Сабақтың басы
Сабақтың ортасы
|
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылар түгенделіп, сабаққа назары аударылады.
І. Қызығушылығын ояту.
«Сөздер сөйлейді» әдісімен Абай өмір жолын еске түсіру мақсатында тірек сөздермен жұмыс жүргізеді.
Тірек сөздер:
1845
Ырғызбай – Өскенбай – Құнанбай
Зере, Ұлжан
Атадан алтау,
Анадан төртеу
Жалғыздық көрер жерім жоқ.
Абайдың білім алуы
Абай және Шығыс әдебиеті
Абай және орыс, шетел әдебиеті
Сабақтың тақырыбы, мақсаты мен бағалау критерийлері таныстырылады.
ІІ. Мағынаны тану.
Абай айтқандай, «Біріңді қазақ бірің дос, көрмесең істің бәрі бос» деген сөздері шын мәнінде ұлт болып ұюымыздың негізгі шарты ма,қалай ойлайсыңдар? (оқушылар жауабы тыңдалады)
«Тізбектен не түсіп қалған?» әдісімен Абайдың өлеңі беріледі, соны оқушылар ұйқасын тауып мәнерлеп оқып шығады Өлеңнің мазмұнын түсіне отырып тақырыпқа болжам жасайды.
Алыстан сермеп,
Жүректен тербеп,
Шымырлап бойға жайылған.
Қиуадан шауып,
Қисынын тауып,
Тағыны жетіп қайырған —
Толғауы тоқсан қызыл тіл,
Сөйлеймін десең өзің біл.
(Оқушылар өлеңнің толық мазмұнымен танысады).
1-тапсырма. Түсіну картасын жасау.
Өлең несімен ерешеленеді?
|
Өлең шумақтық өрнегі қазақ поэзиясына әсері қандай болды?
|
Өлеңдегі көтерілген мәселенің ұлттық мүддеге қатысы қандай?
|
Дескриптор:
Өлеңнің ерекшелігін түсіндіреді;
Өлеңнің қазақ поэзиясына әсері;
Өлеңдегі көтерілген мәселенің ұлттық мүддеге байланысын анықтайды;
Ойын дәлелдейді.
ҚБ
Әдебиет теориясы
Сөзмаржан:
1 Бәһра (парсыша) – пайда, білімнен үлес.
2 Табытын қаққан – Кісі өлімі сирей бастаса, мешіттің ашкез, надан мәзендері мешіт қоймасында тұратын өлген адамды салып шығаратын табытты таяқпен қағып, өлім шақыратын жаман әдеті болған. Ақын соны ауыспалы мағынасында қолданған.
2-тапсырма. Топтық жұмыс
А) Пародия, сатира,ұйқас түрлері туралы ойталқы.
Ә) Өлең жолдарындағы афоризмге айналған сөздерді анықтау.
Тамағы тоқтық,
Жұмысы жоқтық
Аздырар адам баласын.
Таласып босқа,
Жау болып досқа,
Қор болып, құрып барасың.
Өтірік шағым толды ғой,
Өкінер уақытың болды ғой.
Дескриптор:
Пародия, сатира,ұйқас түрлері туралы ойталқы жүргізеді;
Өлең жолдарындағы афоризмге айналған сөздерді анықтайды;
Мазмұнын ашып түсіндіреді;
Ойын дәлелдейді.
ҚБ
Бекіту. «Сегіз аяқ» әнін интернеттен тыңдап, «Төрт сөйлем» тәсілі бойынша негізгі идеясын түйіндеп жаз.
https://www.youtube.com/watch?v=rd4zYAlf0aw
1. Пікір. Нақыл сөздер бойынша туындаған өзіндік пікіріңді бір сөйлеммен келтір.
2. Дәлел. Келтірілген өзіндік пікірді тағы бір сөйлеммен дәлелде.
3. Мысал. Енді өзіндік пікірді тағы да бір негіздеп кетуің үшін бір сөйлеммен мысал келтір. Мысалды өмірден алуың қажет.
4. Қорытынды. Өзіндік пікірді тағы да бір рет пысықтап, қорытынды шешімді бір сөйлеммен келтір.
|
Оқушылар түгенделіп, сабаққа назары аударылады.
Оқушылар жаңа сабақты бастамастан бұрын, жұмбақ шешеді. Жұмбақтың шешуін тауып, бүгінгі тақырыппен байланысын анықтайды.
Оқушылар «Сөздер сөйлейді» әдісімен Абай өмір жолын еске түсіру мақсатында тірек сөздермен жұмыс жүргізеді
Сабақтың тақырыбы, мақсаты мен бағалау критерийлері таныстырылады.
«Тізбектен не түсіп қалған?» әдісімен Абайдың өлеңі беріледі, соны оқушылар ұйқасын тауып мәнерлеп оқып шығады Өлеңнің мазмұнын түсіне отырып тақырыпқа болжам жасайды.
Түсіну картасын жасау.
• Өлеңнің ерекшелігін түсіндіреді;
• Өлеңнің қазақ поэзиясына әсері;
• Өлеңдегі көтерілген мәселенің ұлттық мүддеге байланысын анықтайды;
• Ойын дәлелдейді.
Сөздікпен жұмыс.
Оқушылар пародия, сатира,ұйқас түрлері туралы ойталқы жүргізеді;
• Өлең жолдарындағы афоризмге айналған сөздерді анықтайды;
• Мазмұнын ашып түсіндіреді;
• Ойын дәлелдейді.
«Сегіз аяқ» әнін интернеттен тыңдап, «Төрт сөйлем» тәсілі бойынша негізгі идеясын түйіндеп жазады.
|
Қалыптастырушы бағалау
|