Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет146/521
Дата20.09.2023
өлшемі3,76 Mb.
#109121
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   521
Адам мәселесi
Р.Декарттың «Адам – машина» деген көзқарасын ары қарай 
жалғастырып, Т.Гоббс адам да дене ретiнде күрделi механизм дедi. 
«Өмiр – бөлшектердiң әртүрлi қозғалыстары «жүрек – серіппе, жүйке – 
жiптер, адамның аяқ-қолдары – машинаның дөңгелектерi сияқты бүкiл 
денеге қозғалыс бередi» т.с.с. Егер Р.Декарт адамның денелiк емес жан 
дүниесiн мойындаса, Т.Гоббс психиканың өзiн механистiк тұрғыдан 
түсiндiргiсi келдi.
Адамның моральдық қасиеттерiн ойшыл оның табиғаты арқылы 
түсiндiредi. Бұл жағынан, оның көзқарасы Н.Макиавеллиге өте жақын. 
Адам табиғаты өзiмшiлдiкке негiзделген. «Адамдар өз табиғаты бо-
йынша қомағай, тойымсыз, қорқақ, долы т.с.с. хайуандыққа толы», ал 
қоғамдық пенде ретiнде олар «пайда мен мансап» iздейдi, тек өздерiн 
ғана сүйедi», – дейдi ұлы ойшыл.
Т.Гоббс адамдардың өзiмшiлдiгiнен шығатын мүдделерi мен 
мақсаттарына көп көңiл бөледi. Қоғам өмiрiнде әртүрлi мүдделер бiр-
бiрiмен соқтығысып, құқық ғылымының әдiлдiкке негiзделуiне жол 
бермейдi, заңдар бұрмаланады т.с.с. «Егер геометрия қағидаларының 
адамдардың мүдделерiне қатысы болса, онда ол кiтаптарды адам-
дар жағып жiберер едi», – деген нақыл сөз – осы кiсiнiкi. Сондықтан 
моральдық құндылықтардың негiзiнде мүддеден шығатын пайда-
күнемдік жатыр. Жақсылық пен жамандық, игiлiк пен зұлымдық деген-
дер туралы сұраққа «жақсылық, игiлiк» деген сөздермен бiзге ұнайтын, 
пайдасы бар нәрселердi айтамыз, ал зұлымдық деп оған қарама-қарсы 
жатқан нәрселердi көрсетемiз», – деп жауап береді. Мұндай мораль 
саласындағы көзқарасты бiз 
утилитаризм
(utilitas – латын сөзi, пайда) 
деймiз.


167
Әрине, адам мәселесiн талдағанда, ерiктiлік мәселесiн аттап өте 
алмаймыз. Т.Гоббс ерiк тек қана адамның ахуалынан ғана шығатын 
құбылыс емес деген тұжырымға келедi. Ерiктiлік дегенiмiз – барлық 
дүниедегi нәрселерге тән. Мысалы, ыдыс сынса, iшiндегi су ерiктiк 
алады.
Дегенмен адамның ерiктiлігi – өте қиын шаруа, өйткенi ол жалғыз 
емес, өмiр жолында мыңдаған басқа адамдармен қарым-қатынасқа 
түседi. Сондықтан, бiр жағынан, ерiктi болса, екiншi жағынан, 
қоғамдық қажеттiктен аттап өте алмайды. Олай болса, олар бiр-
бiрiн толықтырады. «Өзендегi судың ағысы ерiктi де қажеттi, өйткенi 
ол арнасынан шығып кете алмайды». «Адам да сол сияқты», – деп 
қорытады ұлы ойшыл.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   521




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет