Үсенбекова А. Е кестелі биология



бет30/41
Дата03.05.2023
өлшемі222,29 Kb.
#89294
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   41
Байланысты:
bio

Тіршілік ортасы

Аустралия, Оңтүстік Америка, Тасмания

Пайда болған

140 млн жыл бұрын.

Өкілдері

Кенгуру, қалталы қасқыр.

Қысқаша сипаттама

1.Алып кенгуру. Тұрқы 1 м 60 см. Салмағы 90 кг. Қағанағы және клоакасы жоқ. Жаңа туған баласының тұрқы 25 мм, салмағы 5,5 г. Баласын ауызы алдына қараған қалтасында 6-8 ай сақтап, сүтімен асырайды.
Қорегі: өсімдіктер.
2.Қалталы қасқыр. Тұрқы 1 м 30 см шамасында. Құйрығы 50-65 см. Жыртқыш, азу тісі және ит тісі жақсы жетілген. Қағанағы және клоакасы жоқ. Қалтасының ауызы артына қараған, ішінде 4 емшегі болады. Аналығы 2-4 бөлтірік туып, 3 ай қалтасында сақтайды. Одан соң 9 ай анасының маңынан ұзамайды.

ҚАҒАНАҚТЫ СҮТҚОРЕКТІЛЕР



Жер шарындағы түр саны

4 000 –ға жуық түр

Тіршілік ортасы

Құрлық, теңіз, мұхит.

Отряд саны

19

Ерекшелігі

Қағанағы бар, мінез – құлығы күрделі, баласы ширақ туылады, өздігінен анасын еме алады, т.б.



Төменгі сатылы қағанақты сүтқоректілер



Бунақденеқоректілер отряды

7 тұқымдасы, 374 түрд і қамтиды. Шағын денелі, тұрқы 44 см-ге дейін. Иіс сезімі дамыған. Есту және көру мұшесі нашар дамыған. Тістері біркелкі. Көбінде иіс шығаратын безі бар. 6-14 бала туады.

Өкілдері

Кірпі, көртышқан, жұпартышқан, жертесер, ақбауыр шаңқайтіс, ала жертесер, қосаяқ.

Кірпі тұқымдасы

15-ке жуық түрі бар. Шөл, шөлейт, орманды аймақтарда кездеседі. ҚР-да кәдімгі кірпі, құлақты кірпі, қара кірпі тіршілік етеді. Денесін тікенектер қаптайды.
Қара кірпінің тұрқы 22-27 см. Азығын түнде аулайды. Дене температурасы тұрақсыз, сондықтан қыста ұйқыға кетеді. 1-7 бала туып, сүтімен асырайды. Қара кірпі ҚР-ның Қызыл кітабына тіркелген.

Көртышқан тұқымдасы

20-ға жуық түрі бар. Өкілдері – көртышқан, жұпартышқан, алып соқыртышқан, т.б.
1.Көртышқан тіршілігін қарашірігі мол орманды аймақтарда жер астында өткізеді. Алдыңғы аяқтары қысқа. Өте кішкене көздерін тері қатпары жауып тұрады. Иіс сезу және сипап сезімі жақсы дамыған. Жақс ы естиді. Үлбірі бағалы. Қорегі – құрттар, қоңыздар дернәсілдері. 2-8 бала туады.
2.Жұпартышқан негізінен суда тіршілік етеді. ҚР-да Жайық өзені жайылмасында кездеседі. Ауызы суға ашылатын терең ін қазады. Үлбірі бағалы. Құйрығының түбіндегі безінен жағымды иіс шығарады. 1-5 бала туады. ХТҚО-ның, ҚР-ны ң Қызыл Кітабына тіркелген.

Жертесерлер тұқымдасы

200-ге жуық түрі бар, мысалы – ақбауыр шаңқайтіс, жертесер, ала жертесер, т.б. Тұрқы 3,5 – 18 см. Құрлықта топырақтағы інінде, құрлық пен суда, орманда өсімдік қалдығы көп жинақталған жерлерде мекендейді. Тәулігіне өз салмағынан 1,5 – 2 есе артық қорек жеп пайда келтіреді. Қорегі – бунақденелілер. Көбеюі – жылына 3 рет 6 – 14 бала туады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет