күн көптік-жинақтау жалғауы қосылуы
арқылы жасалған деп таниды. Сонда қыз
ротацизм заңдылығы бойынша [з~р]
дыбыс тарының ауысып айтылуы на бай-
ла нысты қыз>қыр+күн болып, одан түбір
сөз ыңғайына қарай жалғау жуанданып,
қыр+қын болып қалыптасқан. К.Гринбектің
этимологиялық талдауына сүйеніп, қырқын
көне сөзін «қыздар» деп түсінсек, біріншіден,
«қыз-қырқын» қос сөзі «қыз қыздар» болып
шығар еді. Бұл дегеніміз – мағынасыздық.
Екіншіден, ротацизм заңдылығы бойын-
ша, [з~р] дыбыстарының ауысып айтылуы
тарихта болған емес. Мұның қате теория
екендігін 1994 жылы жарияланған «Қазақ
тілі лексикасы дамуының этимологиялық
негіздері» аталатын докторлық монографи-
ямызда егжей-тегжейлі дәлелдедік. Бұған
қайта оралудың қажеті жоқ.
Сөз төркінін ескіше-жаңаша ашудың
арасындағы айырманы зерттеушілер
ғана емес, қарапайым зиялы оқырмандар
да зерделеуі үшін осындай қадамға
баруымызға тура келді. Қорыта айтқанда,
лингвостатистикалық (арифметиканы
пайдалана отырып, тілдік талдау жасау),
лингвотекстологиялық (бір түпнұсқадан
[уақыттың өтуіне байланысты] пайда
болған бірнеше көшірмені бір-бірімен са-
лыстырып, соның арқасында айқындалған
өзгешеліктерді тілдік тұрғыдан тал-
дау) әдістер, математикалық (бұл тәсіл
уақыт өлшемі дегенді білмейді) әдістер
негізінде түбірлер мен қосымшалардың
этимология сы әлдеқайда ұтымды ашыла-
ды демекпіз.
тарды пайдаланып, абысын-ажын қос
сөзінің құрамындағы ажын формасының,
«қой дер қожа, ай дер ажа жоқ» мәтелінің
құрамындағы ажа формасының түп-
төркініне жеке-жеке тоқталалық. Егер
«ажынды» тіліміздегі құн+ажын сөзімен
салыстырсақ, оның соңғы атаудағы
«ажын» тұлғасымен толық сәйкесетіндігін
байқаймыз. Алайда семантикасын-
да айырмашылық бар. Абысын-ажын
адамдарға қарата айтылса, құнажын малға
қарата айтылған. Екеуіне де ортақ сема
– ұрғашы. Адамдарға қарата айтылған
форманы «әйел» сөзімен ауыстырсақ,
мағынасына ешқандай да нұқсан келмейді.
Ал абысын, зерттеушілердің пікірінше,
апа, сыңыл (сіңіл) сөздерінің фонетикалық,
семантикалық өзгеріске ұшыраған форма-
лары. Сонда қос сөздің ежелгі лексикалық
мәнін апалы-сіңлілі әйелдер деп түсінуге
болады. Мұндай тіркес тілімізде неліктен
қолданыс тапқан? Мұның түп-төркінін
ашуға «Ер Төстік» ертегісі жәрдемдеседі.
Ертегіге айналып кеткен аса ежелгі заман-
дарда бір отбасында қанша ер бала болса,
екінші бір отбасында сонша қыз бала
табылғанда ғана құдалық жасайтын дәстүр
болғанға ұқсайды. Еске түсірелік. Ерназар
балаларына қалыңдық іздеп жүргенде
бір үйде ілулі тұрған сегіз сырғаны көріп,
жылай бастайды. Бәйбіше: «Не болды?»
деп сұрағанда: «Тоғыз ұлым бар еді, бір
сырға жетпей тұр» деп жауап береді.
Сонда бәйбіше: «Сегіз қызым бір төбе,
Кенжекейім бір төбе» деп басқа бір жерден
тоғызыншы сырғаны алып көрсетеді. Со-
дан кейін ғана құдаласады. Бір отбасына
келін болып түскен апалы-сіңлілі қыздар
«абысын-ажын» болмағанда кім болады?
Кейін келе-келе бір аталықтан, тіпті бір
рудан апалы-сіңлілі қыздарды алғанда да
бұл қос сөз өз мәнін жоймағанға ұқсайды.
Сонымен біздің заманымыздағы «апалы-
сіңлілі әйелдер» ұғымы көне тілде «абы-
сын-ажын» тұлғасында айтылып, қазірге
дейін жетіп отыр. Орыс тіліндегі жена
(әйел) сөзінің көне түркілік ажын сөзімен
дауыссыз дыбыстары бірдейлілігінде бір
сыр бар емес пе?!
«Ажын» лексемасының құрамындағы ж
ұяңы ч>дж>ж формуласы, ы қысаңы у>ұ>ы
формуласы негізінде өзгеріске ұшырап
барып пайда болған. «Ажынды» бұрынғы
қалпына келтірсек: ачун. Түркі тілдеріндегі
ачы/әчі/ечі варианттары н сонорының
түсіріліп айтылуы салдарынан және жуан
дауыстылардың жіңішке дауыстыларға
атаулары тарихқа белгісіз көне заман-
дарда бір буынның қайталануы арқылы
жасалған сияқты. Мысалы, ба+ба=баба
(атаның әкесі, үлкен ата, арғы ата) ба
буынының қайталануы арқылы жасалып
тұр. Егер ба буынын «ата» деп түсінсек,
«баба» тіркесі «атаның атасы» деген ұғым
береді. Мұның өзі шындыққа сай. Барша
халыққа таныс сөздер – ма+ма, па+па
атаулары да осындай жолмен жасалған.
Еуропа тілдерінде ұшырасатын «ана»
мағынасында жұмсалатын
на+на термині
де осы сипатта. Қазақ тілінде осы тәсілмен
жасалған ше+ше (баланың туған ана-
сы, апа) деген сөз бар. Осы тұлғаны
математикалық жолмен анықталған фор-
мула бойынша бұрынғы қалпына келтіре
аламыз. Ш қатаңының шыққан тегі – ч
(тш) аффрикаты. Яғни ч>ш немесе ш<ч.
Жіңішке е дауыстысының шыққан тегі –
иә дифтонгісі, арғы тегі – иа. Формуласы -
иа>иә>е. Бірақ е көп жағдайда а дауыстысы
сипатында бұрынғы қалпына келеді. Сон-
да шеше деген сөзді *ча+ча түрінде ежелгі
дәуірлердегі формасына қайта түсіруге
болады.
Тіл-тілде мынадай универсалды
заңдылық бар: бұрын үнемі бірінші буынға
түскен екпін, тарихи даму барысын-
да екінші буынға түсті дегенше бірінші
буынның абсолют (ұшар) басындағы
дауыссызы жойылып кетеді. Мыса-
лы, ба+ба>а+ба. Бәрібір «аба» тұңғыс-
манчжур тілдерінде «үлкен ата», «арғы ата»
мағыналарын бере береді. Ежелгі түркілік
туысқандық атауы ча+ча формасы да осы
заңдылыққа бағынып, кейінгі дәуірлерде
ача түрінде айтыла бастаған. Қатаңдардың
ұяңдану дәуірі келгенде «аджа» формасына
түскен. Аффрикаттар ыдырағанда «ажа»
кейпіне келеді. Ең соңында жуан дауыс-
тылар жіңішкергенде осы заманғы әже
(әкесінің, сондай-ақ анасының шешесі,
үлкен шеше) атауы жұмсала бастайды.
Егер ча деген ежелгі түркілік буынды
«ана, шеше» деп түсінсек, *ча+ча сол
аса ежелгі кездің өзінде-ақ «шешенің
шешесі» деген нақты ұғымды білдірген.
Ал «ча» деген түбіртектің мағынасын
(ша+ғын) (кішкентай), «жа+с» (жасы
кіші) сөздерінің құрамындағы ша (ча>ша),
жа (ча>джа>жа) буындарымен салыс-
тыру арқылы шамалауға болады: «кіші
шеше». Бұл талданғандардан мынадай
қорытынды шығады: абысын-ажын қос
сөзінің құрамындағы «ажынға» «Қой
дер қожа, ай дер ажа жоқ» мәтелінің
несары ханның немересі Ыбырайдың
ауылы отырған жер.
Ж а р т ы т ө б е – А р ы с ө з е н і н і ң
жағасын су шайып, төбенің жартысы
қалғандықтан аталып кеткен.
Мамай төбе – Көлтоған ауылының
шығысында орналасқан. Бұл атауға бай-
ланысты екі түрлі аңыз бар. Біріншісі:
орыс тар Көлтоған жеріне келмей
тұрып, бұл жерде қоңырат алғи руының
аққөңілдік деген тармағының ауылы
болған. Сол ауыл Мама би жерленген
мазар төбенің батысында орналасқан.
«Мамай төбе» сол Мама бидің есімін ата-
лып кеткен деседі. Екінші аңыз: «Қарасай
қазы» жырындағы Орақ-Мамай (Орақ
батыр, Мамай хан) атынан қойылған
деседі. Осы Мамай селосына 1930 жылы
колхоздастыру кезеңінде кілең орыстар
қоныс тепкенін жоққа шығара алмай-
мыз. Ертеректе «Мамаевка» селосы деп
аталған. Осындағы 4 жылдық мектеп
бір кезде Мамай деген орыстың атынан
қойылғанын ауыл тұрғындары растайды.
Көлтоған ауылында орналасқан діни,
киелі жерлер жайлы аңыз әңгімелер көп.
«Оңтүстік Қазақстан
облысындағы жер-су, елді мекен
атауларының қысқаша
тарихы» кітабы бойынша
дайындаған өлкетанушы
Молдияр СЕРІКБАйҰлы
1
балка моста
көпір арқалығы
2
балка опорная
тірек арқалық
3
балка поперечная
көлденең арқалық
4
балка продольная
бойлық арқалық
5
балка равного сопротивления
тең кедергілі арқалық
6
балка распорная
кергі арқалық
7
балка хребтовая
жоталы арқалық
8
балка швеллерная
швеллерлі арқалық
9
балласт карьерный
ашық кеніш батпаны
10
баллон воздушный
ауа баллоны
11
баллон газовый
газ баллоны
12
баллон кислородный
оттек баллоны
13
банка аккумуляторная
аккумуляторлық құты
14
барашек
қосқұлақ
15
батарея
батарей
16
батарея линейная
желілік батарей
17
башня
мұнара
18
бездефектность
ақаусыздық
19
бездорожье
жолсыздық
20
безопасность
қауіпсіздік
21
безопасность движения
қозғалыс қауіпсіздігі
22
безопасность дорожного движения
жол қозғалыс қауіпсіздігі
23
безопасность жизнедеятельности
тіршілік қауіпсіздігі
24
безопасность полета
ұшу қауіпсіздігі
25
безопасность послеаварийная
авариядан кейінгі қауіпсіздік
26
безопасность психологическая
психологиялық қауіпсіздік
27
безопасность техники
техника қауіпсіздігі
28
безопасность транспорта
көлік қауіпсіздігі
29
безопасность транспортного средства
көлік құралы қауіпсіздігі
30
безопасность экологическая
экологиялық қауіпсіздік
31
безперебойность
кідіріссіздік
32
безразмерность
өлшемсіздік
33
бензин авиационный
авиациялық бензин
34
бензин зимний
қысқы бензин
35
бензин летний
жазғы бензин
36
бензоуказатель
бензинкөрсеткі
37
берег левый
сол жағалау
38
бесконечность
шексіздік
39
бетон легкий
жеңіл бетон
40
бетон особолегкий
ерекше жеңіл бетон
41
бетон тяжелый
ауыр бетон
42
бетононасос
бетонсорап
43
бетоновоз
бетонтасығыш
44
бетонолом
бетонбұзғыш
45
бетонораспределитель
бетонтаратқыш
46
бетоносмеситель
бетонқоспалауыш
47
бетоноукладчик
бетонтөсеуіш
48
бетонщик
бетоншы
49
биение
соғу, дүрсіл
50
биение заплечиков вала
білік иықшасының соғуы
51
биение коллектора
коллектордың соғуы
52
биение подшипников колес
дөңгелек мойынтірегінің соғуы
53
биение полное
толық соғу
54
билет детский
балалар билеті
55
билет единый
бірыңғай билет
56
билет обратный
қайту билеті
57
билет проездной
жол жүру билеті
58
билет разовый
біржолғы билет
59
билет ученический
оқушылар билеті
60
биотопливо
биоотын
61
биофильтр
биосүзгі
62
биспираль
қосшиыршық
63
битумопровод
битумқұбыр
64
битумы вязкие
тұтқыр битумдар
65
битумы дорожные
жол битумдары
66
битумы жидкие
сұйық битум
67
битумы окисленные
тотықтырған битум
68
бобышка
дөңесше
69
инструмент автомобильный
автомобиль құралы
70
инструмент алмазный
алмас құралы
71
инструмент измерительный
өлшеуіш құрал
72
инструмент кузнечный
ұста құрал
73
инструмент металлорежущий
металкескіш құрал
74
инструмент режущий
кескіш құрал
75
инструмент резьбонарезающий
оймакескіш құрал
76
инструмент технологический
технологиялық құрал
77
инструмент ударный
соққыш құрал
78
инструмент универсальный
әмбебап құрал
79
инструмент электрический
электр құрал
80
инструментальная
құралхана
81
инструментальщик
құралшы
82
интенсивность движения
қозғалыс қарқындылығы
83
интенсивность движения расчетная
есептік қозғалыс қарқындылығы
84
интенсивность движения приведенная
келтірілген қозғалыс қарқындылығы
85
интенсивность нагрузки
жүктеме қарқындылығы
86
интенсивность пешеходного потока
жүргіншілер ағынының қарқындылығы
87
интенсивность потока
ағын қарқындылығы
88
интервал безопасности
қауіпсіздік аралығы
89
интервал взлета
ұшу аралығы
90
интервал горочный
дөңес аралығы
91
интервал движения
қозғалыс аралығы
92
интервал изменения скорости
жылдамдық өзгеруінің аралығы
93
интервал межпоездной
пойызаралық интервал
94
интервал следования поездов
пойыздардың жүріс аралығы
95
интервал станционный
станса аралығы
96
интервал температурный
температуралық аралық
97
интермодальные перевозки
интермодалдық жүк тасу
98
интерцептор
интерцептор
99
информативность транспортного сред-
ства
көлік құралының ақпараттылығы
100
информация аэронавигационная
аэронавигациялық ақпарат
101
информация диспетчерская
диспетчерлік ақпарат
102
ионизация воздуха
ауаның иондануы
103
искажение результатов измерения
өлшеу нәтижесінің бұрмалануы
104
искажение структуры материала
материал құрылымының бұрмалануы
105
искатель линейный
желілік іздеуіш
106
искатель шаговый
қадамдық іздеуіш
термИнологИя және уақыт
(Жалғасы бар)
өзтаным
өзтаным
С
өз төркіні
Қарашаш сұлу Жиренше үйде жоқта ауырып қаза болыпты.
Әз Жәнібек хан «Жиреншеге біз естірте алмаспыз, өзіне-өзі
естірсін, ешқайсың сездіріп қоймаңдар» деп уәзірлерімен сөз
байлап қояды. Бір күні Жиренше шешен елге қайта оралып ханның
үйіне түсіп сәлемдесіп отырады. Хан Жиреншеге:
– Ау, шешенім, әкесі өлген қалай болады? – депті.
Жиренше шешен отырып:
– Әкесі өлген асқар тауы құлағанмен бірдей болады.
– Шешесі өлген қалай болады?
– Ағар бұлағы суалғанмен бірдей болады.
– Ағасы өлген қалай болады?
– Оң қанаты қайрылғанмен бірдей болады.
– Інісі өлген қалай болады?
– Сол қанаты қайрылғанмен бірдей болады.
– Апа-қарындасы өлген қалай болады?
– Ұзын өрісі қысқарғанмен бірдей болады.
– Қатыны өлген қалай болады?
– Ах! Менің Қарашашым өлген ғой? – депті сонда Жи-
ренше. Ол күйініп қамшысын таянғанда, қамшының
сабы ортасынан шорт сынып кетіпті. «Қатын
өлді, қамшының сабы сынды» деген сөз со-
дан қалған екен.
Алақаныңды тоссаң жаңбыр алты
күн, жүзіңді тоссаң, жүз күн жауа-
ды – жаңбырға алақанды тосу – сол
жаңбырдың қажеттігін көрсету, ал жүзін
тосу – жаңбыр астында жүріп шаруа-
мен шұғылдану деген мағынаны білдірсе
керек.
Жаумай қойса, жаңбыр жау – жаумай
қойған жаңбырдың адам баласына жау
болатын себебі: жаңбыр жаумаса, өсімдік
қурайды, егін шықпайды, бау-бақша
солады, құрғақшылық арты жұтқа ай-
налады, мал қырылады, т.б. апаттарға
жалғасуы мүмкін.
Жаңбыр жауса – жер тоқ, Егін ексе –
ел тоқ, Бұлақ ақса – көл тоқ, Еңбек ексе
– ер тоқ – 1. Жаңбырдан жер қоректеніп,
мол жеміс береді, егін егіп, мол түсім
алған елдің қарны тойып, мерейі өседі;
бұлақ сулары көп болып ақса, олар ба-
рып құятын өзен, көп сулары да толыға
түседі; ер ерінбей еңбек етсе, ел ішінде
тоқшылық орын алады; 2. ауыс. Игілікті
құбылыстар мен істердің баршасы табиғат
пен адамды молшылық пен тоқшылыққа
бөлейді.
Жауынды күні ат көрме, Айтты күні қыз
көрме – 1. Жылқы малының ажары оның
бітім-болмысына ғана емес, түк-түрінің
бояу-реңкіне байланысты. Оның әрлі-
әрсіздігі, әсіресе, үстін тазалап жуғанда,
не жауынды-жаңбырлы күндері айқын
байқалады; сондықтан да ат таңдаған
адам оны түк-түсі жарқырап тазаланған
жауынды күні емес, жай күндері көріп,
ұнатып алғаны жөн; сондай-ақ қыз
таңдайтын жігіттер оларды қызыл-жасыл
желеңге бөленіп, жасанып, құлпырып
шығатын айт күндерінде емес, жай
күндері іздегені жөн. Бұл – қыздардың
жасанды тұлғасын көріп, «шынайы сұлу
мен шырайсыз қыздарды шатастырып
жүрме» деп ескерту; 2. ауыс. Бұл – әр
нәрсені өзінің табиғи көрініс, болмысына
қарай тани біл деген мағынада.
Д
еген екен
С
із білесіз бе?
С
өз тегі
Ханның Жиреншеге
естіртуі
Жаңбыр жауса –
жер тоқ
Өзге тілдегі нұсқалар
Бетті дайындаған Гүлсінай иСАЕВА,
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты
Этнолингвистика бөлімінің аға ғылыми қызметкері,
филология ғылымының кандидаты
Халық мамыр айын былай деп
жырлаған:
Жұлдыз аты тағылған,
Айы зауза туады.
Дала көкке малынған,
Гүлге алуан тұнады.
Аққу құс пен үйрек, қаз,
Бекімеген топшысы.
Балапаның үрпек бас
Мамыр дейді шақты осы.
Әні, күйі көп үнді,
Ерекше тұр, сыңайы.
Мерекелі, көңілді
Май – көктемнің соңғы айы.
Көк шығып жерге балауса,
Тояттады мал біткен.
Жан-жануар исініп,
Мамырлап тірлік жан біткен.
Қ а з а қ т і л і н д е а й а т т а р ы н ы ң
бірнеше нұсқасы сақталған. Қазіргі
қолданыстағы ай аттары әр жүйенің
ішінен құрастырылған жиынтығы
деуге болады. Мәселен, мамыр айы
кеңес дәуірі кезінде әдеби тілде май
д е л і н д і . М ұ қ а ғ а л и М а қ а т а е в т ы ң
шығармаларында «Мамылжыған ма-
мырдан май тамып тұр» деген жолдар
кездеседі. Ал ай аттарына қатысты
шыққан еңбектерде мамыр айы ша-
руалар тілінде сәуір, аңшылар тілінде
қ ұ р а л а й а й ы д е п а т а л а т ы н д ы ғ ы
көрсетіледі.
Мамыр атауының шығу төркіні
көктемгі табиғат құбылыстарының
ШАШыН: жауын-шашын. Мағы-
насыз сыңары түбір деңгейінде жіктеп
талдауды қажет ететін қосарлама
қос сөзге, мысалы, жауын-шашын
қос сөзін жатқызуға болады. Мұнда
да оның екінші сыңары – шашын
сөзі түркі тілдерінде жауын, жаңбыр
сөздерімен қосарлана қолданылуы
нәтижесінде өзінің дербестігінен айы-
рылып, сол сөздердің шылауындағы
« б о д а н » с ө з г е а й н а л ғ а н д ы ғ ы н
көреміз. Қос сөздің жалпы мағынасы
– «аспаннан жауатын қар, бұршақ,
жауын» (жел боран араласатын)
атмосфералық құбылыс.
Бұл қос сөз де түркі тілдері
(ш~ч~с~дж) мен интервалды жағдай-
дағы өзгерісіне (қ~ғ) байланысты
екендігі т.т.
Алайда қос сөздер этимологиясы
көп жағдайда, аса қажеттілігі болмаса,
түбір деңгейіне бара қоймайды.
Түбір деңгейінде жасалуға қажетті
этимологияға мысал ретінде жауын-
шашын қос сөзінің екінші сыңары
шашынды алуға болады. Бұл да түркі
тілдерінде кең тараған қос сөздің
құрамында ғана кездесіп, «жауын»
не «жаңбыр» мағынасында жеке-
дара қолданылмайтын сөз. Қар,
жаңбыр, бұршақ сияқты аспаннан
жауатын, төгілетін, шашырап түсетін
атмосфералық құбылыстарға балап,
түркі тілдеріндегі: қырғызша – жаан-
чачын, өзбекше – гин-чочин, ұйғырша
– йеғин-йешин, ямғур-йешин, т.т. қос
сөздің шашын сыңарының төркінін
шаш- («разбрасывать», «разбрызги-
ерекшелігіне сүйенеді. Қазақ сөздігінде
бері луі бойынша, мамыр сөзі «1. Күн-
тізбелік жылдың бесінші айы, көк-
темнің үшінші айы; жайма-шуақ кез;
2. Жылқының аяқ ауруы; 3. Үйрек,
қаздың балапаны» деген мағыналарды
білдіреді (1). Бұл сөздің күнтізбедегі
ай атауы ретінде қалыптасуын сөздікте
келтірілген үшінші мағынасымен
б а й л а н ы с т ы р у ғ а б о л а д ы . С е б е б і
қазақ күнтізбесін зерттеушілер, көлге
қонған қаз бен үйректің бабына келіп,
семіріп, балапанданып, мамырлап
қалу құбылысымен байланыстырады;
яғни құстардың семіріп, ұша алмай,
мамырлап қалған сәтімен теңестіреді.
Б.А.Куфтин бұл мамыр сөзін «ақсақ»
м а ғ ы н а с ы м е н т ү с і н д і р е д і . Я ғ н и
құстардың балпаңдап, жүре алмай,
ақсап қалу бейнесін таныту мақсатында
қолданған болса керек. (2).
Жалпы көктемнің басты белгілерінің
бірі – жыл құстарының ұшып келіп,
жұмыртқа салуы, сайраңдауы, көлдің
сәнін келтіруі. Мамыр айы осыған орай
аталса керек. Шынында да, осы айда
аққу, қаз, үйрек құстары балапандарын
ұядан ұшырады. Бұған негіз болатын
тағы бір дерек – халықтық таным-
түсінікте осы айда туылған нәрестеге
«Мамыр» есімі қойылады (3).
Тілімізде мамыр сөзінен қалып-
тасқан мамыр болды «бақуатты, жанға
жайлы тұрмыс кешті», көңілі мамыр
болды «көңілі жайланды», мамыра-
вать», «оприскивать» мағынасындағы)
етістігінен шығарушылар да бар. Бұл,
әрине, ғылыми этимологияға жатпаса
керек.
Б ұ л а р а д а е л д і ш а т а с т ы р ы п
отырған шашын сөзінің төркіні шаш-//
уач- етістігі деп қарау. Шын мәнісінде
бұл – түркі-моңғол тілдеріне ортақ
әртүрлі тұлға мен мағынада қол-
данылатын синкретикалық (әрі есім,
әрі етістік) түбір. Бұл түбір моңғол
тілдерінде және олардың әсеріне
көп ұшыраған кейбір Сібір, Алтай
(ұранхай, тува, хакас, т.б.) тілдерінде
сөз басында ч~ц дыбыстарын сақтаса
(чаъс – тува, час – ұран хай, цас~час
– моңғол), қыпшақ, қарлұқ, оғыз
тобындағы тілдер сөз басында
ч~ш~ж~й дыбыстарын қолданады.
Міне, осы заңдылық тұрғысынан
қарайтын болсақ, жасын~жасыл~ж
Достарыңызбен бөлісу: |