Қан айналық жүйесі
|
Ашық жүйе. Жүрегі 2 бөлікті – бір қарынша, бір құлақша.
|
Зәр шығару мүшесі
|
Бүйрек
|
Жүйке жүйесі
|
Бес жұп жүйке түйіні (бір-бірімен байланысып, жүйке бағанын түзеді).
|
Сезім мүшелері
|
Сипап сезу – қармалауыштары. Тепе – теңдік мүшесі бар. Екі көзі.
|
Көбеюі
|
Гермафродит, айқаспалы жолмен ұрықтанады. Су өсімдігінің сабағына жұмыртқалайды.
|
Қосжақтаулы ұлулар класы
Тіршілік ортасы
|
Мұхит, теңіз, көлдер мен өзендер
|
Құрылысы
|
Басы жойылған. Денесі – тұлға мен аяқ. Бақалшағы қос жақтаулы.
|
Түр саны
|
20 000-ға жуық
|
Көбею ерекшелігі
|
Дара жынысты
|
Айқұлақ
Тіршілік ортасы
|
Өзен, тоғандар
|
Дене құрылысы
|
Денесі 2 жақтауы бақалшақпен қапталған және тұлға мен аяқтан (басы жойылған) тұрады. Тұрқы 10 см. Аузы аяғының қасында, басы, тілі, жұтқыншағы жоқ. Шапаншасы жақтауларына тығыз жанасқан. Олардың аралығында шапанша қуысы жатыр.
|
Қоректенуі
|
Сифон тесіктері шапанша қуысына ашылады. Қорегі кіріс сифоны арқылы бірден өңешке, қарынға, одан ішекке түседі. Бауыр өзегі қарынға ашылады. Ас қалдығы шығару сифоны арқылы шығарылады.
|
Тыныс алу мүшесі
|
Желбезек сифоны
|
Қан айналық жүйесі
|
Ашық жүйе, жүрек және қантамырлардан тұрады. Жүрегі денесінің арқа жағында орналасқан.
|
Зәр шығару мүшесі
|
Бүйрек
|
Жүйке жүйесі
|
Үш жұп жүйке түйіні (бір-бірімен байланысқан).
|
Сезім мүшелері
|
Арнайы сезім мүшелері болмайды.
|
Көбеюі
|
Дара жынысты, аталығы суға сперматозоидтарын шашады, олар аналықтың кіріс сифоны арқылы еніп, оны ұрықтандырды. Дернәсілдері шығару сифоны арқылы суға шығып, балық денесіне жабысып, уақытша паразиттік тіршілік етеді.
|
Басаяқты ұлулар класы
Жер шарындағы түр саны
|
800 – дей түр
|
Тіршілік ортасы
|
Мұхит пен теңіздер
|
Дене құрылысы
|
Денесі – бас және тұлға. Үш қабатты, екі жақты симметриялы ірі жануарлар. Ауызының айналасында 8-10 сорғышты қармалауыштары бар. Бақалшағы – жойылып кеткен.
|
Ас қорыту жүйесі
|
Ауызында тіс орнына үккісі болады→өңеш→қарын→ішек→аналь тесігі. Бауыр безі бар.
|
Тыныс алу мүшесі
|
Өкпе және желбезек.
|
Қан айналық жүйесі
|
Ашық жүйе, «жүрегі» - 2 құлақша, 1 қарыншадан тұрады. Қаны көгілдір түсті.
|
Зәр шығару мүшесі
|
Бүйрек
|
Жүйке жүйесі
|
Жүйке жасушалар түйін құрайды
|
Сезім мүшелері
|
Арнайы сезім мүшелер і болмайды.
|
Көбеюі
|
Дара жынысты, қос жынысты түрлері бар.
|
Түрлері
|
Кальмар(тұрқы – 18м), каракатица, сегізаяқ, т.б.
1.Каракатица – су түбін ала тіршілік етеді. Қорегі асшаяндар, оны құм астынан табу үшін оған су атқылайды.
2.Сегізаяқ – су түбінде баяу қозғалады. Жаунан сиялы сұйықтық шашып құтылады.
3.Кальмар – өте жыртқыш. Қорғаныш мүшесі сиялы қапшық. Қорегі – таңқышаян, асшаян, кейбір балықтар.
|
VI Бөлім
Буынаяқтылар типі
Жер шарындағы түр саны
|
1 млн-нан астам, Жер шары жануарларының 80% құрайды
|
Тіршілік ортасы
|
Су (теңіз, тұщы су), құрлық
|
Арғы тегі
|
Көп қылтанды буылтық құрттар
|
Дене құрылысы
|
Аяғы бунақталған, 2 жақты симметриялы, көп жасушалы жәндіктер. Денесі берік, созылмайтын хитинді (жасуныққа ұқсас зат) затпен қапталған. Өскенде түлейді.
|
Негізгі кластары
|
шаянтәрізділер, өрмекшітәрізділер, бунақденелілер
|
Шаянтәрізділер класы
Жер шарындағы түр саны
|
20 – 30 мың
|
Тіршілік ортасы
|
Тұщы су қоймасы, теңіз, мұхит.
|
Дене құрылысы
|
Баскөкірек және құрсақ. Жабыны – хитин.
|
Тыныс алу мүшесі
|
Желбезек
|
Қанайналым жүйесі
|
Ашық жүйе
|
Зәр шығару мүшесі
|
Екі ж асыл без
|
Жүйке жүйесі
|
Өзен шаяны мысалында: Жұтқыншақүсті және жұтқыншақасты жүйке түйіндері бірігіп «ми» түзеді және құрсақ жүйке тізбекшесінен тұрады.
|
Өкілдері
|
Өзен шаяны, омар, дафния, циклоп, дулығар, таңқышаян, теңізжаңғақ, асшаян, жылбысқа, қышқыссыз шаян, жамбасқұрт, жалпақ саусақты шаян, жіңішке саусақты шаян, т.б.
|
Өзен шаяны
Тіршілік ортасы
|
Өзендерде, көлдерде, ағын суда кездеседі
|
Сыртқы құрылысы
|
Денесі 2 бөлікті: баскөкірек және құрсақ.
Мұрты 2 жұп - екі қысқа, екі ұзын. Екі көзі мен аузы бар.
Аяқтары - 5 жұп бунақталған, алдыңғы екеуі қысқыштар, ал 4 жұбы жүретін аяқтар.
Құрсағы 6 бунақты, әрқайсысында екі-екіден 2 тармақты қысқа аяқшалары бар. Құрсағы құйрық жүзбеқанатымен аяқталып, соңғы бунағында аналь тесігі бар.
Жабыны - қатты хитин, өсер кезде хитинін тастап, бірнеше рет түлейді.
|
Қозғалуы
|
Су түбінде жүру аяқтарымен алға қарай жүреді.
Жүзгенде құйрық жүзбеқанатын қатты серпіп артқа қарай жүзеді.
|
Қоректенуі
|
Ауыз айналасында 3 жұп жақ және қысқыштарына тақау 3 жұп жақаяқтары бар. Ауызы хитинмен қапталған, аша алмайды, қорегін бірден жұтады, оның жолы:
қорек→ ауыз → өңеш → 2бөліктіқарынға ( хитинді тісшелі күйіс қарын және сүзгілі қарын) → ортаңғы ішек → артқы ішек → аналь тесігі. Бауыр сөлі өзектері арқылы ішекке құйылады.
|
Тыныс алуы
|
Баскөкірегінің екі жағында орналасқан желбезектері арқылы іске асады.
|
Қан айналымы
|
Қаны түссіз. Арқа және құрсақ қантамырлары. Қанайналымы ашық жүйе.
|
Жүрегі
|
Бес бұрышты
|
Зәр шығаруы
|
Екі жасыл без, ол өзекшелі дөңгелек қалташа тәрізді, бас бөлігінде орналасқан.
|
Жүйке жүйесі
|
Жұтқыншақүсті және жұтқыншақасты жүйке түйіндері бірігіп «ми» түзеді және құрсақ жүйке тізбекшесінен тұрады.
|
Сезім мүшелері
|
Көзі бірнеше көзшелерден тұрады (3020көзше), жинақтап көру тән. Бір жұп қысқа мұртшалар - тепе-теңдік және есту мүшесі.
Бір жұп ұзын мұртшалар – сипап сезу және иіс сезу мүшелері.
|
Көбеюі
|
Дара жынысты. Аналығы қыс соңында60 кейде 500 – 600 уылдырық деп аталатын жұмыртқа салады. Суда ұрықтанады. Жас шаяндар анасының құрсағындағы аяқтарына жабысып жүреді.
|
Қорегі
|
1.Ірі және орташа денелі шаянтәрізділер қорегі - құрттар, ұлулар, өсімдіктер, балықтар.
2.Ұсақ шаянтәрізділер қорегі - ұсақ ағзалар, ұсақ балдырлар
|
Маңызы
|
1.Санитарлық қызмет (өлекселермен қоректену).
2.Дафния, циклоп балық қорегі.
3.Циклоп кебір құрттар дамуына аралық ие.
4.Планктонның 90% шаянтәрізділер.
5.Балықтар, кит, құстар қорегі.
6.Асшаянның тағамдық ролі бар.
|
Шаянтәрізділердің саналуандығы
Дулығар
|
200 млн жылдан бері өзгеріссіз тіршілік етуде. Жапырақаяқты шаяндар өкілі. Тұрқы 7 мм.
|
Дафния
|
Планктон құрамына кіреді, тұрқы 1-8 мм. Жапырақаяқты шаяндар өкілі.
|
Циклоп
|
Планктон құрамына кіреді, тұрқы 1-8 мм. Ескекаяқты шаяндарға жатады.
|
Таңқышаян
|
Қысқыштарының аралығы 3 м.
|
Теңізжаңғақ
|
Мұртаяқты шаянтәрізді жәндік. Денесі әктенген бақалшақпен қапталған. Ол қозғалмай тіршілік етеді.
|
Теңізүйрек
|
Мұртаяқты шаянтәрізді жәндік. Денесі әктенген бақалшақпен қапталған. Ол қозғалмай тіршілік етеді.
|
Ызғалшақ (мокрица)
|
Сулы, ылғалды құрлықта кездеседі. Өсімдікпен қоректенеді.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |