Семинардың жоспары: Орталық және жергілікті атқарушы органдардың персоналының дайындығы және халықты оқыту



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата07.01.2022
өлшемі263,95 Kb.
#19793
түріСеминар
  1   2   3
Байланысты:
2 семинар



Семинар сабақтың тақырыбы №2 

Орталық және жергілікті атқарушы органдардың персоналының дайындығы және 

халықты оқыту. 

Семинардың жоспары:     

1.Орталық  және  жергілікті  атқарушы  органдардың  персоналының  дайындығы  және 

халықты оқыту.  

2.  Қажетті  қорғаныс  ғимараттарының  жеке  қорғаныс  заттарының  қорын  және  азаматтық 

қорғаныстың басқа да мүліктерін жинау және қолдау. 

3. Азаматтық қорғанысының мүліктерін жаңарту, жинау және сақтау тәртіптері. 



Семинардың мақсаты: Кездейсоқ жағдайларда, зақымданғанда, ауырып қалған кездерде 

зардап шеккендердің өмірін сақтап қалу шаралары. 



Семинардың мазмұны: 

Азаматтық қорғаныс саласындағы жалпы тәртіп және халықты оқытуды ұйымдастыру 

ҚР  Үкіметінің  17  қаңтар  2003  ж.  №50  «Ақпараттандыру  ережелерін,  білімді  насихаттау, 

мамандарды және халықты төтенше жағдай облыстары бойынша оқыту» атты қаулысымен 

анықталған.  

Төтенше  жағдайлар  облысында  білімді  насихаттауды  табиғи  және  техногенді 

сипаттағы төтенше жағдайлар облысындағы уәкілеттеу органдары, аймақтық бөлімшілер, 

қоғамдық ұйымдар жүргізеді. Астана және Алматы қалаларында табиғи және техногенді 

сипаттағы төтенше жағдайлар туралы білімді насихаттау Уәкілетті органдардың аймақтық 

бөлімдері осы қалалардың әкімдері бекіткен жоспар бойынша  жүргізіледі.  

Басшылық  құрамын,  мемлекеттік  органдар  мамандарын  дайындау,  төтенше 

жағдайлар  саласында  халықты  оқыту,  қызметтік  тұлғалар  тізіміне  сәйкес,  табиғи  және 

техногенді  сипаттағы төтенше жағдайлар облысы бойынша  уәкілетті  органдарының оқу-

әдістемелік  орталықтарында  оқытылуы  қажет,  оқытатын  тұлғалар  тізіміне  сәйкес  табиғи 

және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар облысы бойынша уәкілетті органдарының 

аймақтық  бөлімдерінде  оқытылуы  қажет,  сонымен  қатар  халықты  төтенше  жағдайлар 

саласында  дайындау  біріңғай  жүйе  шеңберінде  ұйымдастырылады  және  ары  қарай 

қарастырылады:  

 Басшыларға, АҚ басқарушылық орган, орталық және жергілікті атқарушы органдар 



қызметкерлеріне, ұйымдар мен оқу орындарының қызметкерлеріне, «Тіршілік қауіпсіздігі 

негіздері»  пәнінің  оқытушыларына,  қауіпті  өндіріс  объектілерінің  қызметкерлеріне  – 

табиғи  және  техногенді  сипаттағы  төтенше  жағдайлар  саласы  бойынша  оқу-әдістемелік 

орталықтарда  және  уәкілетті  органдардың  аймақтық  бөлімдерінде  біліктілікті  жоғарлату 

курстары және оқу, жаттығуларға қатысу;  

- АҚ  басқарушылық  органдарына  кірістірілмеген  жұмысшы  халыққа  –  жұмыс 

орындарында  ұсынылған  бағдарламалар  бойынша  сабақ  жүргізу,  төтенше  жағдайлар 

кезіндегі  іс-әрекеттермен  өзіндік  оқып  білу  және  жаттығу  кезінде  алынған  білім  мен 

дағдысын бекіту;  

- жұмыс  істемейтін халыққа  ескерту  және  жою  тақырыбы  бойынша  жүргізілетін  іс-

шараларға  қатысу  (сұхбат,  дәрістер,  оқу  фильмдерін  қарау),  тұрғылықты  жеріне  қарай 

оқуға,  жаттығуларға  жұмылдыру,  сонымен  қатар  оқу  құралдарын,  жадынамаларды, 

үнпарақтарды, буклеттерді оқу, төтенше жағдайлардан қалай қорғану мәселелері бойынша 

радиобағдарламаларды тыңдау, интернет-қорларды қарап, телебағдарламаларды қарау;  

- студенттер мен оқушыларға оқу орындарында «Тіршілік қауіпсіздігі негіздері» пәні 

бойынша білім беру, төтенше жағдайлардың алдын алу тақырыбында түрлі конкурстарға 

қатысу және оқу-жаттығуларына жұмылдыру;  

- мектепке дейінгі ұйымдарда – қоршаған ортада қауіпсіздік тәртібі туралы ертегілер 

айту, ойындар ойнату, ата-аналарымен сұқбат жүргізу.  

Басшылық  құрамын  және  мамандарды  дайындау  табиғи  және  төтенше  жағдайлар 

саласындағы уәкілетті органдар бекіткен типтік бағдарламалары бойынша жүргізіледі.  



Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар саласы бойынша әдістемелік 

басшылық уәкілетті органдарға жүктеледі.   

Оқуға қатысатын тұлғалар келесі топтарға бөлінеді:  

  республикалық  атқарушы  органдар  өкілетінің  басшылары,  облыс  әкімдері  және 



жергілікті органдар өкімет басшылары;  

  азаматтық  қорғаныстың  қызметтегі  тұлғалары,  АҚ  басқаратын  орган  басшылары 



мен қызметкерлері және ұйым басшылары;  

  штаттан тыс апатты-құтқарушылық құрылымның жеке құрамы;  



  АҚ құрылымының құрамына жатқызылмайтын жұмысшы халық;  

  жалпы  орта  оқу  орындарының  оқушылары  мен  мамандық  алуға    оқып  жатқан 



студенттер;  

  жұмыс істемейтін халық. 



Жұмыс  істейтін,  штаттан  тыс  апатты-құтқарушылық  құрылымға  жатқызылмайтын 

азаматтарды АҚ бойынша оқыту жұмыс орындарында ұйымның құқықтық түрлеріне, төтенше 

жағдайлар  министрлігінің  өндіріс  үзілмесін  деген  ұсыныс  хатына  қарамастан  жүзеге 

асырылады.  

Халықты  оқытуды  ұйымдастырудың  жауапкершілігі  ұйымдардың  басшыларына 

жүктеледі.  

Азаматтық қорғаныс саласында білім алушылардың дайындығы оқу процесі кезінде 

БжҒМ  ТЖМ  келісімімен  бекіткен  «Тіршілік  қауіпсіздігі  негіздері»  курсында  және 

«Тіршілік қауіпсіздігі негіздері» пәнінде  жүзеге асырылады және өзіндік оқу құралдарын, 

жадынамаларды,  үнпарақтарды,  буклеттерді  оқу,  төтенше  жағдайлардан  қалай  қорғану 

мәселелері  бойынша  радиобағдарламаларды  тыңдау,  интернет-қорларды  қарап, 

телебағдарламаларды қарау арқылы жүзеге асырылады.   

Барлық  деңгейде  азаматтық  қорғанысты  басшылық  ететін  органдар,  АҚ  саласы 

бойынша  түрлі  бұқаралық  ақпараттарды  (теледидар,  радио,  басылымдар,  буклеттер  т.б.) 

кеңінен пайдалану арқылы білімді насихаттайды.  

Штаттан  тыс  апатты-құтқарушылық  құрылымдардың  жеке  құрамының  дайындығы 

құрылған  ұйымдар  базасында  жүргізіледі.  АҚ  құрылымдарының  арнайы  дайындыққа 

оқытудың  негізгі  түрлері  болып,  оқу  қалашықтарын,  қорғаныс  және  аймақтағы  басқа 

ғимараттарды пайдаланып, тәжірибелік және арнайы-тактикалық сабақтар жүргізу болып 

табылады.  Негізгі  әдіс  –  тәжірибелік  жұмыс.  Тәжірибелік  сабақтарда  әр  білім  алушыға 

апатты-құтқарушылық және қауырт іс-әрекеттер, тәсілдер жасау барысында нақты дағды 

қалыптасады. Сонымен қатар құрылымдар арасында үйлесімділік қалыптасады.  

Оперативті дайындықтың негізгі принциптері болып табылады:  

  азаматтық  қорғаныс  күштері  және  басқармасы  жүргізіп  отырған  заманауи 



қаруланған  шиеліністер  мен  соғыс  кезінде  мүмкін  болатын  жағдайлардың  оперативті 

дайындығының  мазмұнының  орындалып  жатқан  іс-әрекеттердің  дайындық  деңгейіне 

сәйкес болуы;  

  түрлі  формаларды  және  оқу  әдістерін  шебер  байланыстыру,  ары  қарай  оқудың 



масштабты және күрделі түрлеріне көшу, нақты шын жағдайға максималды жақын болу, 

алдында өткізілген жаттығулардан алған және соғыстағы тәжірибелерді ескеру;  

  оқу  мен  тәрбиенің  бірлігі,  ғылымилылығы,  сабақты  жүргізетін  жетекшілердің 



сабағының,  жаттығуларының  жоғары  әдістемелік  шеберлігі,  лауазымды  басшылар 

жүргізетін оперативтік дайындықтың негізгі іс-шараларын жүргізу.  

Оперативті  дайындық  шараларын  ұйымдастыру  және  жүргізу  кезінде  ТЖМ-ң 

Республика,  облыс,  аумақ  бойынша  төтенше  жағдайларға  жауап  қату  мәселелерін 

талқылап, командалық-штабты оқу жаттығулары туралы нұсқауларды қолдану.  

Оперативті  дайындық  кезінде  басты  күш  басқарма  органдарына  көңіл  аударылуы 

қажет, себебі олар үшін командалық-штабтық оқу жаттығулар оқытудың басты да маңызды 

түрі болып табылады.  




Оқу,  жаттығуды  жоспарлаған  кезде  басты  назар,  басқарма  органдарын  түрлі 

деңгейдегі  дайындық  қалпына  келтіру  мәселелерінің  жүзеге  асырылуына    аударылады, 

азаматтық  қорғанысты  әскери  уақытта  жұмыс  істеу  кезеңіне  өткізу,  зардап  шеккен 

аймақтардағы  халықты  қорғау  шараларының  дұрыс  болуына,  жүзеге  асуына  назар 

аударылады.  

Командалық-штабты оқу жаттығулары азаматтық қорғаныстың және ТЖМ жетекші 

құрамының дайындығы ең жоғары және тиімді оперативті түрлері болып табылады.  

Масштаб  бойынша  командалық-штабты  дайындықтарды  шекараларда  жүргізілуге 

болады:  

  республикалық, 



  облыстық, 

  қалалық, аудандық, елді-мекендік,  



  объектілік. 

Командалық-штабты дайындықтың азаматтық қорғаныс мәселелері бойынша негізгі 

мақсаттары:  

  азаматтық  қорғаныстың  және  халықты  қорғау  жоспарларының  іске  асатындығын 



тексеру;  

  азаматтық  қорғанысты  әскери  уақыт  жағдайында  жұмыс  істеуге  дайындығын, 



ауыстырылуының ұйымдастырылуын тексеру;  

  әскери  әрекеттер  жасалынып  жатқан  кезде  немесе  табиғи  және  техногенді 



сипаттағы  төтенше  жағдайларда  халықты,  аймақты  қауіптіліктен  қорғау  мақсатында 

жүргізілетін  комплексті  іс-шараларды  жүзеге  асыру  үшін,  жетекшілік  құрамының, 

азаматтық қорғаныс істерін басқаратын органдарының және төтенше жағдайлар бойынша 

дайындығын жетілдіру;  

  бір-біріне  көмектесе  әрекет  жасау  мәселелерін  талқылау  апатты-құтқарушылық 



және қауырт жұмыстарды жан-жақты қамтамасыздандыру. 

Оқуға  тартылып  жатқан  басқару  органдарының  құрамын,  азаматтық  қорғаныс 

күштерінің  құрамын,  тақырыбын  және  нақты  қанша  уақытқа,  мерзімге  созылатынын 

азаматтық қорғаныс жетекшісі немесе оқу жаттығулар жетекшісі анықтайды.  

Командалық-штабты  оқу  жаттығулар  карталарда  және  басқару  жүйесі  күшейтіліп 

жатқан жерлерде жүргізіледі.  

Мұндай  оқу-жаттығуларға  Республикалық  ТЖМ  орталықтарының  шешімімен 

азаматтық  қорғаныстың  әскери  бөлімшелерінің  командирлері  және  осы  бөлімшелердің 

штабтары тартылады, әскери басқармаларының келісімімен – басқа әскери бөлімшелерінің, 

әскери комиссариаттардың және горнизондардың  оперативті топтары тартылады.  

Командалық-штабтық  оқытылу  кезінде  құрастырылған  оперативті  жағдай  негізінде 

экономика объектілерінде комплексті, арнайы тактикалық немесе құрылымдарды тартып 

комплексті  оқу-жаттығулар  жүргізуге  болады.  Кейбір  жағдайларда  қалалық,  аудандық 

біріккен комплексті оқу-жаттығулары жүргізіледі.  

Ереже  бойынша  оқудың  бірінші  этапы  (оқу  жаттығулар  мәселесі)  –  басқарма 

органдарын және бөлімдерді әскери дайындық қалпына келтіру жоспарланған.  

Дайындалушыларға тактикалық тапсырмалар бастапқы жағдаймен таныс болуы үшін 

және  оқу  жаттығуларына  дайын  болуы  үшін  алдын  ала  беріледі.  Кейбір  ерекше 

жағдайларда  тапсырмалар  оқу  басталар  алдында  немесе  оқу  жаттығулар  жүргізілетін 

аймаққа барған соң беріледі.  

Мәселені  және  бұйрықты  білім  алышуларға  жеткізген  соң,  оларға  бір  шешімге 

келгенше және қажетті дайындық іс-шараларын жүзеге асыруға уақыт беріледі.  

Командалық-штабтық оқу жаттығулары кезінде орындалатын барлық тәжірибелік іс-

шаралар  ескеріліп, хронометрленуі  керек,  ал  жинаған тәжірибелерін әсіресе дәлелденген 

есептері зерттеулер мақсатына және азаматтық қорғаныстың жоспарларына түзету енгізуге 

және халықты қорғауда қолданылуы қажет.  




Оқу жаттығуларының жасырын әрекеттері оның жоспарының негізінде, қабылданған 

шешімдерінің  дұрыс  болуының  және  берілген  бұйырықтар  негізінде  жүзеге  асырылады. 

Жағдай туралы көрсеткіштердің күшейтілуі, жаттығушылар оның өзгерістерін елеп, жаңа 

шешім  немесе  алдында  қабылданған  шешімді  нақтылай  түсуге  мәжбүрлейтіндей  етіп 

жүзеге асырылуы керек.  

Жасырын әрекет кезінде оқу жетекшіс, оның орынбасарлары және ара бірістірушілері 

үнемі  басты  сұрақтар  шешіліп  жатқан  жерде  болулары  тиіс  және  бақылап, 

жаттығушылардың әрекеттерін бағалауы қажет. Мұнда ең басты назар барлық қызметтегі 

тұлғалардың жұмыстары бір қалыпқа салынғандығына, жағдайды жылдам анализдеп, тез 

арада шешім қабылдап, қысқаша мәлімет беріп тұруына және жылдам да сауатты қажетті 

құжаттарды реттеп, қол астындағылардың санасына мәселені жеткізу.  

Оқу  жаттығулар  аяқталған  соң,  жалпы  және  жеке  істі  қарастырулар  басталады. 

Басқарма  органдарының,  азаматтық  қорғаныс  күштерінің  бұл  іс-әрекеттерін  жүргізілген 

оқу жаттығулардың нәтижесін ескере отырып, ары қарай жетілдіру мақсатында жаңадан іс-

шараларды ұйымдастыру туралы мәселелер қозғалады. Олар ереже бойынша командалық-

штабтық оқу жаттығуларын жүргізуге бағытталған болуы керек.  

Жаттығулар  кезінде  жаттығушылар  бірлестірілген  жағдайда  аға  жетекшінің 

басшылығымен  зардап  шеккен  жерлердегі  күштердің  іс-әрекетін  жоспарлауды  немесе 

күштерді басқаруды өзіндік орындайды. Бұл кезде олар бірігіп, жағдайдың көрсеткіштерін 

және  бағасын  талқылап  жаттығады,  оперативті  тактикалық  есептеулер  өндірісінде 

ақпараттық құжаттар бойынша және жоспар құрастыру, сонымен қатар қажетті анықтама 

дайындау карта жүргізу, заманауи басқару заттарымен пайдалану, байланыс және жасырып 

басқару бағытында тәжірибе алады.  

Жаттығулар сыныпта немесе аймақта жүргізілуі мүмкін.  

Штабтық жаттығулар дайындығына  мыналар жатады:  

  бастапқы көрсеткіштерді анықтау; жаттығуға қажетті құжаттарды әзірлеу;  



  жаттығудың басшысын, көмекшісін және жаттығушылардың дайындығы;  

  жаттығуды жүргізетін орынды және оқу-материалды қамтамасыздандыру  заттарын 



дайындау.  

Штабты  жаттығуларды  жүргізу  үшін  бастапқы  көрсеткіштер  болып  табылады: 

тақырып,  оқу  мақсаты,  оқу  сұрақтары,  жаттығушылар  құрамы,  жаттығудың  болатын 

уақыты мен мерзімі, жүргізілетін орны.  

  Штабты  жаттығулар  бөлек  немесе  біріктірілген  болуы  мүмкін,  мұнда  басқарма 

органының  барлық  құрамы  (оның  барлық  құрылымдық  бөлімдері,  қызметкерлері) 

қатысады. Бөлек өтілетін жаттығулар кезінде атқарымдық мәселелерді тәжірибелік тұрғыда 

орындалуын қарастырады.  

Төңіректе өткізілетін біріккен штабты жаттығулар ереже бойынша байланыс заттарын 

қолдану арқылы жүргізіледі. Төңіректе жүргізіліп жатқан біріккен штабты жаттығулардың 

басты  оқу  мақсаты  далалық  дағдыны  жетілдіру  басқарма  органдарының  үйлесімділігін 

жетілдіру болып табылады.  

Азаматтық  қорғаныстың  комплексті  оқу  жаттығулары  кезіндегі  негізгі  мәселелер 

болып табылады:  

 

басқарма  органдары  мен  күштерді  және  ұйымдарды  әскери  кезеңіне ауыстыру  – 



түрлі әскери әрекеттер басталуы жағдайында жұмыс атқару;  

 



заманауи заттардан зардап шегуден халықты қорғау іс-шараларын жүргізу;  

 



экономиканың 

және 


халықтың 

өмір 


тіршілігінін 

қамтамасыздандыру 

объектілерінің жұмыс жасап тұруы үшін шаралар дайындап, жүзеге асыру;  

 



зардап  шеккен  жерлерде  апатты-құтқарушылық  және  қауырт  жұмыстарды 

ұйымдастыру және жүзеге асыру;  

 

әскери басқармасының органдарымен өзара қатынасты қамтамасыздандыру.  



Комплексті оқу жаттығуларды қаланың, ауданның, ұйымның өзіндік оқу жаттығу іс-

шаралары  ретінде  жүргізуге  болады,  сонымен  қатар,  жоғары  деңгейдегі  азаматтық 




қорғаныстың командалық-штабтың құрамдас бөлімі ретінде оқу жаттығуларды жүргізуге 

болады.  

Қалыпты жағдайда комплексті оқу жаттығулары командалық-басқарушы құрамының, 

басқару  органдарының,  қорғаныс  күштерінің  және  басқада  бағдарлама  бойынша  оқу 

жаттығуларынан,  тәжірибеден  өткен  жаттығушылардың  дайындығының  қорытынды  іс-

шаралары ретінде жоспарланады.  

Қалалық және аудандық кешенді оқу жаттығулар жүргізгенде оған жетекшілер мен 

органдар  тартылады.  Олар  азаматтық  қорғанысты  эвакооргандарды,  азаматтық  қорғаныс 

топтарына 

енгізілген 

ұйымдарды, 

экономиканың 

басқа 

объектілерін 



және 

инфрақұрылымдарын  басқарады.  Сонымен  қатар  жергілікті  өзіндік  басқару  органының 

жетекшісінің  шешімі  бойынша  оқу  орындарын,  тұрғын  үй-эксплуатациялық  ұйымдарды, 

қалалық күштер тобына тартылған азаматтық қорғаныс күштерін, бақылау желілеріне және 

зертханалық бақылау құрамына кіргізілген ұйымдарды және түрлі категориядағы халықты 

басқарады.  

Ереже  бойынша  оқу  жаттығуларының  жетекшісі  оны  ұйымдастырған  азаматтық 

қорғаныс жетекшісі болуы тиіс. Өзіне көмекке орынбасар мен көмекші тағайындайды, оқу 

жаттығуларының  басқару  штабын  орнатады,  бірлестіруші  аппарат  құрайды,  өзінің 

ойлағаны  бойынша  және  осы  оқу  жаттығуларына  деп  бекітілген  ұйымдастырушылық-

әдістемелік нұсқаулықтарына сәйкес жүруін бақылайды.  

Қатысушылардың  дайындық  деңгейіне,  мақсаттарына,  мәселелеріне,  жоспарланған 

тәжірибелік іс-шараларының көлеміне және азаматтық қорғаныс күштерінің санына қарай 

оқу жаттығуларының мерзімі 2 аптадан бастап 3 айға дейін жалғасуы мүмкін.  

Комплексті  оқу  жаттығулары  барысында  оқу  жаттығуларына  қатысушыларға  тән 

форма мен әдістерді қолданады. Жетекшілік және командалық-басшылық құрамы үшін – 

командалық-штабтық жаттығулар, азаматтық қорғаныс күштері үшін – арнайы-тактикалық 

жаттығулар,  ал  басқаларына  –  жағдайға  қарай  пайда  болған  мәселелерді  шешудегі 

тәжірибелік сабақтар мен жаттығулар болып табылады.  



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет