге,  айқын,  үйлесімді  бейнелерді  жасауға  тырысты.  Сонымен  қатар 

классицизмге  утопизм,  идеализация,  дерексіздік,  академизм  белгілері  тән  болды.  Қайта  өрлеу 

дәуірі  тұсындағы  өнер  жанрлар  арасындағы    нақты  демаркациялық  шекара  жоқ;  XVII  –  XVIII 

ғасырлардағы  классицизм  эстетикасы  жалпы  иерархиялық  жанрлар  жүйесіндегі  әр  жанрдың 

тазалығын  қамтамасыз  ететін  қатаң  тәртіп  орнатты.  Сол  уақытта    Францияда  «жанр»  ұғымы 

қолданысқа  енді;  XIX  ғасырда  жанрлардың  өзара  әрекеттестік  процесі  қайта  оралды.    Олардың 

қосылып кетуі, тоғысуы,  қатаң белгіленген шекараның бұзылуы басталды.  Кейбір қазіргі заманғы 

теоретиктер жанр дифференциясы тіптен ескірген деп жанр мәселесін алға қоюдың қажеті жоқ деп 

есептейді.  XVII  ғасырдың  бірқатар  Еуропа  елдерінде  корольдік  билік  орнаған  соң,  өнердегі  ең 

басты бағыт болып классицизм қалыптасады. Классицизм (classicus) латын тілінен аударғанда "ең 

үлгілі" деген мағынаны білдіреді. Драматургия мен театр жағынан классицизм, әсіресе Францияда 

XVII-XVIII  ғғ.  кең  етек  жайды.  Әдебиеттегі  классицизм  ерте  замандағы  грек  және  римнің 

классикалық әдеби шығармаларын үлгі тұтты. 



Бекіту сұрақтары 

1. Н.Буалоның әдебиет теориясы мәселелерін көтерген еңбегі қалай аталады? 

2. Изоморфтық, изоморфизм дегеніміз не? Анықтамасын беріңіз. 

3.  Классицизм  өнері  эстетикасының  көне  грек  өнері  және  қайта  өрлеу  дәуірі  эстетикасымен 

байланысы. 

Әдебиет  

1.Райан М. Әдебиет теориясы. Кіріспе: оқулық.  - Алматы : Ұлттық аударма бюросы, 2019.  - 292 

бет. - ISBN 978-601-7943-37-0. 



2.Ривкин  Д.,  Райан  М.  Әдебиеттеориясы.  Антология.  1-4том:  оқулық.  -  Алматы: 

Ұлттықаудармабюросы, 2019.  

3.Жарылгапов Ж.Ж., Такиров С.У. Әдебиет теориясы: оқу құралы. - Алматы : Отан баспасы, 2018. 

- 172 бет. 

4.Нұрғали  Р.  Жеті  томдық  шығармалар  жинағы.  Т.5.  Әдебиет  теориясы.  Нұсқалық.    -  Астана: 

Фолиант, 2005. - 536 б.  



 

Тақырыбы: 18 ғасырдағы Европадағы ағартушылық дәуір эстетикасы. 

Сағат саны  1 

Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары  

1. 18 ғасырдағы ағартушылық дәуірі эстетикасының көрнекті өкілдері. 

2. Ағартушылық реализмнің дамуы. 

3. Д.Дидро, И.Гердер, Г.Лессинг еңбектеріндегі өнердің бұқаралығы. 



Дәріс тезисі: XVIII ғасырда, уақыт революцияға жақындаған сайын, француз ағартушыларының 

халыққа  айтқан  сөздері  ынталана  түсіп,  соның  арқасында  театрдың  рөлі  де  арта  түсті.  XVIII 

ғасырда  Францияның  бірінші  ұлы  ағартушысы  Франсуа  Мари  Вольтер  (1694-1778)  болды. 

Ағартушылыққа  жауыздық  пен  діншілдікке  қарсы  бағыт  әкелген  Вольтер  трагедиялары  борыш 

пен сезім бірлігінің гуманистік идеясын уағыздады. Оның кейіпкерлері эмоционалды, қызуқанды 

және сахналық әрекеті де байырақ әрі динамикалық жағынан күштірек болды. Бұл ағартушылық 

эстетикасының бағыты классицизмнің ережелерін ұстанбауынан айқындалды. Вольтердің барлық 

жазған пьесаларынан өзіне үлкен табыс әкелгені "Заира" және "Мұхаммед" трагедиялары болды. 

XVIII  ғасыр  ортасынан  француз  жљне  еуропалық  ағартушылықтың  ірі  өкілі  Дени  Дидро  (1713-

1784)  болды.  Дидро  пьесалары  театр  репертуарына  толық  енбегенімен  драматургиядағы  жаңа 

бағыт – тоғышарлық драманың пайда болуына әкелді. Дегенмен де Дидроның театрға байланысты 

ең  үлкен  жұмысы  1773  жылы  жазылған  "Актер  туралы  порадокс"  трактаты  болды.  Бомарше 

шығармаларының  шыңы  –  "Севиль  шаштаразы"  (1775),  "Фигароның  үйленуі"  (1784)  атты 

комедиялар.  Италияның  ұлы  драматургі  Карло  Гольдони  (1707-1793)  жаңа  мінез  комедиясының 

негізін салады. Суырып-салмашылықтың орнына, спектакльдің негізіне әдеби мәтін енгізілді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет