Дұрыс тамақтану -
Денсаулық кепілі
өңдеп шығуын қамтамасыз етеді,
асқазан сөлін неғұрлым шұғыл бөлу
рефлексін қалыптастырады. Соны-
мен қатар тағамды өте ыстық не-
месе өте салқын күйінде жеу – зиян.
Ыстық тағамның температурасы –
50-60 градус, салқын тағамдыкі 10
градустан төмен болмауы тиіс.
Дастарханға қойылған тағамның
сүйкімділігі
мен
дәмділігінің
айрықша маңызы бар. Сүйкімді
әрі дәмді даярланған тағам көзді
қызықтырып
қана
қоймайды,
тәбетті шақырып, асқазанға шы-
рын
бөледі,
сөйтіп
тағамды
қорытатын ішкі жүйенің барлығы
асты «қабылдауға» дайын тұрады.
Тағам ауызға түсісімен-ақ, ас
қорытатын ағзалар дереу қызметке
кіріседі, соның нәтижесінде бело-
ктар, майлар, көмірсулар жақсы
сіңеді. Тамақты асықпай, майда-
лап шайнап жеу керек. Асқазанға
әбден ұсақталып түскен тағамға ас
қорытатын шырындар оңай сіңеді,
демек тағам жақсы қорытылады,
денеге жақсы тарайды.
Мәселен, түскі асты көбінесе
көкөністен тұратын жеңіл тағамнан
бастаған жөн. Көкөністер, әсіресе,
оның
шикілей
желінетіндері
(қызанақ, қияр, орамжапырақ),
сұйық тағамдар (сорпа, көже) ас
қорытатын шырындардың бөлінуін
тездетеді. Сондықтан олар қою
тағамның алдынан беріледі .Адам
ағзасына жеміс-жидек өте пайда-
лы. Оларды жемес бұрын жақсылап
жуу қажет. Жумаған жағдайда адам
ағзасына өте зиянды бактериялар
түсуі ықтимал және олар көптеген
ауруларға әкеліп соғуы мүмкін.
Адам өз денінің саулығын
тілесе, онда, ең алдымен дұрыс
тамақтануы тиіс.
б.тЕмірханов,
аудандық тҚҚб
басшысы.
спорт - әлем елшісі
6 бет
аќсу Өњірі
17 қаңтар 2015 жыл
7 бет
аќсу Өњірі
17 қаңтар 2015 жыл
Құрметті аудан тұрғындары
2014 жылдың 17 сәуірінде
ҚР Парламентті қабылдаған
заңнамалық актылар тізімінде
№194-V-КРЗ «жол жүрісі ту-
ралы» заң қабылданған. Бұл
заң ҚР жол жүрісі жұмыс
істеуінің және оның қауіпсіздігін
қамтамасыз
етудің
құқық
негіздері
мен
шарттарын
белгілейді. Біз Мемлекеттік
авто инспекциясы Сарқан
ауданаралық тіркеу және ем-
тихан қабылдау мекемесі осы
заңнамалық актылермен 2014
жылдың 10 қазаннан бастап
қолданысқа енгізіп жұмыс істеп
жатырмыз. Осы заңның ішіндегі
жүргізуші куәлігін алуға ниет-
тенген әрбір адамға керекті
№74-ші бапты ұсынып отыр-
мыз.
Көлік құралдарын басқару
құқығын алу шарттары
1. Осы бапта белгіленген
жасқа толған және көлік
құралдарын басқаруға қарсы
айғақтардың
жоқ
екендігі
туралы
медициналық
қорытындысы бар адамдарға
тиісті даярлықтан кейін көлік
құралдарын басқару құқығын
алу үшін емтихан тапсыруға
рұқсат беріледі.
2. Көлік құралдарын басқару
құқығы:
«А1» кіші санатындағы көлік
құралдарын – он алты жасқа
толған адамдарға;
Заңды біліп жүрейік!
Азаматтарға соттылығы бар немесе жоқтығы туралы анықтама беру
тәртібі Үкімет қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызметтер стандарты-
мен айқындалады. Мемлекеттік қызметтер Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу
жөніндегі комитетінің уәкілетті органдарымен халыққа қызмет көрсету
орталыќтары және электронды портал арқылы көрсетіледі. Мемлекеттік
қызметтер көрсету нысаны ішінара автоматтандырылған. Мемлекеттік
қызметтер «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу ту-
ралы» Қазақстан Республикасы Заңының және тағы да басқа заңнамалық
актілер негізінде жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметтің аяқталу ны-
саны жеке тұлғаның соттылығының болуын немесе болмауын растайтын
қағаз түріндегі анықтаманы беру болып табылады. Мемлекеттік қызметтер
Қазақстан Республикасының азаматтарына, шет ел азаматтарына және
азаматтығы жоқ тұлғаларға көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет жоғарыда аталған стандартта белгіленген қажетті
құжаттарды уәкілетті органға тапсырған кезден бастап – 7 жұмыс күн
ішінде, ал құжаттар Орталық немесе портал арқылы қабылданған
жағдайда 3 жұмыс күн ішінде көрсетіледі. Қабылдау алдын ала жазылусыз
және жеделдетілген қызмет көрсетусіз «электрондық» кезек тәртібімен
көрсетіледі.
Халыққа қызмет көрсету орталығында мемлекеттік қызметтерді алу-
шы мүдделі тұлға соттылықтың болмауы туралы анықтама беру тура-
лы өтінішті, өзінің жеке басын куәландыратын құжатының түпнұсқасын,
16 жасқа толмағандар үшін - туу туралы куәліктің түпнұсқасын және
көшірмесін ұсынады. Басқа тұлғаға қатысты анықтаманы алу туралы
өтінішті осындай анықтаманы алуға және құжаттарды тапсыруға но-
тариат куәландырған сенімхаты болғанда басқа адам да бере алады.
Құжаттар пакетін қабылдаған кезде орталықтың қызметкері көшірменің
түпнұсқамен шынайылығын салыстырып, түпнұсқасын өтініш берушіге
қайтарып береді Орталықта қабылданған құжаттар 2 жұмыс күні ішінде
тексеріледі. Егер, мемлекеттік қызмет алушы осы стандартта көрсетілген
құжаттарды толық ұсынбаған немесе оларды бұрмалап ұсынған жағдайда
Орталық мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады. Уәкілетті орган-
нан келіп түскен анықтама мемлекеттік қызмет алушыға сенімхат арқылы
беріледі.Егер қызмет алушы тұлға құжаттарын алуға уақытында келмесе,
орталық бұл құжаттардың сақталуын 1 айлық мерзім бойында қамтамасыз
етеді, содан соң оларды уәкілетті органға кері қайтарады.
Р. Баймұханова,
аудандық хҚКо бөлімінің инспекторы.
азаматтаРға соттылығы БаР немесе
жоҚтығы туРалы аныҚтама БеРу
«А», «В» санаттарындағы және
«В1», «С1» кіші санаттарындағы
көлік құралдарын – он сегіз жасқа
толған адамдарға;
«С»
санатындағы
және
«D1» кіші санатындағы көлік
құралдарын – жиырма бір жасқа
толған, кемінде үш жыл жүргізуші
жұмыс өтілі, оның ішінде
кемінде бір жыл «С1» санатына
жатқызылатын көлік құралдарын
басқару өтілі бар адамдарға;
«D»,
«Tm»
және
«Tb»
санаттарындағы
көлік
құралдарын жүргізу – жиыр-
ма бес жасқа толған, кемінде
бес жыл жүргізуші жұмыс өтілі,
оның ішінде «D1» санатына
жатқызылатын көлік құралдарын
кемінде үш жыл басқару өтілі бар
адамдарға;
«ВЕ»,
«СЕ»,
«DЕ»
санаттарындағы
көлік
құралдарының
құрамдарын
– кемінде он екі ай бойы
тиісінше «В», «С» немесе
«D»
санаттарындағы
көлік
құралдарын басқаруға құқығы
бар адамдарға;
«С1Е»,
«D1Е»
кіші
санаттарындағы
көлік
құралдарының құрамдарын –
кемінде он екі ай бойы тиісінше
«С», «D» санаттарындағы не
«С1», «D1» кіші санаттарындағы
көлік құралдарын басқаруға
құқығы бар адамдарға беріледі.
3. «В», «С» санаттарындағы,
сондай-ақ «С1» кіші санатындағы
көлік құралдарын басқару
құқығын алу үшін емти-
хан
тапсыруға
он
жеті
жасқа толған және әскери
комиссариаттардың жолдама-
сы бойынша көлік құралдары
жүргізушілерін тиісті даярлау-
дан өткен адамдарға рұқсат
беріледі.
Аталған адамдарға ұлттық
жүргізуші куәліктері олар он
сегіз жасқа толғанда беріледі.
4. Әскери қызметшілерге
тиісті даярлықтан кейін «D»
санатындағы және «D1» кіші
санатындағы көлік құралдарын
басқару құқығын алу үшін
емтихан тапсыруға он тоғыз
жасқа толғаннан кейін рұқсат
етіледі.
Аталған адамдар жиырма бір
жасқа толғанға дейін оларға
емтихан тапсыру нәтижелері
бойынша берілген ұлттық
жүргізуші куәліктері Қазақстан
Республикасының
Қарулы
Күштеріне, басқа да әскерлері
мен әскери құралымдарына
ғана тиесілі «D» санатындағы
және «D1» кіші санатындағы
көлік құралдарын басқару
құқығын растайды.
с. семБаев,
сарқан ауданаралық
тіркеу және емтихан
қабылдау бөлімінің
бастығы, полиция майоры.
Тұмау мен басқа да жіті респираторлық виру-
сты жұқпалар мен жыл сайын миллиондаған
адамдар сырқаттанады. Әдетте, тұмау вирус-
ты өзгергіш және өте қауіпті әр 10-14 жылда
вирустың бұрынғы белгілері өзгеріп, мүлде
басқа түрлері пайда болады.Тұмау вирустары
төменгі температурада ұзақ сақталады.Тұмау
кенет қалтыраудан, дене қызуының көтерілуінен,
діңкестіктен басталады, кейінірек мұрын біту,
тамақтың жыбырлауы, жөтел, жұтындырмау,
ауыр демалыс байқалады. Аурудың жіті кезеңі
3-7 күнге созылады. Ересектерге қарағанда
балаларда тұмау ауырлау өтеді,ағзаны тез су-
сындандыратын құсу, құрыспа пайда болады.
Мұндай кезде жедел көмекті, тіпті ауруханаға
жатқызуды талап етеді, өйтпеген жағдайда әр
түрлі асқынулар пайда болуы мүмкін.Оның
ішінде жиі кездесетіндері өкпенің қабынуы,
құлақтың қабынуы, менингит және менингоэце-
фалит.
Ең көп ауыратын оқушылар мен егде тартқан
адамдардың арасында тіркелінеді. Әсіресе
жүкті әйелдердің, сырқаттануы ана мен бала
денсаулығына өте қауіпті, жүктіліктің алғашқы
3 айында ауырса жатырдағы баланың өліміне,
туғаннан кейінгі өлімге, бала ағзасындағы жүрек,
тамыр, орталық жүйке жүйелеріндегі әртүрлі
асқынуларға әкеледі.
Тұмау мен басқа да жіТі респираТорлық
вирусТы жұқпалар
Эпидемияның алдын алу:
Стационарға карантин енгізу. Тұмаудан емдеу-
ге томифлю, реленза,ремантадин, интерферон,
оксалин майы және дене қызуын түсіретін препа-
раттар қолданылады.Сырқаттанғандарға қатаң
төсек тәртібі, витаминдендірілген сүт - өсімдік
диетасы сұйықтықты мол ішу ұсынылады.
Сырқат жататын бөлмені жиі - жиі желдету қажет.
Тұмаудың алдын алу шаралардың бірі жеке бас
гигиенасының ережелерін сақтау болып сана-
лады.Сондай – ақ тұмаумен науқастанған адам
емдеу мекемелеріне бармай-ақ тұрғылықты
жері бойынша учаскелік дәрігерді шақыруына
болады. Аудан дәріханаларының барлығы ем-
деуге қажетті медициналық препараттармен
қамтылған. 2014 жылдың қазан айынан бастап
2781 доза тұмауға қарсы 3 айға бөлініп отыр, им-
мундау жүргізіледі: медицина қызметкерлері, жиі
ауыратын 6 айдан бастап имунитеті төмен бала-
лар мен ересектер, созылмалы өкпе аурулары
бар қарт адамдар қамтылады. 1-10 казан айы-
нында 621 доза бөлінген барлығы қолданылды.
Қараша айында 1339 доза, желтоқсан айында
821 бөлініп салынды.
Б.теміРханов,
аудандық тҚҚБ басшысы.
дәРігеР Кеңесі
09 желтоқсан 2014 жылы
Жансүгіров ауылының тұрғыны
Косаров
(барлық
адамдардың
аты – жөні өзгертілген) өзінің дос-
тарымен мас күйлерінде, осы
ауылдың тұрғыны Аюбаевтың үйіне
барып, ол үйде спирттік ішімдік
ішіп отырған үй иесі Аюбаевқа
және Есетовке өзінің ұялы теле-
фонын тастап кеткендерін айтып,
сол ұялы телефонды тауып бер
деп ұрыс шығарғанын, сол кезде
Косаров жәбірленуші Есетовтің
денсаулығына қасақана ауыр зиян
келтіру мақсатымен, жәбірленушінің
бас – бет тұсына жұдырығымен
бірнеше рет соққылар келтіріп,
абайсызда Есетовтың өліміне әкеп
соққан.
Аталған факт бойынша Қазақстан
Республикасы ҚК-нің 103-бабы
3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды.
12 желтоқсан 2014 жылы аудан
прокуроры айыпкер Косаровты
алдын-ала тергеу мерзімге қамауға
алу бұлтартпау шарасын қолдану
және соттың алдында санкциялау-
ды қолдау туралы қаулы шығарып
аҚсу аудандыҚ соты Қамауға
санКция БеРді
Ақсу аудандық сотына жолдаған.
Сот
отырысында
айыпкер
Косаровтың, оның қорғаушысы
прокурордың қамауға санкция
беру туралы өтінішімен келіспей,
прокурордың қамауға санкция беру
туралы өтінімін қолдау жөніндегі
қорытындысын, сот прокурордың
қамауға санкция беру туралы
өтінішін негізді және заңды деп
есептеді, себебі айыпкер Косаров
аса ауыр қылмыс жасады деп айып
тағылған.
Аудандық прокурорының айып-
талып отырған Косаровты қамауға
алу түріндегі бұлтартпау шарасына
санкция беру туралы Ақсу аудандық
ІІБ-нің өтінішін қолдау жөніндегі
қаулысы қанағаттандырылды.
Айыпкер Косаровты қамауға алу
түріндегі бұлтартпау шарасына 2 /
екі/ ай мерзім санкция берілді.
Қаулыға шағым түскен жоқ және
заңды күшіне енді.
н. омаРБеКов,
аудандық соттың судьясы.
8 бет
аќсу Өњірі
17 қаңтар 2015 жыл
Ќ±рылтайшы:
Алматы облысыныњ єкімдігі.
Газет Ќазаќстан Республикасы мєдениет, жєне
аќпарат министрлігі ақпарат және мұрағат
комитетінде 2013 жылы
20 қыркүйек айында есепке ќойылды. Куєлік №
13883-Г
Газет ќазаќ тілінде аптасына бір рет шыѓады.
Біздіњ мекен-жАйымыз:
Аќсу ауданы,
жанс‰гіров ауылы,
желтоќсан кµшесі, №5,
Аудандыќ єкімшілік ‰йінде
Газет бетінде жарияланѓан маќалалар авторыныњ пікірі редакция
кµзќарасы болып табылмайды.
маќалалар µњделеді, авторѓа ќайтарылмайды.
жарнама, хабарландырулар, арнау, ќ±ттыќтаулардыњ мазм±ны
мен мєтініне жарнама беруші жауапты.
Тапсырыс 488
Таралымы 3323
Индекс: 65750
Офсеттік басылым кµлемі 2б.т.
Электрондыќ почта aksuoniri@mail.ru
Директор - бас редактор
Д‰йсен
М±хаметшар±лы
«медиахолдинг жетісу Аќпарат»
Акционерлік ќоѓамы
«АЌсу Өњірі» газеті»
Аќсу аудандыќ филиалы
меншік Иесі:
«медиахолдинг жетісу
Аќпарат» Акционерлік
ќоѓамы
Газет сарќан ауданы, сарќан ќаласы, Тєуелсіздік кµшесі №108 ‰й «Алатау баспа - полиграфиялыќ корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігініњ филиалы -
сарќан баспаханасында басылады. Тел: 8 (72839) 2 29 03
директор бас редактор - 2-99-20
жауапты хатшы - 2-99-21
білім әлемінің беташары
- әліппемен қоштасты
Жуырда Алтынарық ауылында
Қаракемер атындағы орта мек-
тепте «Қош бол, сүйікті Әліппе»
атты кеш өтті. Шәкірттерінің
қолына ең алғаш алған оқулығы
әліппемен де қош айтысар кез
келіп жетті. Бүкіл білім әлемінің
беташары әліппе.
Осы әліппені шәкірттеріне
жақсы да саналы аяқталуымен
сынып жетекшісі – Жұмагүл
Қасқарбекқызы
ашып,
өзі
ұйымдастырды. Содан соң
құттықтау сөзді – мектеп
директорының
тәрбие
ісі
жөніндегі
орынбасарлары
– Айгүл Тоқтарқызы, Бахыт
Тынбайқызы, зейнеткер-ұстаз –
Нұрсана Метербайқызы жылы
лебіздерін білдірді.
Ғибрат
Жұмагүл Қасқарбекқызы:
- Армысыздар, құрметті ата-
аналар, ұстаздар, қонақтар!
Бүгін сіздер 1-сынып
оқушыларының әзірлеген «Қош
бол, сүйікті Әліппе!» атты
ертеңгілігін тамашалағалы отыр-
сыздар. Шәкірттердің тұңғыш рет
қолдарына ұстап, бетін ашқан
оқулығы - Әліппе.
Бұл кітап бүкіл ғылым
дүниесінің алғашқы соқпағы,
білімге бастайтын алғашқы жолы.
Әліппе 42 әріпті танытып, оқуға,
жазуға үйретіп сауаттылықтарын
арттырды. Сондай жағдайға
жеткізген, сүйікті Әліппемен бүгін
қоштасқалы отыр.
Әліппе: - Ал балалар, сендер
кішкентай болсаңдар да мен үшін
кіші емессіңдер. Мен сендерді
кіші деп аямадым. Бар білімнің
басы болғандықтан бойымдағы
бар білімді сендер білсін деп
сендерге
қатал
қарадым.
Қазақта айтады «Басы қатты
болса, аяғы тәтті болады» деп.
Енді осы білімдеріңді ары қарай
жалғастырыңдар.
Білім іздеу жолында ешқашан
шаршамаңдар.
«Білекті
бірді,білімді мыңды жығар» де-
ген. Мен сендерге сенемін. Қош
сау болыңдар!-дейді.
Ертеңгіліктің
мақсаты
–
оқушылардың сауат ашу пәнін
оқу барысында алған білімдерін
тиянақтау, өз өнерлерін ата –
аналарға көрсету.
Біз мектепке барамыз,
Кітап қалам аламыз.
Ақ параққа әріппен,
Білім жолын саламыз - деп,
Ақмаржан, Әнел, Әділет, Бек-
зат, Ақерке, Қымбат, Әділет,
Еркежан, Назерке, Асыл, Ақыл,
Алиман, Ақбота, Оспан, Балнұр,
Азамат, Елдарлар ортаға шығып,
тақпақтарын, әндерін айтса,
қыздар «Тойбастар», «Брунти»
билерін билесе, ұлдар зама-
науи және «Матрешки» билерін
ортаға салды.
Кеш соңы ата-аналардың
ұйымдастыруымен
мерекелік
дастарханға ұласты.
1 – сынып ата –
аналары атынан.
Мектептегі көңілді кеш
Жаңа жылда Ж.Сыдықов атындағы орта
мектепте жаңа жылдық кеш өтті. Бұл кеш-
ке мектептің 9 – 11 сыныптар оқушыларының
қатысуымен көңілді викториналар, әр түрлі
сұрақтар және кешке киініп келген оқушылардың
балдық көйлектері бағаланып, мектептің спорт
залында әдемі өрнектелген шыршаны келген
оқушылар, ұстаздар мен ата аналар шырша-
ны айналып, аяз ата мен ақшақарды ортаға
алып, көңілді әндер шырқалып, би биледі.
Кешті мектеп директорының тәрбие жөніндегі
орынбасары Қыдырманова Ардақ Нұрханқызы,
ата-аналар комитетінің төрағасы Есенғараев
Қайрат Есболатұлы және мектеп оқушылары
ұйымдастырумен өте көңілді өткізді.
Өз тілшімізден.
Қандай қымбат сөз еді
"Әке" деген...
Менің екі бауырым және бір інім бар. Әкем, Садуақасов Еле-
мес Шаймұханұлы 1968 жылы Ақсу ауданы Еңбек ауылында туып,
өскен. Еңбек жолын Жансүгір ауылында бастаған. 1994 жылы жаз
мезгілінен бастап «демікпе» ауыруна шалдықты. Сол жылдан бас-
тап еңбекке жарамсыз болып қалды.
Әкем бізді еркелетіп, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға
шоқтырмай, өсіріп келе жатқан. Анам екеуі тату – тәтті, бақытты
өмір сүрген еді. Бірақ, бірақ... сол жабысқан дерт ажал болып
әкемді 2009 жылы күз мезгілінде 41 жасында алып кетті.
Әкемнің арманы көп болатын. Біздің өзіміз қалаған мамандықтың
иесі болып жұмыс істегенімізді көргісі келетінін айтып отыратын.
Солай әкенің еркелететінін, мейрімін сағынып жүргенде анама әке
орнына әке болып, әкемізді жоқтатпайтын адам жолықты. Есімі
Разбеков Мұхит Жұмағұлұлы. Анам екеуі бас қосты. Осы әкемнің
де адамгершілігі мол, қамқор, балалармен тез тіл табысқыш. Бізді
туған баласындай еркелетеді. Біз де ол кісіні туған әкеміздей
жақсы көріп, бауыр басып кеттік. Әкемнің барлық туыстары да бізді
жылы қабылдады. Атам Жұмағұл мен әжем Күлжан өте мейірімді,
балажан жандар. Олар әрқашан бізді құшақ жайып қарсы алады.
Тілеуімізді тілеп, еркелігімізді көтеріп, ауырсақ жандары ауырып,
бізді көрмей қалса сағынып қалады. Әкем Мұхиттың ағасы Бейбіт
пен жеңгесі Ғалия да бауырмал жандар.
Енді міне, қайтадан бақытты отбасына айналдық. 2014 жылы
артымнан тағы бір інім ерді, оның есімі Бауыржан Момышұлы
атамыздай батыр, ержүрек болсын деп «Бауыржан» қойдық. Алла
тағала барлық жаманшылығынан, тіл – көзден сақтап, өміріміздің
соңына дейін бақытты өмір сүрсек екен деп тілеймін.
Мөлдір ЕлЕМЕсҚызы,
сиқымов атындағы орта мектептің 6-сынып оқушысы.
Мемлекеттік қызметте та-
лай жылдар бойы еңбек еткен,
ауыл халқына еңбектері сіңген
бүгінгі зейнеткерлік жасқа жет-
кен алдынғы буын әпкелеріміз
Қапал округінің бас маман іс
– жүргізушісі
Арқабаева сая
Құмарқызы және Б.Сырттанов
округінің
бас
маман
іс-
жүргізушісі
Асылбекова Манат
Асылбекқызын туған күндері
және құрметті демалысымен
құттықтаймыз.
ИМАН және ҰЯТ
Жәбірейіл алейһиссалам ақыл, ұят
және иманды Адам алейһиссаламға
әкеліп былай деді:
- Ей Адам! Аллаһу Тағала саған
сәлемін айтты. Алып келген мына үш
сыйлықтың бірін қабыл алуыңды бұйырды.
Адам алейһиссалам:
- Әкелген бұл үш сыйлықтың ішінен
ақылды қабыл алдым.
Жәбрейіл алейһиссалам иман мен ұятқа
қарап:
- Сендер бара берсеңдер болады,-дейді.
Сонда Иман оған:
- Аллаһу Тағала маған ақыл қайда қалса,
сен де сонда қал деп бұйырған. Сондықтан
мен ақылдан айрылып кете алмаймын!
Ұят та:
- Аллаһу Тағала маған да дәл солай
бұйырған. Мен де ақылдан айрылып кете
алмаймын!
Аллаһу Тағала кімге ақыл берсе,
ұятпенен иман сонымен бірге болады.
Ақылы болмаған адамның ұяты да болмай-
ды.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Қазіргі заманда электр тоғын және электр жабдықтарын пайдалан-
бау мүмкін емес. Осы электр жабдықтарына үйренгендігіміз сондай
онсыз ештеңе бітпейтін сияқты. Бірақ көп жағдайларда осы электр
жабдықтарын қолданғанда электр тоғының қысқа тұйықталуынан бо-
латын өрттер жиі кездеседі.
Олардың бірі тоққа тығылып өшірілмей ұмытып кеткен электр
бұйымдарынан, қолдан жасалған электр бұйымдарынан, тағы бірі
балалардың электр бұйымдарымен тоққа тығып ойнауынан болатын
өрттер. Міне осындай өрттерге жол бермес үшін үйден шығарда және
де жұмыс орынынан қайтқанда тоққа тығылып қалған бұйымдарды
электр тоғынан ажыратылғанына көз жеткізу керек, электр
бұйымдарды үйлерде балалардың қолы жетпейтін жерге қою қажет.
Электр сымдарының ашық жерлері изолентамен оралуы керек. Бір
жерге бірнеше электр бұйымдарын тоққа тығып пайдалануға болмай-
ды, электр тоғынан ақаулар шығып жатса дереу электр мамандары-
мен хабарласу қажет.
Егерде үй-жайларымызға немесе қора жайларымызға электр
желісін тартпақ болсаңыз, міндетті түрде электр қоңдырғыларының
ережесіне сәйкес жасалуы қажет және де электр мамандарына
жасатқан жөн. Электр жабдықтарын, бұйымдарын пайдаланғанда
қарапайым өрт қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар. Сіздер өз үй-
жайларыңызды, дүние - мүліктеріңізді және де өмірлеріңізді сақтай
аласыздар.
Нұрдәулет ЖАҚсыбАЕв,
аудандық ТЖб бас маманы, өртке қарсы қызмет капитаны.
Жаңалық ауылдық округінің тұрғыны, аяулы
ана, Мәдениет үйінің директоры
Мардамқұлова
Күнсұлу Мардамқұлқызын 15-қаңтар күні болған
туған күнімен және зейнеткерлік демалысқа
шығуымен құттықтаймыз!
Құтты болсын зейнеткерлік жасыңыз,
Әлі талай биіктерден асыңыз.
Бала – шаға қызығына кенеліп,
Жетпіс, сексен, жүз жастан да асыңыз.
ІзГІ ТІлЕКПЕН: Жаңалық ауылдық әкімшілік
аппараты ұжымы.
Еликбаев Досан Камолдаұлының атындағы 03254016134 акт
№013900 11,2 га, 03254016135 акт №013901 4,25 га, 03254016136
акт №013902 54,05 га жоғалуына байланысты жарамсыз деп та-
нылсын.
"Отан" Республикалық қоғамдық бірлестігі КТОО Ақсу аудандық
филиалынан 2011 жылы Рахатұлы Олжастың атына берілген
жүргізуші куәлігі жоғалуына байланысты жарамсыз деп танылсын.
Тауып алғандар 8-707-470-63-55, 8-778-573-59-37 телефонына ха-
барласуларына болады. Сүйіншісі бар.
Қашанда өрге сүйреп
талаптарыңыз,
Жадырап, нұрға толсын
жанарларыңыз.
Шаттығы қуаныштың
толастамай, аршындап,
Өрлей берсін қадамдарыңыз
– демекпіз.
ІзГІ ТІлЕКПЕН: Округ бас
маман іс – жүргізушілерінің
атынан.
Б а р л ы б е к
С ы р т т а н о в
а у ы л ы н ы ң
т ұ р ғ ы н ы
а я у л ы
ана,ардақты
ә ж е , т а л а й
жылдар Сырттанов ауылдық
округінде бас маман
қызметін атқарып, бүгінгі күні
зейнеткерлік жасқа жеткен
әріптесіміз
Асылбекова Ма-
нат қаңтардың 14 жұлдызында
58 жасқа толып отыр.
Әріптесіміздің деніне саулық,
отбасына амандық тілей келе
төмендегі жыр шумақтарын ар-
наймыз:
Туған күнің құтты болсын,
әріптесім,
Еңбегің шын еленіп
дәріптелсін.
Даулетпен мерейіңіз тасып
бүгін,
Абырой беделіңіз арта берсін.
Алғы күннен күтер әркім
жақсы үміт,
Келе берсін алдыңыздан бақ
күліп.
Шаттықпенен көріп таңның
арайын,
Жаратушы, төксінші тек
жақсылық.
ІзГІ ТІлЕКПЕН: Әкімшілік.
Клуб. Кітапхана. Жастар.
Почта ұжымдары.
Электр құралдарын пайдалануда абай болайық!
Достарыңызбен бөлісу: |