Асы ішектен тыс қорытылады, тек қоймалжың қоректі пайдалана алады.
Өрмек тоқу мүшесі
Үш жұп өрмек безі арқылы тоқиды. (Аңызақ желді аймақтың өрмекшісі тор тоқымайды)
Көбеюі
Дара жынысты, іштей ұрықтанады. Жұмыртқалайды немесе тірі туады. Дернәсілі тікелей дамиды.
Өкілдері
мизан, қарақұрт, бүйі, шаршылы өрмекші, қыршаян, т.б.
Шаршылы өрмекші
Дене құрылысы, ерекшелігі
Екі бөлікті – баскөкірек және құрсақ. Улы бездері жағының түбінде орналасқан. Ауызының үстіне қарай 2 күйісаяқ, жүретін аяқтары алдында 2 тұтқыаяғы бар. Құрсақ ұшында 3 жұп өрмек сүйелдері бар.
Аяқтары
4 жұп, 8 аяқ, баскқкірегінде орналасқан.
Сезім мүшелері
1.Көру мүшесі - 8 жай көз.
2.Иіс сезу – тұтқыаяғы және жүретін аяқтарының ұшы.
3.Дәм сезу мүшесі - жұтқыншақ
Қоректенуі
Уымен жемтігін өлтіреді. Уы жемтіктің ішкі құрылысын қорытады. Өрмекші дайын қорытылған асты сорып алады, яғни қорегі денесінен тысқары қорытылады.
Тыныс алу мүшесі
Өкпе қапшығы және демтүтік арқылы тыныс алады. Тыныс тесіктері құрсағында орналасқан.
Қантамырлар жүйесі
Қаны түссіз. Ашық жүйе, арқа және құрсақ қан тамырлары. Жүрегі құрсағының үстіңгі жағында орналасқан.
Зәр шығару жүйесі
Аяғындағы сатанбез және мальпиги тамырлары арқылы.
Жүйке жүйесі
Көкірек және құрсақ жүйке тізбекшесі бірігіп, жүйке түйінін – ганглий (түйінді жүйке жүйесі) түзеді.