Үсенбекова А. Е кестелі биология



бет17/55
Дата05.05.2023
өлшемі212,97 Kb.
#90082
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   55
Байланысты:
treatise169248

Гүл, гүлдің құрылысы

Гүл - тек жабық тұқымды өсімдіктерде ғана түзілген мүше. Гүлдер бір-бірінен мөлшері, пішіні, құрылысы мен түсі бойынша айырмашылығы болады.





Гүл

Гүл – түрі өзгерген, бұтақтанбайтын, жыныс мүшелері бар, қысқарған өркен. Одан жеміс пен тұқым дамиды. Жабық тұқымды өсімдіктердің көбею мүшесі.

Гүлді өсімдіктердің түр саны

250 000 – дай түр



Гүлдің пайда болған кезеңі

Мезозой заманында пайда болып, бор кезеңінде қарқынды дамыды.

Гүлдің бөлімдері

Гүлсағақ, гүл табан, тостағанша жапырақша, күлте жапырақша, аталық және аналық.

Гүлсағақ

Гүлдің сабаққа бекінетін жіңішкерген жері.(Сағағы жоқ гүлді ортырмалы гүл дейді, мысалы, беде, қашқаргүл, астара).

Гүлтабан

Гүлдің барлық бөлімдері бекінетін гүл сағағының жоғарғы жағындағы кеңейген жері.

Тостағанша жапырақшы

Гүл сыртындағы біріккен немесе бірікпеген жапырақшалар. Атқаратын қызметіне байланысты өзгеріске ұшырайды.

Күлте жапырақша

Тостағанша жапырақшалардан кейін орналасады. Күлте түбінде тәтті шірнеліктер орналасқан.
Күлтелері біріккен – қоңыраугүл, інжугүл. Күлтелері жеке қызғалдақ, көкнәр, итмұрын.

Аталық

Аталық - гүлдің көбеюге қатысатын мүшесі, ол тозаңқаптан, аталық жіпшеден тұрады.
Тозаңқап екі бөлікті, әр бөлікте 2-ден ұясы бар.
Тозаң - сыртқы және ішкі қабықшалы жасуша. Сыртқы қабықшада тозаң түтігінің өнуіне қажет тесіктер болады.

Аналық

Аналық жеміс түзуге қатысады, ол гүлдің дәл ортасында орналасқан. Аналық ауыз, мойын, жатыннан тұрады. Аналық ауыздың пішіні түрліше және жабысқақ сұйықтық бөледі. Аналық мойын неғұрлым ұзын болса, соғұрлым оңай тозаңданады. (Көкнәр мен қызғалдақта аналық мойын болмайды).
Жатын (аналық түйін) - бір не көп ұялы, ішінде бір не мыңдаған тұқым бүршігі болады. Жатын қабырғасы екі қабатты қабық. Жатын ішіндегі тұқымбүршіктің ұрық қалтасында жұмыртқажасуша орналасқан.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет