Үсенбекова А. Е кестелі биология



бет21/55
Дата05.05.2023
өлшемі212,97 Kb.
#90082
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   55
Шырынды жемістер

Шырынды жемістер шырыны көп әрі жұмсақ болады. Оның түрлері:
жидек, жидек тәрізді, сүйекті шырынды.
1.Жидек жемістің қабығы жұқа, көп шырыны және тұқымы да көп болады. Мысалы, қызан, қарлыған, алқа, жүзім, картоп, баклажан жемістері.
2.Жидек тәрізді жемістер – көп ұялы, көп тұқымды болады. Мысалы, апельсин, мандарин, лимон, олар гесперидий (померанец) тобына жатады.
3.Асқабақ жемістер де жидек тәрізді топқа жатады.Мысалы, қияр, қауын, асқабақ, қарбыз.
4.Алма жеміс - 5 ұялы жатыннан дамиды, әр ұяда 2 –ден тұқым болады. Алма жемістің дамуына жатын, гүлтабан, тостағанша, күлте түбі, аталықтың төменгі бөлігі қатысады. Мысалы, алма, алмұрт, беже,т.б.
5.Сүйекті шырынды жемісшие, алхоры, өрік, шабдалы. Олардың құрғақ түрі де бар – кокос пальмасы, бадам, грек жаңғағы.

Құрғақ жеміс

Құрғақ жемістердің қабығы қатты, сүректенген, құрғақ болады. Түрлері: бұршаққап, бұршаққын, қауашақ, қанатты жеміс, дәнек, тұқымша, жаңғақ, жинақталған жеміс.
1.Бұршаққап – бір ұялы, тұқымы 1не 1-неше. Піскенде екі жағынан қақырап, тұқымы шашылады. Мысалы, беде, асбұршақ,т.б. 2.Бұршаққынқос ұялы, тұқымдары бекитін жұқа пердесі бар. Піскенде қос жақтауы төменгі жағынан бастап қақырайды. Мысалы, қырыққабат, шомыр, шалқан,т.б.
3.Қауашақ – 1, 3, 5 және көп ұялы, көп тұқымды. Қақырауы түрліше, меңдуанада қауашағының қақпағы ашылады. Қауашағы ұзынынан қақырайтындарға сасық меңдуана, сүттіген, шегіргүл, қызғалдақ жатады.
4.Қанатты жеміс - жеміс серігінің аз бөлігі қанатқа айналған. Мысалы, шаған, қайың, үйеңкі, шегіршін.
5.Дәнек - 1 тұқымды, тұқымы жеміс серігімен бірігіп кеткен – бидай, арпа, жүгері, күріш, тары,т.б.
6.Тұқымша - жеміс серігі тұқыммен бірікпеген, кейбірінде үлпек айдарша болады. Мысалы, кекіре, бақ-бақ, таусағыз, күнбағыс, қалуен, өгейшөп, түймедақ, т.б.
7.Жаңғақ – жеміс серігі ағаштанған, тұқымы бос жатады – емен жаңғақ, жаңғақша, т.б.
8.Жинақталған жеміс – бір - бірімен бірікпеген күрделі көп аналықтардан түзілген. Мысалы, құлпынай, итмұрын жемістері. 9.Сүйекті жинақталған жеміс - таңқурай, бүлдірген.
10.Көпжаңғақшалы жеміс - құлпынай мен итмұрын.
11.Көп сүйекті жинақталған жеміс - таңқурай мен бүлдірген.
12.Біріккен жемісананас, тұт, інжір.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет