Серік Мырзалы философия оқу құралы


§ 1. ХVIII ғ. ағылшын философиясы



Pdf көрінісі
бет162/521
Дата20.09.2023
өлшемі3,76 Mb.
#109121
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   521
§ 1. ХVIII ғ. ағылшын философиясы
Ағылшын философиясының ХVIII ғ. көрнектi өкiлi 
Джон Толанд 
(1670-1722 ж.ж.) Англия, Шотландия, Голландия елдерiндегi универси-
теттерде оқып, бiлiм алған.
Негiзгi еңбектерi: 
«Христиандық құпиясыз бiлiм», «Пантеисти-
кон»
.
Бұл еңбектерiнде Д.Толанд христиан дiнiнiң мистикалық, ақыл-ойға 
сыймайтын жақтарын қатты сынға алады. Оның ойынша, қайсыбiр 
дүние жөнiндегi ақпарат түсiнiктi болуы керек, ал iстейтiн iс мүмкiн 
болуы қажет. Ақыл-ойға сыймайтын, оған қайшы келетiннiң бәрi жоққа 
шығарылуы керек, өйткенi ол мүмкiн емес, я болмаса еш нәрсе емес.
Д.Толандтың ойынша, христиан дiнi алғашқы пайда болған кезiнде 
өте жақсы дiн болған. Бiрақ, жүре келе, дiни қызметкерлер неше 
түрлi дiни рәсiм, ырымдарды ойлап шығарып, оның мән-мағынасын 
бұрмалаған.
Өзiнiң онтологиялық (болмыстық) көзқарастарында ол деистiк 
қағиданы ұстаған. Құдай материалдық дүниенi жаратқанда, оған 
iшкi 
күш
пен белсендiлiк қасиеттерiн берген. Сондықтан материя өне бойы 
қозғалыста.
Ал адамның ойлау қабілетiне келер болсақ, ол – адамның миының 
қызметi. Идеяны денеден бөлiп алып қарауға болмайды. Ойлауды 
табиғи нәрсе ретiнде көрсету үшiн, Д.Толанд: «
Бүкiл табиғат тiрi
(гилозоизм), өйткенi оны тудырған Құдай – ғарыштың ақыл-ойы мен 
рухы», – деген көзқарасқа келедi.
Келесi ағылшын философы – 
Антони Коллинз
(1676- 1729 жж.) 
Итон және Кембридж университеттерiнде оқып, бiлiм алған. Негiзгi 
еңбектерi: 
«Адамның ерiктiгi туралы философиялық зерттеулер», 
«Ерiктi ойлау жөнiндегi қағидалар»
т.с.с.
Өзiнiң шығармаларында А.Коллинз адамның ерiктiлiгiне қарсы 
шығып, адам – қажеттiлiктiң пендесi деген пiкiрге келедi. Адамның 


185
идеяларды қабылдауына, яғни оның түйсiктерi мен дүниетануына 
келер болсақ, олардың бәрi де сыртқы дүниеге, солардың бiзге тигiзетiн 
әсерiне байланысты, бiз олардан ерiктi емеспiз. Сондай-ақ адамның 
ойлау қабiлетiн алар болсақ, ақиқатқа жету де сол қаралып жатқан 
бiздiң ойымыздағы заттардың табиғатына байланысты. Ал адамның 
ынтық болып тiлейтiнiнiң өзi де оның қажеттiлiктерiмен байланысты, 
ал оларды да ол сыртқы дүниеден табады.
Ал бiз iс-әрекет жасауға кiрiссек, ол iс те сыртқы бiр кедергi кез-
дескен кезде заңды түрде тоқтап қалады т.с.с.
Сонымен, А.Коллинз қажеттiлiктi асыра көрсетiп, адамның ерiктiгiн 
жоққа шығаруға тырысады.
Ал өзiнiң болмысқа деген көзқарасында А.Коллинз деистiк бағытта 
болды, дүниенiң алғашқы рухани себебi бар деген пiкiрге келдi. Осы 
тұрғыдан алғанда, дүниедегi қажеттiлiк – ол Құдайдың алдын ала 
бәрiн болжауы.
Қажеттiлiктен ерiктiк тумаса да, А.Коллинздiң ойынша, ерiктiктiң 
«екiншi түрi» бар. Адам өзiне қалай ұнаса, солай iс-әрекет жасай 
алады. Адам ерiктi түрде дүние, қоғам жайында ойлай алады. Әрине, 
ең соңында, бiздiң iс-әрекетiмiз де, ой-өрiсiмiз де заттың өзiндiк 
табиғатымен анықталады.
Бiрақ адамның ерiктi ойынан жақсы еш нәрсе жоқ. Нағыз ақиқатқа 
бiздi жеткiзетiн құрал – ол ерiктi ой-өрiс. Ақыл-ой арқылы тек 
қана табиғатты зерттеп қоймай, дiннiң қағидаларын да сынға алу 
керек. Өйткенi ұзақ ғасырлар бойы дiни қызметкерлер дiннiң негiзгi 
мәселелерi жөнiнде ортақ пiкiр таба алмай, дауласып келедi.
Мысалы, Құдай дене ме, жоқ па? Адамға ұқсай ма, әлде жоқ па? 
Ол ашуланып, я болмаса қуана ала ма? Ол кекшiл ме, иә тек iзгiлiктi 
жақтай ма? 
– Бiреулер Киелi кiтап деп Библияны есептесе, екiншiлер Құранды, 
үшiншiлер Авестаны т.с.с. санайды. Христиан дiнiнiң үштiгi, қайта 
тiрiлу, о дүниедегi жұмақ пен тозақ, алғашқы күнә сияқты мәселелер 
бойынша осы уақытқа дейiн дұрыс түсiнiк жоқ, – деп қорытады 
А.Коллинз. 
Сондықтан әр адам ерiктi өзiнше ойлауы керек, сонда ғана дiндегi 
неше түрлi бұрмалаулардан құтылуға болады.
А.Коллинз дiн саласында төзiмділік керек екенiн баса айтып, 
қайсыбiр дiни фанатизмге қарсы шығады. «Көне және қазiргi тарих-
тағы болған қандай оқиғаларды дiни фанатизмнiң қатыгездiгiмен 
салыстыруға болады? Дiнге бола қаншама қан төгiлiп, елдер дағдарып 
қалды? Бұл А.Коллинздiң уақытында қойған сұрақтары бүгiнгi таңдағы 
адамзатқа да өзектi мәселе емес пе? 


186


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   521




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет