Семинарлар 1-семинар. Зерттеуші және психология мен педагогикадағы зерттеу әрекеті


-семинар. Психологиялық-педагогикалық зерттеудегі аналогия және модельдеу әдістері



бет61/103
Дата14.03.2023
өлшемі0,81 Mb.
#74341
түріСеминар
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   103
7-семинар. Психологиялық-педагогикалық зерттеудегі аналогия және модельдеу әдістері.

Модельдеу және аналогия. Педагогикалық зерттеудің үлгілеу әдісі. Модельдеу әдiсi танымның көpiнiсi мен танымның объектiсiн саналы талдаудың кеңiнен танылған түpi болып табылады. Өзiнiң мәнi жағынан модельдеу абстpакциялау және дәpiптеушiлiк деген математикалық ұғымдаpдың негiзiнде шыққан, өйткенi математикалық ұғымда абстpакциялау деген заттың бip немесе бipнеше қасиеттеpiн ойша бөлумен түсiндipiледi.


Педагогикалық зерттеудің теориялық әдістері. Теориялық сипаттағы әдістер нақты педагогикалық үдерістердің талдауынан шығады да, олардың даму көздерінің нәтижелі жұмыс жасауын қамтамасыз ететін себептерді анықтайды. Оларға, ең алдымен, үлгілеу, идеалды объектілерді құру жатады. Мұның алдындағы бөлімде теориялық және нормативті модельдер педагогикалық зерттеудің логикасына сай айтылып кеткен. Үлгілеу әдісінің ерекше маңыздылығының нәтижесінде, нақты немесе көмескі – түрде ол кез келген зерттеуде қолданылады, біз оған толық тоқталамыз. Үлгілеу – арнайы зерделеу үшін жасалған басқа объектіде белгілі бір объектінің сипаттамасын елестету, объектінің екіншісі біріншісінің моделі деп аталады. Жалпы түрде алғанда үлгі зерттеу объектісінің кейбір жақтарын, байланыстарын, қызметін көрсететін элементтер жүйесі болып табылады. Модельдеу негізінде белгілі бір (бірақ ұқсастық емес) зерттелуші объекті (түпнұсқамен) және оның үлгісі арасындағы сәйкестік жатады. Идеалдық үлгі ғылым қанша өмір сүрсе, сонша уақыт таным құралы нәтижесінде қалыптаса отырып, ғылыми таным үдерісімен бірге үлгі танылады. Біздің үлгілеріміз заттық үлгілерге жатады (немесе заттық, физикалық) бірақ ойдағы үлгілер тағы бар, оларды идеалды деп атайды. Бұл атауларда оларды құрастыратын тәсіл көрініс тапқан. Идеалды модель ертеден келе жатқан ғылым сияқты шын мәнінде таным құралы. Теориялық елестету нысанның түпнұсқасымен салыстырғанда ол үлгі ретінде болады. Сонымен, модельдеу педагогикалық зерттеулердің барлық кезеңдерінде, танымның жалпы әдісі болып есептеледі. Зерттеу әдістерінің тізімі және оларды таңдау алынатын нәтижеге ғылымилық сипат беру үшін емес, сол зерттеулердің тақырыбы мен міндеттерінің, логикалық және объективті қажеттілігінің сипатына қарай жүргізіледі. Әдістерді дұрыс таңдау үшін әдістің жалпы және жеке мүмкіндіктерін, оның зеттеу тәсілдері жүйесіндегі орнын, зерделейтін материалдың ерекшелігі мен педагогикалық болмыстың зерделеу деңгейіне байланысты қарастыру керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет