Өліп біткен тірі ағзалардың қазба қалдықтарын зерттейді
Зоология ғылымының салалары
Протозоология
Қарапайым ағзаларды зерттейтін ғылым
Гельминтология
Паразит құрттарды зерттейтін ғылым
Арахнология
Өрмекшілерді зерттейді
Акарология
Кенелерді зерттейтін ғылым
Мирмекология
Құмырысқаларды зерттейтін ғылым
Лепидонтерология
Көбелектерді зерттейтін ғылым
Энтомология
Бунақденелілер туралы ғылым
Ихтиология
Балықтар туралы ғылым
Герпетология
Қосмекенділер мен жорғалаушыларда зерттейтін ғылым
Орнитология
Құстарды зерттейтін ғылым
Териология
Сүтқоректілер туралы ғылым
Палеозология
Қазынды жануарларды зерттейді
І БӨЛІМ Жануарларды жіктеу
Жүйелеу – ғаламшарда юойылып кеткен және қазіргі кезде кездесетін барлық жануарларды белгілі тәртіпке сәйкестендіріп, ретке келтіру. Жануарларды ерекшеліктері бойынша топтастыруды жіктеу деп аталады.
Жануарларды жүйелеудің негізін қалаушы швед ғалымы К.Линней. Ол латын тілінде қосарлы атаутізім ұсынды, яғни түрге 2 атау берді.
1.Саркодиналар немесе тамыраяқтылар (амебалар) тип тармағы,
2.Талшықтылар (жасыл эвглена) тип тармағы,
3.Инфузориялар немесе кірпікшелілер тип тармағы (кірпікшелі кебісше).
Саркодиналар немесе тамыраяқтылар (жалғанаяқтылар) класы Кәдімгі амеба
Тіршілік ортасы
су
Дене құрылысы
Пішіні тұрақсыз, бір жасушалы. Тұрқы 0,5 мм.
Жасуша құрылысы
Мембрана (плазмолемма), цитоплазма, ядро.
Ерекшелігі
Қолайсыз жағдайда циста (грекше «кистис» - қаптама) түзеді.
Тыныс алуы
Суда еріген оттегіні бүкіл денесімен сіңіреді.
Зәр шығаруы
Жиырылғыш вакуоль арқылы, денесінің кез келген жерінен шығарылады
Қоректенуі
Бактериялар және ұсақ балдырлар. Қорегін жалғанаяқтарымен қоршайды, вакуоль пайда болып, қорегін ерітіп, денесіне сіңіреді.
Көбеюі
Жыныссыз, екіге бөліну арқылы
Талшықтылар класы
Жер шарындағы түр саны
7 000-нан аса түр
Тіршілік ортасы
Теңіз, тұщы су, кейбірі паразит.
Дене құрылысы
Денесін пелликула қаптайтындықтан пішіні тұрақты, сопақша, цилиндр тәрізді. Бір жасушалы, 1 немесе көп талшықтары болады.
Қозғалу мүшесі
Талшық, денесінің алдыңғы жағында орналасқан.
Қорегі
Ыдыраған, шіріген өсімдік пен жануар қалдықтары, кейбірі паразит.
Көбеюі
Жыныссыз, екіге бөліну арқылы.
Өкілдері
1.Өсімдіктекті талшықтылар – хламидомонада, эвглена, домаланғы, т.б.
2.Түншырақ, лямблия, трипонасома, бодо, лейшмания, опалина, талшықты амеба, т.б.
Жасыл эвглена
Жер шарындағы түр саны
900-ге жуық түрі бар
Тіршілік ортасы
Тұщы су қоймалары
Дене құрылысы
Тұрқы – 0,05 мм, бір жасушалы. Пішіні сүйір жапырақ тәрізді.
Денесінің алды доғал, артқы жағы сүйір. Қабықшасы тығыз, дене пішінін сақтайды, цитоплазма, ядро, қызыл көзше, хлоропласттары және қозғалыс жасайтын 1 талшығы бар.
Қоректенуі
1.Жарықта: 20 – дан аса хлоропласттары бар, жарықта фотосинтез жүргізеді. 2. 2.Қараңғыда судағы шіріген қалдықтан түзілген органикалық заттарды денесімен сіңіреді.
Тыныс алуы
Суда еріген оттегіні бүкіл денесімен сіңіреді.
Зәр шығаруы
Зиянды заттары денесінің алдыңғы жағындағы жиырылғыш вакуолі арқылы шығарылады.
Сезім мүшесі
Қызыл көзшесі арқылы жарықты сезеді. Ол талшығының түбінде орналасқан.
Көбеюі
Ұзынынан тік екіге бөліну арқылы көбейеді.
Қолайсыз жағдайда
Циста түзеді
Талшықтылардың көптүрлілігі
1.Лейшмания
Тұрқы 2-4 мкм. Адам мен жануарда тері ауруын тудыратын паразит.