Дәріс тезисі: ХХ ғасыр басындағы ғылыми-зерттеушілік пікірлер саласындағы ізденістер, әдеби
мұраны игеру проблемалары ұлттық әдебиеттің ғылыми тарихын жасау мен әдеби-теориялық ой-
тұжырымдар сол ғасыр ұсынған талап-тілектермен бетпе-бет келді. Әдеби мұраға ғылыми тұрғыда
қарау тенденциясы қалыптаса бастады, оның қоғамдық-әлеуметтік ой-пікір ортасына айналуы
ұлттық публицистиканың дамуына ықпал етті. Сонымен қатар баспасөз халықтық эстетикадан
бастау алып, ХІХ ғасырдан жанрлық сипат алуға ұмтылған әдеби сынды тудырды, ол көркем
әдебиеттің дамуы мен оны зерттеу мәселесін нақты және жан-жақты сөз етуде сәтті қадамдар
жасады. ХІХ ғасырдан жанрлық сипат алуға ұмтылған әдеби сынды тудырды, ол көркем
әдебиеттің дамуы мен оны зерттеу мәселесін нақты және жан-жақты сөз етуде сәтті қадамдар
жасады. Жазба әдебиет өркен жайып, жанрлық түрлері дамыды, қазақ лирикасы мен прозасы жаңа
көркемдік ізденістерге ұмтылды. Фольклор мен классикалық мұраның таңдаулы үлгілері
жарияланды, әдеби жинақтарға енді, жеке кітап болып басылып шықты. Осыған сай әдеби сын да
әр дәуірдегі эстетикалық биіктерге қол соза бастады. Кітап шығару ісі қызу қолға алынды. ХХ
ғасырдың 20-жылы ішінде 500-ге тарта кітап жарық көрді: Ибн Сина, Шоқан, Абай, Ыбырай,
Шортанбай, Дулат, Мұрат, т.б. шығармалары жарияланды. Олар өз тарапынан қалың оқырман мен
қалыптасып келе жатқан қазақ зиялыларының бойында ғылыми-зерттеушілік ой-пікір және сыни-
эстетикалық көзқарасты қалыптастырғандығы сөзсіз.
Бекіту сұрақтары
1. Ұлттық эстетиканың қайнар бұлағы дегенді қалай түсінесіздер?
2. Ш.Уәлиханов еңбектерінің әдебиеттану ғылымындағы маңыздылығы қандай?
3. Қазақ әдебиеттануындағы алғашқы теориялық кітап қалай аталады және авторы кім?
4. ХХ ғасырдың 20 жылдарында әдеби-теориялық ізденістердің шындап қолға алынғандығын
дәлелдейтін қандай еңбектер болды?
5. Қазіргі қазақ әдебиеттану ғылымының басты тенденциялары қандай?
Әдебиет
1.Райан М. Әдебиет теориясы. Кіріспе: оқулық. - Алматы : Ұлттық аударма бюросы, 2019. - 292
бет. - ISBN 978-601-7943-37-0.
2.Ривкин Д., Райан М. Әдебиеттеориясы. Антология. 1-4том: оқулық. - Алматы:
Ұлттықаудармабюросы, 2019.
3.Жарылгапов Ж.Ж., Такиров С.У. Әдебиет теориясы: оқу құралы. - Алматы : Отан баспасы, 2018.
- 172 бет.
4.Нұрғали Р. Жеті томдық шығармалар жинағы. Т.5. Әдебиет теориясы. Нұсқалық. - Астана:
Фолиант, 2005. - 536 б.
4 Тақырыбы: Көркем әдебиеттің табиғаты. Әдебиеттегі «көркем образ» және «образдылық»
мәселелері.
Сағат саны 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары
1. Сөз өнерінің өзіндік ерекшеліктері.
2. Сөз өнерінің образдық-суреткерлік табиғаты.
3. Көркем образ, оның түрлері.
Дәріс тезисі: Әдебиеттің өзге өнер түрлерінен өзіндік басты бір ерекшелігі – бейнелеу құралына –
көркем сөзге байланысты. Осы себепті де әдебиет сөз өнері деп аталады. Суретті сөз, бейнелілік
деген ұғымдар тек әдебиетке, ондағы сөз қолданысына қатысты ерекшелікті танытады. Көркем
сөздің құдіреті, оның мағыналық аясының кеңдігі, шексіздігі, әсересе бейнелілік – суреттілік
секілді сиқырлы, сазды сипаты қаламгерге өмір-болмысты қалауынша қамтып, шындықты кеңінен
жинақтап, оны қабілет-дарынына сай құлпытра, көркем кестелеп, жанды да, нақты танытуына
мүмкіндіктер береді. Көркем әдебиеттің құдіретті күшін, яки оның өмір таныту, адам тәрбиелеу
жайын ғана емес, күллі қоғамдық өзгертушілік қасиетін түсіну үшін оның эстетикалық табиғатын
тану қажет. Өнер туындысынан адамның алар эстетикалық әсері туралы. Адамның көңіл-күйінде
сан-сала құбылыстар туғызу күші – әдебиеттің эстетикалық әсері.
Әдебиет және эстетикалық категориялар. Көркем әдебиеттің құдіретті күшін, яки оның өмір
таныту, адам тәрбиелеу жайын ғана емес, күллі қоғамдық-өзгертушілік қасиетін түсіну үшін, оның
эстетикалық табиғатын тану қажет. Әдеби шығарма адамның бүкіл ой-қиялын, сыр-мінезін түгел
баурайды: қуантады, сүйсіндіреді, таңдантады, күйіндіреді, жылатады, күлдіреді... қысқасы,
адамның көңіл-күйінде сан-сапа құбылыстар туғызып, із қалдырады.
Образ деген сөз көркем әдебиетте екі түрлі мағынасында қолданылады. Бірінші, көркем сөз
мағынасында, екінші, адам образы – тип – мағынасында. Көркем сөз ұғымында образға теңеу де,
эпитет те, троп, фигуралардың түрлері де жатады. Кейде сөз образы немесе бейнелеу деп те
айтамыз. Екінші адам образы – тип мағынасында қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |