Семинарлар 1-семинар: Білім беру мақсатын сипаттау


-семинар: Әрбір оқушының тұлғалық өсуін зерделеудің негізгі қағидалары



бет19/46
Дата25.07.2023
өлшемі0,85 Mb.
#104786
түріСеминар
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   46
Байланысты:
Тұлғаның дамуына арналған білім беру .Семинар

11-семинар: Әрбір оқушының тұлғалық өсуін зерделеудің негізгі қағидалары
Бастауыш білім берудің мақсаты негізгі және пәндік құзыреттіліктерді кіріктіру жолымен, сондай-ақ білім берудің базалық мазмұнында белгіленген білім беру салалары бойынша күтілетін нәтижелерді анықтау үшін негіз болып табылады. Негізгі құзыреттіліктер: ақпараттық құзыреттілік; коммуникативтік құзыреттілік; проблемалардың шешімін табу құзыреттілігіі.
Негізгі құзыреттіліктер пәнаралық сипатта қабілет ретінде қалыптасады және оқу пәндері арқылы әрбір білім беру салаларындағы орнына сәйкес дамиды.
Проблемалардың шешімін табу құзыреттілігіі (өзіндік менеджмент) – проблеманы сәйкестендіру; әрекетті жоспарлау және мақсат қою; технологияларды қолдану; ресурстарды жоспарлау; құзыреттілікті бағалау; қызмет өнімінің нәтижесін бағалау; өзіндік қозғалысын бағалау арқылы қалыптасады.
Коммуникативтік құзыреттіліктің қалыптасу жолдары: жазбаша қатынас; көпшілік алдында сөз сөйлеу; диалог; өнімді топтық қатынас.
Ақпараттық құзыреттілік- ақпараттық ізденісті жоспарлау; алғашқы ақпаратты бөліп алу; қайта алынған ақпаратты бөліп алу; ақпаратты алғашқы өңдеу; ақпаратты өңдеу кезінде логикалық операцияларды пайдалану барысында қалыптасады.
Пәндік құзыреттіліктер білім беру салаларының мәні мен орнын анықтайтын мақсат болып табылады және пәнаралық сипаттағы күтілетін нәтижелерді қарастырады; оқу пәндерінің мақсаттары мен міндеттерін айқындауға бағдар береді.
Пәндік құзыреттіліктер білім алушылардың кең ауқымды әрекеттерін қамти келе, олардың келесідей қабілеттерін сипаттайды:

- кең ауқымды мағынада математикалық сауаттылыққа ие болу сонымен қатар жаңа ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдана білуі;
- адамның табиғаттағы ролі мен орны тұрғысынан әлемнің ғылыми сипатын түсінуі;
- өз халқының өткен тарихын білу, отбасында, қоғамдастықта және басқа адамдармен қарым-қатынаста жалпыадамзаттық және әлеуметтік мәдени құндылықтарға өз көзқарасын білдіре білуі;
- қазақ халқының мәдениетін, Қазақстан халықтарының және әлемнің мәдени көптүрлілігін түсіну және бағалауы;
- өзінің бәсекелестік қабілетін арттыру үшін өзін-өзі билеуге және кәсіби өсуге ынталы болуы;
- өзінің дене күш қуатын, ақыл-ой қабілетін және жалпы өмірлік әрекетін жоғары деңгейде ұстап тұру үшін салауатты өмір салтын сақтауы жатады [2].




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет