Оның 3 түрі бар: 1.Кезектесе орналасу – қарабидай, қайың, күнбағыста.
2.Қарама –қарсы орналасу - жалбыз, үйеңкі, гүлшетен, қалампырда.
3.Топтана орналасу – қарғакөз, талгүл, сарыағаш, қызылбояуда.
Жапырақтың жүйкеленуі
Жүйкелену - өткізгіш шоқтардың жапырақ тақтасына орналасуы. Оның түрлері:
1.Қауырсын тәрізді торлы жүйкелену – негізгі орталық жүйкенің жан-жағынан торлап жататын жанама жүйкелер теңдей таралады. Мысалы - тал, терек, алма, алмұрт, т.б. 2.Саусақ салалы жүйкелену – орталық жүйке бір жерден басталады да жапырақ жиегіне дейін саусақ тәрізді салаланып тұрады. Мысалы - үйеңкі, үпілмәлік, бегония, т.б. 3.Қатар жүйкелену - жүйкелер жапырақ ұшына дейін қатарласа созылады. Мысалы - бидай, жүгері, қамыс, т.б. 4.Доға жүйкелену – жапырақ тақтасының түбінен қатарласа шыққан жүйкелер жапырақ үшына жеткенде доға тәрізді бір-бірімен түйіседі. Мысалы - жолжелкен, інжугүл, т.б.
Жапырақтың ішкі құрылысы
Жапырақтың сыртын мөлдір, түссіз тірі жасушалы өң қаптайды. Ол күн сәулесін өткізіп, қорғаныштық қызмет атқарады. Көбінесе астыңғы өңде жанаспалы жасушалар орналасқан.
Жанаспалы жасушалар – ортасында саңылауы бар, органикалық зат түзетін бүйрек тәрізді 2 жасуша. Саңылау арқылы ауа енеді, сыртқа су буы, О2, СО2 шығарылады.
Жанаспалы жасуша ашық не жабық болады: 1)Күндіз, фотосинтез кезінде қант түзіліп, қысым артқанда ашық болады. 2) Түнде, фотосинтез тоқтап, қысым төмендеп, қант азайғанда жабық болады. 3)Күндіз, күн ыстық, желді болса жабық болады. 4)Күзде күндіз де, түнде де жабық болады. Жапырақтың ортаңғы жұмсақ бөлімінің жасушалары бағаналы және борпылдақ ұлпаны құрап 2-ге бөлінеді. Жасушалары ұзын – ұзын бағаналы ұлпа үстіңгі өң астында, ал оның астын астарлай жасушалары домалақ борпылдақ ұлпа орналасқан. Екеуі бірігіп – фотосинтездеуші ұлпа деп аталады. Жүйкелер де осы қабатта жатыр. Жарық сүйгіш өсімдіктердің бағаналы ұлпасы жақсы жетілген 2 -3 қатар болады.