Сеніп, оның ажырамас бөлшек екенін мен өз жүрегім арқылы сеземін



Pdf көрінісі
Дата26.11.2023
өлшемі132,12 Kb.
#128376


1.1. 18 
1.2. Әйел 
1.3. Қазақ 
1.4. Жоғары 
1.5. Орташа 
1.6. Ия, есептеймін 
1.7. Байназарова Адия 
1.8. Алматы қаласы 
2.1.
Бүкіл әлемді және адамды жаратушы ие - Жалғыз Алла адам 
баласының жүрегін өзіне ұштастыра жаратады, яғни Жаратушның барына 
сеніп, оның ажырамас бөлшек екенін мен өз жүрегім арқылы сеземін. 
Діннің басты мақсаты - адамның рухани жетілуі және оның Жаратушы 
Құдаймен байланысын орнату болса, ислам тұжырымдамасы бойынша, 
рухани жетілу сатысының бірінші деңгейінде тұрған адамның алғашқы 
махаббаты, таза құлшылығы, қорқынышы Аллаға арналады. Сөйтіп, 
шынайы діндар болып, жас кезінен Алланың ғана 
бұйрығын орындаушы болып өседі. Барлық тіршілік құбылыстары Алла 
Тағаланың қолында екеніне және кінәлі істері үшін оның қарғысына 
ұшырайтынына мен кәміл сенемін. 
Имандылық мінезі әрбір мұсылманның бойынан табыла бермейді. Атам 
қазақтың адамгершілік ұғымын имандылық сөзімен беруінде ерекше мән 
бар. Өйткені, адамгершілік пен имандылық арасында үлкен айырмашылық 
бар
. Адамгершілік – барлық адамның бойында бола алатын адамның 
адамдық болмысынан (кісілігінен)
туған қасиет

Имандылық әлемнің 
Жаратушысы, Ұлы Досына деген иман атты сүйіспеншілігінен туған аса 
ізгі кісілік қасиет.
Яғни, әрбір имандылықта адамгершілік бар болса да 
әрбір адамгершілікте имандылық болмауы бек мүмкін. Сондықтан қазақта 
имандылық – ауқымы аса кең үлкен пәлсапалық ой-толғамға ие, ерекше 
мәнді ұғым. Атам қазақ 
иманын – өз болмысының тірегі мен ар-ожданның 
асыл тас ақиқаты деп ұққан
. Сол себепті атам қазақ 
жүректен иман 
шыққаннан
кеудеден жан шығуды артық санаған
. Оған атам қазақтың 
мына сөзі куә: «Малым 

жанымның садақасы, жаным 

арымның 
садақасы». Бұл жерде атам қазақтың «арым» деп отырғаны 

иман. «Ұят 
кімде болса, иман сонда» деуі де, содан қалған. Ар-ұятын сатқан жанға 
«иманын сатты», арсыз жанға «имансыз» деген сөзбен түйреген. 
Мен өз-өзімді иманды, ислам дініне сенетін адаммын деп санағанның 
өзінде, бұл дін жайлы еш мағлұмат білмейтінім өзіме анық. Бұл өмірде 
Алла Тағаланың бар екеніне күмәнім жоқ, сенемін, бірақ таза мұсылман 
ретінде бірде- бір сүре білмеймін, бірде- бір рет мешітке дұға тілеуге 
барып көрмегенмін. Бұл нәрсе ұят деп санамаймын! Әрбір адамның өзінің 


басқа да көздеген мүдделері, қызығушылықтары болады. Ең бастысы 
адамзат жүрегі таза, ұстанатын дініне құрметпен қарауы маңызды.
2.3

1.Орамал тағатын әйел адамы ислам дініне өте жақын адам деп 
есептеймін. Оның тағатын басты себебі адамның өзіне байланысты 
болады. Ақыретте жасаған күнәләрі жауапқа тартылмас үшін, Алла 
алдында таза болу үшін шығар бәлкім. 
2.Тазалық, имандылық 
2.4. А , В , С , G , О 
2.5. L , I 
2.6. Болашақта дінге және мұсылман орамалына 
(хиджаб) деген көзқарастың өзгеруі мүмкін деген болжамым бар. Себебі, 
қазіргі таңда, бәріне топырақ шашпаймын, бірақ орамал тағып жатқан 
кісілер қоғамға еліктеп тағуда. Кейін ұнама жатса шешіп тастайтындар да 
болып жатады. Онымен қоса ислам дініне қатты кіріп кеткен мұсылмандар 
өздерін Арабқұлдар деп санап, Қазақстанның туын арабтар стильінде 
өзгертіп , Қазақстан бұл Арабстан деп жүргендер аз емес. Менің ойымша
адам ең алдымен өз ұлтын қойып, кейін өз дінін қою керек. Біз ұлтымызды 
таңдамаймыз! Ислам дініне еш қарсылығым жоқ, бірақ осындай адамдар 
қоғамды күйзелтеді.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет