Үсенбекова А. Е кестелі биология



бет24/55
Дата05.05.2023
өлшемі212,97 Kb.
#90082
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   55
Өсімдіктің тыныс алуы



Өсімдіктің тыныс алуы



Тынысалу – оттегінің сіңіріліп, көмір қышқыл газының бөлініп, сонымен қатар оттегіні пайдаланып органикалық қосылыстардың тотығу процесі.

Тынысалу кезіндегі өзгерістер

Өсімдік тыныс алғанда органикалық заттардың біраз бөлігі жоғалады, салмағы кемиді. Бөлінген энергия өсу мен дамуына қажет. Тұқым өнгенде құрғақ затының 3-10% кемиді, энергия жылу ретінде бөлінеді.

Тынысалу процесіне әр түрлі жағдайлар әсері

1.Судың әсері – құрғақ тұқым (10-12% су) баяу тыныс алады. Егер су мөлшері 33% жетсе 2 г СО2 бөледі. Қоймада ылғалдылық 12-14% аспауы керек.
2.Температураның әсері - температура жоғарыласа тынысалу жиілейді. -20-25ОС аязда да тыныс алу тоқтамай, баяулайды. Тыныс алу +50ОС тоқтайды, себебі жасушадағы нәруыз ұйып қалады.
3.Жарықтың әсері – жарық жеткілікті кезде тынысалу жылдамдайды және фотосинтез де жүріп жатады. Қараңғыда көмірсулардың жетіспеуінен тынысалу төмендейді.
4.Улы заттардың әсері – атмосферада улы заттар көбейгенде тынысалу бәсеңдейді.



Фотосинтез және тынысалу



Фотосинтез

Тынысалу

1.Көмірқышқыл газы мен суды пайдаланады.
2.Нәтижесінде судың ыдырауынан оттегі бос күйінде бөлінеді және органикалық зат түзіледі.
3.Жарық энергиясы сіңіріледі.
4.Тек жасыл өсімдіктердің хлоропласттарында жүреді.
5.Тек жарықта ғана жүреді.
6.Өсімдік салмағы артады.

1.Органикалық зат пен оттегіні пайдаланады.
2.Органикалық зат ыдырап, көмірқышқыл газы мен су түзіледі.
3.Органикалық заттың энергиясы босап шығады.
4.Барлық тірі жасушаларда жүреді.
5.Күндіз де, түнде де ұдайы жүреді.
6.Өсімдік салмағы кемиді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет