Үсенбекова А. Е кестелі биология



бет6/55
Дата05.05.2023
өлшемі212,97 Kb.
#90082
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55
Байланысты:
treatise169248

Өсімдік ұлпалары

Ұлпа – шығу тегі, қызметі ұқсас жасушалар тобы. Өсімдіктерде ұлпаның 6 түрі болады – түзуші, негізгі(қор жинауша, су жинаушы, фотосинтездеуші, ауа жинаушы) жабын, тірек, өткізгіш, бөліп шығаруша ұлпалар.





Түзуші ұлпа(меристема)

Алғаш түзілетін ұлпа. Сабақ пен тамыр ұшында болады. Жасушалары, вакуолі ұсақ, ядросы ортасында орналасқан, қабықшасы жұқа, ұдайы бөлінеді. Басқа ұлпалар осы түзуші ұлпадан түзіледі.



Жабын ұлпа

Мүшелер сыртын қаптайды. Өң, тоз, қыртыс болып бөлінеді.
Өң жасушалары тірі, тығыз. Өң өсінділерінен түктер түзіледі.
Тоз өң орнын біртіндеп басады және біртіндеп өлі жасушаға айналады. Тоз суды, улы газды, жылуды, дыбысты ішке өткізбейтін, шірімейтін қабат.
Қыртыс жасушалары өлі, микробтардан, күн сәулесінің күйдіруінен, температураның күрт ауысуынан қорғайды. Ең соңынан түзілетін қабат.



Негізгі ұлпа

Жасушалары тірі, пішіні домалақ, эллипс, цилиндр тәрізді. Түрлері – фотосинтездеуші, қор жинаушы, су жинаушы, ауа жинаушы. Қызметі:
Фотосинтездеуші ұлпа жасушаларында хлоропласттар көп, фотосинтез жүргізіп, органикалық зат түзеді.
Су жинаушы ұлпа жасушалары ірі, қабығы қалың, вакуольінде желімтек заттар ылғалды сақтап тұрады. Мысалы, кактус, бозкілем, семізот, алое, агава.
Ауа жинаушы ұлпа жасушалары арасындағы кеңістіктер ауаға толы Су, батпақ өсімдіктерінде кездеседі.
Қор жинаушы ұлпа пиязшықта, сабақта, жемтамырда, жапырақта, тамырсабақта кездеседі. Май, нәруыз, көмірсудың артық мөлшері қорға жиналады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет