Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет166/521
Дата20.09.2023
өлшемі3,76 Mb.
#109121
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   521
Джордж Беркли
(1681-1753 жж.) болды. Ол өзiнiң философиясын 
«Дүниедегi барлық өмiр сүруші – жалқы» деген қағидадан бастайды. 
Ал жалпы дегенiмiз – ол жалқының нақты қорытылған бейнесi ғана. 
Дерексіз жалпы ұғымдар сөздердiң негiзiнде жатқан жалпы идеяларды 
көрсетедi деген жалған пiкiрдi басшылыққа алып, көп философтар, 
ойшылдар алданады. Ал, шындығында, сөз жалпы идеялардың белгiсi 
емес, керiсiнше, көп нақтылы заттардың белгiсi. Осындай қағиданың 
негiзiнде Д.Беркли дерексіз жалпы ұғымдардың керек еместiгiн, әсiресе 
философиядағы материя ұғымының зияндығын, неше түрлi дау-дамай-
ларды туғызатынын көрсеткiсi келедi.
Д.Берклидiң философияда жасаған екiншi қадамы – Дж.Локтың 
бiрiншi және екiншi сапалар деген iлiмiн сынап, таным үдерісінде адам 


189
тек қана өзiнiң түйсiктерiнiң әртүрлi қосындыларымен кездеседi деген 
пiкiрге келуi. Яғни Д.Беркли зерттелiп жатқан заттардың қасиеттерiн 
адамның түйсiктерiмен теңедi. Мысалы, шиенi алсақ, ол қоңыр-қызыл 
түстi, дөңгелек, жұмсақ, қышқыл-тәттi. Осы түйсiктердiң бәрiн алып 
тастасақ, онда шиеден не қалады? «Ештеңе», – деп жауап бередi 
Д.Беркли. «Шынына келгенде, нысан мен түйсiк – бiр және оларды бiр-
бiрiнен ажыратуға болмайды», – дейдi ойшыл.
Мұндай көзқарас философияда 
солипсизмге
(solus – латын сөзi
«жалғыз өзiм» деген мағына бередi) әкеледi: яғни дүниеде мен ғана 
өмiр сүрiп жатырмын, ал бүкiл әлем, басқа заттар мен адамдар менiң 
түйсiктерiмнiң әртүрлi қосындылары ғана деген пiкiр тудырады.
Мұндай ерсi пiкiрден аулақ болу үшiн, Д.Беркли: «Дүниенiң өмiр 
сүруiн мойындаудың негiзi жеке адамның санасында ғана емес, соны-
мен қатар басқа адамдардың да дүниенi қабылдауымен байланысты», – 
деген пiкiрге келедi.
Ал көп адамдардың дүниедегi белгiлi бiр заттар жөнiндегi ортақ 
пiкiрi, олар жөнiндегi ортақ пiкiрлерi, бiр-бiреуiмен келiсiмi Құдайдың 
құдiреттi күшiнде жатыр. Сонымен, қорыта келе, Д.Беркли алғашында 
тек қана жалқыны мойындап, материалистiк көзқарастан бастап, 
келесi сатыда субъективтiк идеализмге жетіп, соңында теологиялық 
көзқарасқа келiп тiреледi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   521




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет