Бүгінде жоғары білім сапасын рейтинг-
тер жүйесі анықтайды. Ұлттық рейтингте
л.н.Гумилев атындағы еуразия ұлттық
университеті инновациялық эконо-
мика үшін мамандарды даярлау және
халықаралық білім беру кеңістігіне
бірігуде бірнеше жылдан бері көш бастап
келеді.
Алғашқы ұлттық жоғары оқу орны-
ның табыстылығы оның халық аралық
деңгейдегі өрлеуімен, білім берудің авто-
номды ұйымдастыруына трансформация-
сымен көрінеді. Онда білім берумен қоса,
қазіргі ғылымның жетістігінде негізделген
жаңа идеялар туындайды.
Жиырма жыл бойы жоғары бі лім беру
саласындағы қажымас еңбек өз жемісін
беріп келеді.
Аталмыш оқу ордасының 20 жыл жүріп
өткен жолын кеңірек әңгімелеу үшін
л.н.Гумилев атындағы еҰУ-ның про-
фессоры, ҰҒА-ның академигі Жабайхан
ӘБДілДИнМен сұхбаттасқан едік.
– Жабайхан Мүбәрәкұлы, Тәуелсіз Қазақстан-
ның ғылымы мен білімі жайлы не айтар едіңіз?
Қанша дегенмен өзіңіз бір пұшпағын илеген сала
ғой...
– Осыдан 10-15 жыл бұрын қалай еді деп
салыстырсақ, дамыған, озық елдердің қатарына
жету үшін ғылымымыз өте жоғары деңгейде
болуы тиіс деген мақсатта бүгінде ғылымға көп
ақша жұмсалып жатыр.
Білім беру ісіне келсек, бұл бағытта деңгейіміз,
беталысымыз жақсы. Еуразия университеті,
Назарбаев уни верситеті секілді жаңа заманауи
оқу орын дары мен ғылыми орталықтар ашылып
жатыр. Мәселен, Еуразия ұлттық уни верситетін
1998 жылдан, яғни құрылған кезінен бері білемін.
Алғашқы жылдарынан бастап дәріс беріп жүрмін.
Өзім ғалым болғандықтан, сенатор бола жүріп те
университеттен қол үзген емеспін.
Өзіңіз білесіз, Л.Н.Гумилев атындағы
Е Ұ У о с ы д а н 2 0 ж ы л б ұ р ы н Қ а з а қ с т а н
Республикасының Президенті Нұрсұлтан
Назарбаевтың пәрменімен екі жоғары оқу
орны – Целиноград инженерлік-құрылыс
институты мен Целиноград педагогикалық
институтының бірігуі негізінде құрылған. Сол
жылдары мұнда 5 мыңдай ғана студент оқып,
300-ге жуық оқытушылар жұмыс істеді. Ал
университет ашып, оны барлық қажетті оқу-
әдістемелік, материал дық базамен, оқытушылар
құрамымен қамтамасыз ете салу оңай шаруа
емес. Айтуға оңай болғанымен, табандылық пен
орасан қажыр-қайратты жұмылдыратын қыруар
жұмыстары бар. Соның бәрін еңсеріп, қалыптасу
кезеңінен өткен университет бұл күнде ауыз
толтырып айтарлықтай жетістіктерге жетіп отыр.
Әсіресе, соңғы жылда ректор Ерлан Сыдықовтың
басшылығымен қарқынды дамып келеді. Атын
Астана, Қазақстан көлемінде ғана емес, әлемдік
білім кеңістігінде де абыроймен танытуда. Соның
бір айғағы – Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ әлемнің
алдыңғы қатарлы 50 жоғары оқу орны рейтингіне
кірді. Жас университеттің марапаттар тізімі мен
сапа мойындауларын одан әрі жалғастыра бе-
руге болады. Соңғылардың ішінде Еуропалық
ғылыми-өндіріс палатасының «Еуропалық стан-
дарт» жоғары бағасын иеленді. Халықаралық
деңгейге ұмтылып, әлемнің ең беделді оқу орын-
дарымен тығыз байланыстар орнатып, қазақ
мемлекетін, қазақтың жауһарларын таныстыру
бағытында да еңбектеніп жатыр. Мысалы, Ар-
мения, Әзербай жан, Қытай, Ресей университет-
терімен байланыс орнатылды. 90 жылдық тарихы
бар Ар мения университетінде, Әзербайжан
университетінде Абай орталықтары ашыл-
ды. Көптеген халықаралық кон ферен циялар
өтіп жатады. Мұның сыртында халықаралық
конференцияларға, мейлі ол шетелде неме-
се өзімізде өтсін, баяндамасы қабылданған
ғалымдар мен оқытушы лардың қатысуына
кең жол ашылған. Сондай-ақ елімізге келген
шет мемлекет тердің басшылары, халықаралық
дәрежеде танылған ғалымдардың Еуразия уни-
верситетіне арнайы соғып, студенттер алдында
дәріс оқуы да жақсы дәстүрге айналды. Мыса-
лы, Нобель сыйлығының лауреаттары да келіп
дәріс оқығаны көпке аян. Ал университеттің өз
ішінде нарықтық қағидалар енгізіліп, кафедра,
факультеттерді, оқытушыларды ынталанды-
ру мақсатында да үздік болуға ұмтылдыратын
шаралар мен сыйлықтары бар. Бүгінде ЕҰУ
қала ішіндегі қалаға айналды. Қазір мықты
и н ф р а қ ұ р ы л ы м д а р ы м е н д а м ы ғ а н , о қ у -
лабораториялық ғимараттарымен, ғылыми-
зерттеу институттарымен, әлеуметтік әрі мәдени
бағыттағы нысандармен толыққан оқу ордасы
бұл. Бүгінгі таңда мұнда 16 300 студент білім
алады, 3500-ден астам қызметкерлер жұмыс
атқарса, олардың 1500-і профессор-оқытушылар
құрамының өкілдері болып табылады.
Осының бәрі университеттің білім беру ісі
мен ғылыми әлеуетін арттыруға өзіндік үлесін
қосып жатқаны анық.
– иә, өзіңіз айтқандай л.Н.Гумилев атындағы
ЕҰу әр оқу жылын табысты аяқтауда. Оқу орны
мәртебелі марапат – Қазақстан Республика-
сы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығына
ие болды. Сондай-ақ білім беруді бағалау
саласындағы көшбасшы Quacquarelli Symonds
(QS) халықаралық компаниясы QS Top 50 Under
50 рейтингінде л.Н.Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті 32-ші орынға табан тіреді. Бұл
мәртебеге әріптестеріңіз қалай қол жеткізді?
– Елбасымыздың ықпалымен 1996 жылы
іргетасы қаланған білім шаңырағы бүгінде еге-
мен еліміздің жас астанасымен бірге жасасып
келеді. Бұл оқу орны аз уақыттың ішінде Еура-
зия идеясының арманнан ақиқатқа айналғанын
ғылым-білім тұрғысынан дәлелдей алды. Бүгінгі
– Сізді мамандықты дұрыс
таңдамады дегенді естуіміз бар.
Сол жағын өз аузыңыздан естісек...
– Мен атамның бауырын-
да өстім де, шалдың баласы –
шолжаңдау болды. Өзінің сый-
ласы, Қазақ Ауыл шаруашылығы
институтының ректоры Хайдар
Арыстанбеков арқылы агроно-
мия факультетіне түстім. Түсуін
түскенмен, оқымадым. Шы-
нында, агрофактан журфакқа
ауысу да көрер көзге біртүрлі
к ө р і н е д і е к е н . Б ұ н ы д е к а н
Қожекеев бітіргенше бетіме бас-
ты. Әйгілі әдебиетші Мырзатай
Жолдасбеков «Ел тағдыры – ер
тағдыры» деген кітабында бұл ту-
ралы егжей-тегжейлі айтып өтеді.
Мырзатай ағаның мамандық
таңдауда тигізген шапағаты
мәңгі жадымда. Ақырында,
Мәскеуден бір-ақ шықтық. Жас
жазушылардың Бүкілодақтық
к е ң е с і н і ң қ о р ы т ы н д ы с ы
б о й ы н ш а М ә с к е у Ә д е б и е т
институтының екі жылдық кур-
сына қабылдандық. Әдеби білім
алдық. Яхио Тоға секілді өзбек,
Бурул Калчабаева секілді қырғыз,
Геннадий Любегин секілді орыс
Жуырда Семей қаласындағы
Халықтар достығы үйінде
жазушы-ғалым Нұрдәулет
Ақыштың шығармашылық кеші
болып өтті. Келушілердің наза-
рын аударған жағдайлардың бірі
– кештің заманауи талаптарға
сай өткізілуі. Мысалы, кеште
дәстүрлі баяндаманың ор-
нына қатысушылар жазушы
шығармашылығына жеке-жеке
шолу жасады.
Онда қаламгердің оқырмандар
арасында жылы лебізге бөленген
туындылары талданып, «Жатақхана
қыздары», «Ұлы ғашықтар ұрпағы»
тәрізді хикаяттарынан жатқа
үзінділер оқылды. Н.Ақыштың
Финляндияның оңтүстігіндегі Хямеэнкоски провинция-
сынан мың жыл уақыт бұрынғы тиындар табылды.
Тарихи жәдігерлер викингтерге тиесілі болған
екен. Қазба жұмыстары кезінде барлығы 300 тиын
табылған. Ғалымдар олардың жақсы күйде сақталғаны
зерттеу жұмыстарының да нәтижелі болуына ықпалын
тигізетінін айтты. Сонымен қатар арасынан византиялық
тиындардың да бар екені анықталды.
Археологтардың болжамы бойынша, құнды заттарды
сол тұстағы иесі әдейі жасырып қойған. Айта кетейік,
викингтер – норвегтердің, даттардың, шведтердің арғы
ата-бабалары болып есептеледі. «Викинг» сөзінің тікелей
аудармасы «қойнаудан шыққан адам» деген мағынаны
білдіреді. Сол тұстары қойнаулар мен шығанақтарда
жасырынып жүретін теңіз қарақшыларын осылай атаған.
Миланда «ЭКСПО» көрмесінен
түскен экономикалық пайда 31 мил-
лиард еуроға бағалануда. Мұндай
нәтижелі көрсеткішті сарапшылар
халықаралық шара өткізілгеннен
кейін бір жылдан соң нақтылап,
жария етті.
«ЭКСПО» көрмесі аясында
10 мыңнан астам кәсіпорын
құрылған. Олардың арасында
туристік бағытта жұмыс жасай-
тындары көп. 240 мың адамға жаңа жұмыс орны ашылған.
Ал ел қазынасына 500 миллион еуро салық түскен. Бірақ
«ЭКСПО»-ның табысы санмен өлшенбейді. Ең басты-
сы, Милан мен Италияның әлемдік беделі жоғарылап,
туристік әлеуеті артты. Биыл да шаһарға туристер көптеп
келеді деп күтілуде.
НАСА ғалымдары Күн жүйесінен тысқары орналасқан
1 мың 300-ге жуық жаңа ғаламшар барын анықтады.
Оның тоғызында тіршілік етуге қолайлы жағдай болуы
мүмкін. Зерттеу жұмыстары ғарышқа ұшырылған «Кеплер»
телескобы арқылы жүргізілген. Мамандар бұл жаңалық
Құс Жолы туралы түсінігімізді кеңейтеді деп отыр. НАСА
қызметкерлері мұнымен тоқтап қалмай, зерттеуді одан
әрі жалғастыра бермек. Осы мақсатта 2018 жылы Джеймс
Уэбб атындағы жаңа телескоп орбитаға шығарылуы тиіс.
Тың жобаның құны 9 миллиард долларға бағаланып отыр.
лондон тарихында алғаш рет мұсылман қала басшысы
Садик Хан ант қабылдап, лауазымына кірісті. Рәсім Сау-
туоркск кафедралық соборда өтті.
Лейбористік партиядан шыққан С.Хан барлық
лондондықтардың мэрі болуға уәде берді. Британия
астанасы басшысының айтуынша, оның әкімшілігі
қоғамның барлық бөлігін қамтиды, ал басқарма «ашық әрі
қолжетімді» болмақ. С.Ханды сайлау консерваторлардың
сегіз жылдық басқаруын өзгертті. Бұдан бұрын қаланы
Борис Джонсон басқарған болатын.
Қазіргі көрсеткіштер сақталған
жағдайда әлемдегі мигранттар
саны XXI ғасырдың ортасында 351
миллион адамға жетеді.
Бұл туралы БҰҰ бас хатшысы
Пан Ги Мунның Нью-Йоркте
өтетін босқындар мен көші-
қон мәселесі бойынша форумға
дайындаған баяндамасында атап
өтті. БҰҰ сайтында жарияланған
құжатта 2015 жылы халықаралық
мигранттар мен босқындар саны 244 миллион адамға
жеткені атап өтіледі. Бұл 71 миллион немесе 2000 жылмен
салыстырғанда, 41 пайызға көп. БҰҰ бас хатшысы соғыс,
адам құқығының бұзылуы, экономикалық дағдарыс,
климаттың өзгеруі, табиғи апаттар адамдардың өз үйлерін
тастап қашуына соқтырып жатқандығын атап өткен.
замандас
Әзірлеген Нұрлан ҚҰМАР
Ж
аһанның жүрек лүпілі
Ж
аһанның жүрек лүпілі
Бразилия парламентінің жо-
ғарғы палатасы ел президенті
дилма Русеффті қызметінен жар-
ты жылға шеттету туралы шешім
қабылдады.
Бұл шешімді сенаторлар өз
арасында дауыс беру арқылы
қабылдады. Нәтижесінде барлығы
55 депутат қолдаса, 22 адам
қарсы шықты. Ал заң бойынша
президенттің қызметінен уақытша
кетуіне 41 дауыс жеткілікті. Д.Русефф Бразилияның
президенті болып алғаш рет 2010 жылы сайланған. Со-
нымен қатар 2014 жылы келесі мерзімге де қайта сайланды.
сКандИнавИя түБегі
апенИн түБегі
Ғарыш
тұманды альБИон
елең етКізер
оңтүстіК амерИКа
Мың жыл бұрынғы жәдігерлер
Туризм – табыс көзі
Жаңа ғаламшарлар
Қала мэрі ант қабылдады
Босқындардың саны артуда
Биліктен шеттетілмек пе?
Чехия үкіметі заңнамаға өзгеріс енгізді, оған сәйкес
жаңа туған нәрестелердің әкелері ақы төленетін апталық
демалыс алады.
Әкелер демалыста болғанда, олардың 70 пайыз
жалақысы сақталады деп болжанған. Заңға енгізілген бұл
түзетуді Парламент мақұлдап, Президент қол қоюы тиіс.
Еңбек және әлеуметтік істер министрі Михаэла Марксова
«әке демалысы» ел бюджетіне жыл сайын қосымша 630-
800 миллион (шамамен 26-33 миллион доллар) кронға
түсетіндігін мәлімдеді.
еуропа
«Әке демалысы» енгізіледі
БАлА тУУ МӘСелеСіне
БАСқАША КӨзқАРАС
ТАҒЫЛЫМДЫ ТАРИХТАН –
ЖАРҚЫН БОЛАШАҚҚА
игеруге болатынын айттық. «Малды
еңбекпен тапсын» деген ой ғой. «Ит
арқасы қиянға қалай жібереміз? Мұнда
да бір реті болар, Үкімет өлтірмес» деп
күмілжіді...
Өзім көпбалалы отбасында өскен
соң, үпір-шүпір баласы бар үйде
бір-екі балалы үйге қарағанда қызы-
ғы рақ екенін, балалардың бойын-
да мейірімділік, бауырмалдық, жан-
ашыр лық сезімі басым болатынын
жақсы білемін. Осы сезімдер олардың
өмір бойғы серігі болады: бір ұядан
ұшқандардың балалары өскенде енді
солар өзара бауырлық қамқорлығын
көрсетеді. Ал жасың ұлғаюмен бірге
келетін проблемаларды бірге туған
туыстан артық ешкім түсінбейді.
Яғни отбасында көп бала болудың
артықшылығы даусыз!
Солай бола тұрғанмен де, мен «Бір
қозы артық туса, бір жусан артық
өседі» деген ұстанымды қолдамаймын.
Ерлі-зайыпты адамдар өздерінің ақыл-
ой, материалдық-тұрмыстық әлеуеті
Өмірде бәрі де бір-бірімен тығыз
байланысты. Көктем сайын азаматтық
борышын өтеуге баратын кез кел-
генде жүздеген бозбалалар әскери
комиссариаттың тексеруінен өте ал-
май, кері қайтады: көбінің салмағы
жетіспейді, бойы қысқа болады. Тур-
никке бес рет тартыла алмаған әлжуаз
балаларды да көрдік. «Бұлар қайтіп ел
қорғайды? Қандай отағасы болады?»
деген ойлар келеді. Теледидардан
көрген отбасылар еске түседі... Қалай
ойлайсыздар, өздері жетіспеушіліктің
ащы дәмін татып өскен ұл мен қыз
кейін отбасы құрғанда көпбалалы
болуға жүректері дауалай қояр ма екен?
Мақалада жас отбасылардың
жағдайы да сөз болған екен. Өзекті
мәселе. Жастардың отбасын құруға,
одан соң балалы болуға асықпауы,
ажырасу санының көбейіп бара
жатқаны – демографиялық өсімге
салқынын тигізетін факторлардың
бірі. Дегенмен, барлық себепті бір
жерден іздеу қаншалықты дұрыс?
Ажырасудың бәріне бірдей әлеуметтік
жағдай әсер етпейтін болар. Статисти-
ка комитетінің 2015 жылғы есебінде
қыздардың тұрмыс құратын орташа
жасы 24,6, ал жігіттердің орташа жасы
27,1 деп көрсетілген. Яғни мамандық
алып, ақыл тоқтатқан жас. Демек,
отбасын құру шешімі де аяқ асты-
нан емес, ақыл таразысына салынып
қабылданады. Сонда, отбасын құрған
кезде түрлі жағдайлардың болаты-
ны (пәтерсіз болу, жұмыссыз қалу,
жандардың бойында еңбекпен та-
быс табуға ұмтылыс аз болады деседі
ғалымдар. Халықты әлеуметтік қорғау
тұжырымдамасын түбегейлі өзгерту ке-
рек деген пікірлердің ара-тұра айтылып
қалып жүргені де сондықтан.
Осыдан бір жыл бұрын, 2015
жылдың 10 сәуірінде өткен жастар фо-
румында сөйлеген сөзінде Қазақстан
Р е с п у б л и к а с ы н ы ң П р е з и д е н т і
Н.Ә.Назарбаев та масылдық мәсе-
лесіне тоқтала кетті. «Бізде әлі де
ескіше ойлау басым, – деді Елбасы.
– Ересек адамдар өздерін бала
сияқ ты ұстап, әлдекімдер олардың
мәсе лелерін шешіп береді деп үміт-
тенеді. Әлеуметтік инфантилизм мен
масылдық осындайдан туындайды.
Жа һандық нарық жағдайында инфан-
тилизм мен оңай ақшаға еш орын жоқ».
«Ана тілінде» шыққан мақала
қоғамымызда байқалып қалатын, ара-
тұра өзіміз тікелей куә болған осын-
дай жайларды да ойға оралтты. Жас-
тар арасында «алма піс, аузыма түс»
деп әлдеқайдан олжа күтіп отыратын-
дар қайдан шығады? Олардың түрлі
жеңілдіктерге, масылдыққа бейімдігі
«Үкімет өлтірмейді» деп, әлеуметтік
жәрдемақыға иек артуды әдет қылған
отбасында тәрбиеленуінен емес пе екен?
Бәлкім, мектеп қабырғасында-ақ
нарықтық қатынастардың әліпбиін
үйретіп, жәрдемақылардың қайдан
алынатынын түсіндіру керек болар?
Тіпті, әлеуметтік қорғау деңгейі тым
жоғары болуы – тұтастай алғанда,
неше балаға лайықты тәрбие беру-
ге жарайтын болса – сонша балалы
болғаны жөн деген ойдамын. Бес бала
ма, он бала ма, екі бала ма – оны
айқындайтын «бірдеңесі болар», «ел
ішіндеміз ғой – өлмеспіз», «әр баланың
несібесі болады» деген бұлдыр болжам-
дар емес, жоғарыда айтқанымыздай
нақты сапалық көрсеткіштер болуы
керек. Бұл жерде «лайықты тәрбие»
дегенде баланың дұрыс тамақтануы
мен киінуінен бастап, оқуға, спортпен
не музыкамен айналысуына, жазда де-
малыс лагеріне баруға, қатарларынан
кем қалмай, басқа да қызыққан ісімен
айналысуына мүмкіндігі болуын айтып
отырмын.
Ұзақ жылдар бойы отбасы, ана
мен бала мәселелерімен айналысатын
органдарда қызмет істей жүріп, «бір
реті болар», «Үкімет өлтірмес» деген
ұстаныммен бала туған отбасылардағы
жәудіркөздердің жағдайларын көзбен
көргендіктен де осындай ой түйдім.
Мойындайықшы, бойына бала
біткенін сезген ана мен әке болаты-
нын естіген ер-азамат бірінші кезекте
«сәби сүйемін», «ұрпағым жалғасады»,
«қартайғанда сүйенішім болады» деп
қуанбай ма? Әлеуметтік жағдайы
төмен болып, сол жағдайын түзетуге
шамасы жетпей, тірліктің қиюын
келтіре алмай жүрген, одан жама-
ны – еш шаруаға қыры жоқ, жалқау,
әркімге жалтақтап күн кешіп жүрген
адамдардың «демографиялық өсім
үшін бала тудық» дегеніне басқаны
білмеймін, өз басым сенбеймін.
Осы кездері теледидардан жесе
– тамаққа, кисе – киімге жарымай
отырған отбасыларды жиі көрсетеді.
Байқайсыздар ма, балалар ондайда
намыстанып, камерадан қашқақтап
тұрады, тек кішкентай бүлдіршіндер
ғана келген журналистердің көзіне
түскісі келіп ойқастап жүргені...
Жақында ғана «Астана» телеарнасынан
Ақтөбе қаласында құлайын деп тұрған,
шатыры жоқ, қорасы жоқ қуықтай екі
бөлмелі үйде тұратын отбасын көрсетті.
41 жастағы әйел он төртінші баласына
жүкті, «үмітіміз – қайырымды адам-
дарда» деп отыр. Отағасы басын изеп
қояды!
сырқатқа ұшырау) ескеріледі деп ой-
лаймын. Ғашықтардың «Қиындықта
да, қуанышта да бірге боламыз» деген
сертінің астарында да сол жатпай ма?
Олай болмаған күнде, мақалада
айтылған дай, үй болмағандықтан
ажырасса, екі жастың сезімінің
ш ы н а й ы л ы ғ ы к ү м ә н т у д ы р а д ы .
Алғашқы қиыншылықты еңсере алмаса
олардың шын сүйгендігі қайда қалады?
Сондай-ақ «күйеуінің жұмыссыз
қалуы» да сүйген жандарды ажырасуға
итермелейтін фактор емес. Жұмыссыз
қалған азамат жарына қолдау жасап,
бала тәрбиесіне көмектессе, уақытша
жұмыстар істеп, нәпақа тауып отырса,
оның жұмыссыздығына байланысты
кикілжің тумасы анық. Мәселе басқада:
жұмыстан шығып қалған адам үйде бос
жатуға үйреніп алса, тек ас ішіп, аяқ
босатар болса, оның үстіне басқа да
жағымсыз әдеттерге үйір болса, ұрыс-
керіс, ажырасу осындайдан шығады.
К е й б і р о т б а с ы л а р д а о с ы н -
дай жұмыс істемейтін ер адамдар
балалардың жәрдемақысынан жы-
рымшылап «тентек су» алатынын
өтірікке шығара аламыз ба? Және
бұл – біздің елге ғана тән әдет емес.
Әлемдік тәжірибеде азаматтардың
тарапынан тиісті міндеттемелер
болмаған күнде әлеуметтік көмектің
масылдықты тудыратыны баяғыда-ақ
анықталған. Оңай келер олжаға үйір
елдің экономикалық қуаты артуы-
на қолбайлау болатынын жеткізу
артық болмас еді. Батыс елдерінде
м а с ы л д ы қ қ а б е й і м а д а м д а р ғ а
негізгі салық төлеуші орта таптың
төзбеушілігі ашық айтылып, пәрменді
шаралар қолданылатынын көзі ашық,
білімді оқырман жақсы білсе керек.
Бізде де жәрдемақылардың тер төгіп,
жұмыс істеп отырған адамдардың
еңбекақысынан алынатынын түсіну
өскелең ұрпақты біреудің есебінен күн
көру психологиясынан азат етер ме еді
деп те ойладық.
Ал әзірше ел ішінде мұны түсіну
деңгейі әлі көңіл көншітпейді. Бәлкім
содан да болар, Елбасы айтқандай,
«әлдекімдер олардың мәсе лелерін
шешіп береді деп үміттену» басым.
Сондықтан, мұндай психологияның
сақталуына белгілі бір жағдайда
бұқаралық ақпа рат құралдарында
жарық көретін материалдар да әсер
ететінін ескергеніміз жөн. Өйткені
кей біреулер заман талабын емес, өзде-
ріне ыңғайлы жайды, соның ішінде
теледидардағы әлеуметтік «өткір»
сюжеттерді, газеттегі «тасқа басылған»
сөзді басшылыққа алуға бейім. Енде-
ше, бізге осы бағытта, қоғам психоло-
гиясын, адамдар ұстанымын өзгерту
бағытында да жұмыс істеу керек.
АСТАНА
Игі іс
Кәсіпкер спортқа көңіл бөлді
Бүгінде еліміздің болашағына үлес қоссам деп
жүрген жас кәсіпкерлер аз емес. Олар қаржы-
қаражаттарын мемлекеттің маңызды салала-
рын өркендетуге жұмсап, осы тұрғыда атса-
лысуда. Солардың бірі деп павлодарлық жас
кәсіпкер – Әнел Сәдуованы айтар едік.
Ол қалада балаларға арналған жекеменшік
футбол мектебін ашуды көздеп отыр. Өзінің
жобасын С.Торайғыров атындағы Павлодар
мемлекеттік университетінде өткен халықаралық
форумда таныстырды.
Әнел Садуованың айтуы бойынша, автор-
лық жобасының өзіндік ерекшеліктері бар.
Мәселен, мектепке 3 жастан 15 жасқа дейінгі
балалар қабылданады. Бұл ретте өңірдегі бала-
лар мен жасөспірімдер спорт мектептеріндегі
футбол бөлімшелері тек 6 жастан асқандарды
ғана тәрбиелейтінін атап өткен жөн. Бұл –
бірінші ерекшелік. Екінші ерекшелігі – фут-
бол мектебінің қолжетімділігі. Яғни мектепте
ұлдармен қатар, қыздардың да жаттығуына
мүмкіндік бар және оларды арнайы бап-
керлер жаттықтырмақ. Үшінші басымдығы
– оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыру.
Мектептің тәрбиеленушілері облыс, респу-
блика аумағынан тыс жерлерде өтетін оқу-
жаттығу жиындарына қатыса алады. Төртінші
ерекшелік – мұнда тек кәсіби мамандар
ғана жұмыс істейді. Бесінші басымдық –
тәрбиеленушілердің жұмысқа орналасуы. 13
жастан асқан мектеп шәкірттері облыстың,
республиканың футбол клубтарына жұмысқа
тұра алады. Аталған міндет – мектеп
басшылығының мойнында. Сондай-ақ мек-
теп мүмкіндігі шектеулі балаларды да футбол
ойынына баулымақ. Дәрістер аптасына бір рет
толықтай тегін жүргізіледі. Бұл – алтыншы
басымдық.
– Бүгінде мектептегі бес топтың арнайы жат-
тығу бағдарламасы әзірленді. Сонымен қатар
жаттығу өтетін алаңдар анықталды. Тәрбиеле-
нушілер айына 10 мың теңге төлейді. Жоба іске
қосылса, мектептің ай сайынғы табысы 750 мың
теңге болмақ. Ал таза табыс – 350 мың теңге.
Болашақта ауқымды футбол кешенін тұрғызуды
жоспарлап отырмыз, – дейді Әнел Садуова.
Әнелдің ұсынған бұл жобасы – С.Торайғыров
атын дағы ПМУ-дің базасында құрылған
өңірлік старт-ап академиясында дайындалып,
пысықталған. Академияның салтанатты тұсау-
кесер рәсіміне қатысқан облыс әкімі Болат
Бақауов жас кәсіпкерлерге сәттілік тіледі.
Университет ректоры Арын Өрсариевтің айту-
ынша, академияның ашылуы – облыс үшін тарихи
оқиға, білім ордасы үшін үлкен абырой. Оның
қоғамға әкелер пайдасы да мол.
– Біз биылғы оқу маусымы бойы, яғни 2015
жылдың қыркүйек айынан бастап 1 мыңға жуық
адамды кәсіпкерлік негіздеріне баулыдық. Оқу
жылының алғашқы жарты жылдығында 30 басым
жобаны іріктеп, кейін 30 жобаның ішінен 15-ін
таңдап алдық. Іріктеліп алынған 15 жобаның
иесін үш ай көлемінде оқытып, қосымша білім
бердік. Аталған жобалар академияның салтанатты
тұсаукесер рәсімінде көпшілікке таныстырылды.
Алдағы уақытта тағы 50 жоба бойынша жұмыс
істемекпіз» деді С.Торайғыров атындағы ПМУ
ректоры Арын Өрсариев.
Достарыңызбен бөлісу: |