Семинарлық сабақ тапсырмасы: Ғылымдағы әдіс мәселесі. Ғылым және техника



Дата10.04.2023
өлшемі19,46 Kb.
#81188
түріСеминар
Байланысты:
6 апта


Білім, ғылым, техника және технологиялар.
Семинарлық сабақ тапсырмасы:

  1. Ғылымдағы әдіс мәселесі. Ғылым және техника.

  2. Ғылымдардың классификациясы: Аристотель, әл- Фараби, Ф.Бэкон, Г.Гегель, О.Конт. Шоқан Уәлихановтың ғылым философиясы.

  3. Ыбырай Алтынсариннің білім философиясы. «Білімді адам» моделі.

  4. Қазақстанның үшінші жаңаруындағы цифрлық технология.



СОӨЖ тапсырмасы:

  1. Ғылым және техника.

  2. Ғылым этикасы.

  3. Сциентизм мен антисциентизм.


Тест сұрақтары:
Идеалды мемлекет туралы ілімді қалыптастырған «Мемлекет» атты философиялық-саяси шығарманың авторы:
A)Платон;
B)Сократ;
C)К.Маркс;
D)Эпикур;
E)Конфуций.

Платон философиясындағы жоғары идея («Барлық идеялардың идеясы»


A)ізгілік идеясы
B)даналық идеясы
C)махаббат идеясы
D)билік идеясы
E)әділеттілік идеясы

«Платон менің досым, ақиқат бірақ қымбатырақ» деген грек ойшылы:


A)Аристотель;
B)Эпикур;
C)Горгий;
D)Цицерон;
E)Теофраст.

«Бірінші философия» (метафизиканы) Аристотель қандай ғылым ретінде анықтайды:


A)болмыстың алғашқы себептері мен бастамалары туралы
B)саясаттану ғылымы
C)табиғаттану ғылымы
D)ізгілік туралы
E)адам туралы

Аристотель бойынша, субстанцияның екі жағы:


A)форма мен материя
B)құрылым және элемент
C) себеп және салдар
D)болмыс пен болмыс-емес
E)форма және мазмұн

Табиғаттың мақсаттылығы мен заттардың өзгермелілігін мойындау кімнің философиясына тән?


A)Аристотельдің;
B)Гераклиттің
C)Платонның;
D)Горгийдің;
E)Демокриттің.

Аристотельдің философиясын жалғастырушылар:


A)перипатетиктер;
B)скептиктер;
C)картезиандықтар;
D)реалистер;
E)иррационалистер.
Өзі өмір сүрген қоғамдағы барлық нормалар мен құндылықтарды, қоғам институттарын теріске шығарушы философиялық мектеп:
A)киниктер;
B)стоиктер;
C)скептиктер;
D)неоплатониктер;
E)неопифагорейшілер;

Стоиктер үндеген «табиғи өмір» – үйлесімді болуы керек:


A)зердемен
B)өмір үшін күрес заңымен
C)өзінің физиологиялық сұраныстарымен
D)жалпы қабылданған құндылықтармен және нормалармен
E)өлшемдік сезіммен

Сенеканың айтуынша, барлық стоиктерге тән ереже:


A)«Өзді-өзіңізге шамшырақ болыңыз»
B)«Заттар табиғатымен есептесіп өмір сүр»
C)«Көзге түспей өмір сүр»
D)«Өзіңді-өзің танып біл»
E)«Құдайды сүй, сонда ойыңа не келсе соны істейсің»

Плотин философиясы бойынша, дүние ненің нәтижесінде пайда болады?


A)Бірегейдің эманациясында
B)Ештеңе еместен Құдайдың жаратуы нәтижесінде
C)Атомдардың бостықта қосылуының нәтижесінде
D)Идеялардың материяға әсері нәтижесінде
E)Материяның өзді-өзіндік формалылануынан.

Антикалық дәуірдегі гректердің, сондай-ақ Батыстың тұңғыш философы:


A)Фалес
B)Платон
C)Пифагор
D)Демокрит
E)Аристотель

Теология - ол:


A)Құдай туралы ілім
B)Таным туралы ілім
C)Дін туралы ілім
D)Адам туралы ілім
E)Табиғат туралы ілім

«Философия – теологияның қызметшісіне (күңіне) айналды»:


A)Ортағасырлық кезеңде
B)Қайта Өрлеу кезеңінде
C)Жаңа заманда
D)Ағартушылық дәуірінде
E)Антикалық дәуірде

Антисциентизм – бұл:


A)ғылым мен техниканың антигуманистік мәні туралы философиялық тұғырнама
B)ғылыми-техникалық прогрестің болашағына сенім
C)ғылыми-техникалық прогрестің алдыңғы шеті ретінде космонавтиканы дамытудың басымдылығын ұйғару
D)адам денсаулығы үшін басы артық білімдердің зияндылығы туралы ұйғарым
E)ырымшылдыққа қарсы күрес

Қазіргі заманғы ғылым бойынша саналы адамның пайда болған уақыты:


A)35-40 мың жыл бұрын
B)5 млн. жыл бұрын
C)2,5 млн. жыл бұрын
D)1 млн.жыл бұрын
E)б.д.д. 10-8 мың жылдықтар

Ғылыми танымның негізгі деңгейлері:


A)эмпириялық және теориялық
B)нақты-ғылыми және философиялық
C)жаратылыстанулық және әлеуметтік-гуманитарлық
D)тарихи және логикалық
E)парағылыми және квазиғылыми

Ғылымның тұтас феномен, шындықты жүйелі түрде зерттеу саласы ретінде қалыптасқан уақыты:


A)XVІІ ғ.
B)XІІІ ғ.
C)XV ғ.
D)б.д.д. VІ ғ.
E)XX ғ.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет