бет 6/41 Дата 03.05.2023 өлшемі 222,29 Kb. #89294
Байланысты:
bio Қанайналым жүйесі
Арқа және құрсақ қантамырлары. Олар сақиналар тәрізді жалғасып «жүрекше» құрайды. Қанайналымы тұйық жүйе. Қаны қызыл түсті.
Зәр шығару жүйесі
Зәр шығару мүшесі - әр буылтықта екі - екіден орналасқан имек түтікшелер.
Жүйке жүйесі
Жұтқыншақ маңы 2 жұп жүйке түйіні сақинамен байланысқан (жұтқыншақүсті және жұтқыншақасты) және құрсақ жүйке тізбекшесі.
Сезім мүшелері
1.Жарықты сезеді. 2.Иісті сезеді. 3.Бүкіл денесімен және қылтандарымен сипап сезеді.
Көбеюі
Қосжынысты (гермофродит), жыныс мүшесі 9 – 15 буылтықта, белбеушеде жұмыртқалары ұрықтанады , пілде түзіліп , одан жас шұбалшаңдар шығады.
Регенерация қабілеті
Әр буылтық ішкі мүшелерді толық қайталайды. регенерациясы өте жақсы жетілген , денесі екі бөлікке бөлінсе, әр жартыдан жаңа құрт дамиды.
Сүлік
Жер шарындағы түр саны
400-ге жуық түр
Тіршілік ортасы
Тоқтау су, кейбірі паразит
Дене құрылысы
Тұрқы 12 см, ені 1 см. Денесі буылтықты. Буылтық саны ішкі буылтықтарға сай келмейді.
Қ ылтана қ тары жоқ.
Қоректенуі
Паразит, кейбірі жыртқыш құрт (ұлулармен, бақа дернәсілімен , бунақдене дернәсілімен қоректенеді).
Сорғыштары
Денесінің екі ұшында орналасқан, алдыңғы сорғышында тіс тәрізді 3 өсінді бар. Қан сорғанда жұтқыншағындағы сілекей безінен қанды сұйылтатын гирудин сұйықтығын бөледі.
Көбеюі
Гермофродит жәндік Жұмыртқасын пілләге салады. Тура дамиды.
Достарыңызбен бөлісу: