Қазақтың ақбас сиыры, әулиекөл қолтұқымдары. Қазақтың ақбас сиыры Англиялық герефорд бұқасын жергілікті қазақ, қалмақ сиырларымен жұптастырып шығарған. Басы ақ, түгі қызыл, денесінде ақ дақтары бар. Бұқасы 850 – 1000 кг, сиыры 500-550 кг. Әулиекөл сиыры қазақтың ақбас сиырын шеттен әкелген шароле және абердин-ангус бұқаларымен жұптастырып шығарған.
Сүтті бағыттағы қолтұқым
Қырдың қызыл сиыры, әулиеата, қарала, алатау, симменталь қолтұқымдары өсіріледі. Қырдың қызыл сиыры 18 ғ соңында Украинада шығарылған. Жылына 3 800 – 4500 л сүт береді, майлылығы 3,6-3,8%. Әулиеата сиыры 19 ғ соңы мен 20 ғ басында Қырғызстан мен Жамбыл өңірінде жергілікті сиырларды голланд бұқаларымен жұптастырып шығарған. Жылына 3000-3800 л сүт береді. Алатау сиыры - сүтті, етті бағыттағы қолтұқым. Ол 20 ғ 30 - 50 жж жергілікті сиырларды швиц, кострома бұқаларымен жұптастырып шығарған. Түс і қоңырқай. Тайыншаларының салмағы 500-550 кг.