Микроскоптың ұлғайту қабілетін анықтау
|
Микроскоптың затты неше есе үлкейтетінін білу үшін окуляр мен объективте жазылған сандарды көбейту қажет.
|
Өсімдік жасушасының құрылысы
Жасуша – өсімдіктің құрылымдық бірлігі. Жеке жасушада жасуша қабықшасы, цитоплазмасы, ядросы, үш түрлі пластиді және вакуолі болады. Жасушаны цитология (гр.«kytos» - жасуша, «logos» - ғылым) ғылымы зерттейді.
Жасушаның ашылу тарихы
|
1.Жасушаны зерттеу тарихы 300 жылға созылды.
2. 1590-1610 жж оптика шеберлері голландиялық Янсендер жарық микроскобын ойлап топты.
3.1665 ж. Р.Гук тозды ұлпаның жұқа кесіндісін өзі жасаған микроскоппен қарап, көрген ұяшықтарын , гр. «kitos» - қуыс деп яғни «жасуша» деп атады.
|
Жасуша қабықшасы(мембрана)
|
Қабықша целлюлозадан тұрады, тығыз, қалың болады және ыстық суда, басқа қосылыстарда ерімейді, жасушаны қорғайды. Оның жұқарған жері саңылау деп аталады. Саңылау арқылы газ, су, зат тасымалданады.
|
Цитоплазма
|
Мөлдір, желім тәрізді, созылмалы қоймалжың тірі зат. Ол үздіксіз қозғалыста болады.
Құрамы: су-60-90%, нәруыз-10-20%, көмірсу –2-4%, май- 2-3%, бейорганикалық зат – 1%.
|
Ядро
|
Тығыз, 2 қабатты, көп саңылаулы қабықшасы бар дене. Ол көбеюге қатысады.
|
Пластидтер
|
3 түрі бар:
1.Хлоропласт – жасыл түсті
2.Хромопласт – қызыл, сары түсті
3.Лейкопласт - түссіз
|
Хлоропласт
|
Жасыл түс беретін хлорофилл болады. Хлорофилл органикалық зат түзуге қатысады. Ол өсімдіктің вегетативті мүшелерінде кездеседі.
|
Хромопласт
|
Қызыл, сары түс береді, піскен жемісте, күлтелерде, күзгі жапырақтарда болады.
|
Лейкопласт
|
Түссіз денешіктер, өсімдік тұқымында, тамырында, түйнектерінде кездеседі. Қор жинауға қатысады.
|
Вакуоль
|
Қабықшасы бар, іші шырынға толы денешік. Шырында витаминдер, тұздар, органикалық қышқылдар болады. Қызметі:
1.Жасуша ішіндегі сұйықтық қысымын реттейді.
2.Сулы ортаны қалыптастырады.
3.Улы заттарды ыдыратады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |