Үсенбекова А. Е кестелі биология



бет8/55
Дата05.05.2023
өлшемі212,97 Kb.
#90082
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   55
Байланысты:
treatise169248

Дара жарнақты тұқым

Тұқымында 1 тұқым жарнағы бар.Қабығы тез сылынбайды, қоректік зат эндоспермде жиналады (мысалы, бидай дәнегінде). Мысалы, күріш, арпа, бидай, қарабидай, пияз, інжугүл, т.б.

Қос жарнақты тұқым

Тұқымында 2 тұқым жарнағы бар. Қоректік зат жарнаққа жиналады. Қабығы оңай аршылады. Мысалы, асқабақ, қауын, күнбағыс, асбұршақ, қияр, үрмебұршақ, жұмыршақ, қоғажай, т.б.



Тұқымның өнуі

Тұқымның өнуі деп ұрықтан өскіннің дамуын айтады. Тұқым өнгенде құрғақ затынан 3-10% кемиді және жылу ретінде энергия бөледі.Қос жарнақты тұқым өнгенде ұрық тамыршасынан алдымен негізгі тамыр өседі.
Дара жарнақты өскінде алдымен қосалқы тамыр өседі.
Кебу тұқым өну үшін су, жылу, ауа қажет.
1.Су қоректік заттарының жұмсарып, сұйылуына қажет. Судың тұқымға сіңірілуі қабығының қалыңдығына байланысты. Майлы өсімдік тұқымы 30 – 40%, крахмалы көп өсімдік тұқымы 50 - 70% су сіңіреді. Өнген тұқым қарқынды тыныс алады. Егер тұқымды суда ұзақ қалдырса бөртеді, бірақ ауа жетпегендіктен шіріп кетеді. Кейбір батпақ өсімдігі, күріш тұқымы керісінше су астында өнуге бейім, олар суда еріген оттегіні пайдалануға бейім. Қайнаған суда тұқым өне алмайды, себебі ол судың еріген оттегісі жоқ.
2.Жылу. Тұқымға жылу жеткілікті болса жақсы өнеді. Әр өсімдік тұқымына белгілі бір температура қажет. Мысалы:
+1 – +50С бидай, сұлы, беде, зығыр, қарабидай, асбұршақ, жоңышқа үшін ең төменгі температура.
+100С жүгері, күнбағыс үшін тиімді температура.
+150С қауын, қияр, асқабақ, темекі, мақта, күріш үшін қажет температура.
3.Ауа өне бастаған тұқымның қарқынды тыныс алуына қажет.
Өне бастаған тұқымды топыраққа егіп отырғызған соң, ол ары қарай өсіп өсімдік дами бастайды:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет