Серік Мырзалы философия оқу құралы


§ 2. Фихтенiң философиясы



Pdf көрінісі
бет187/521
Дата20.09.2023
өлшемі3,76 Mb.
#109121
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   521
§ 2. Фихтенiң философиясы
Иоган Готлиб Фихте
(1762-1814 жж.) – И.Канттан кейiнгi немiс 
классикалық философиясының өкiлi. Иена және Лейпциг универси-
теттерiнде оқып, бiлiм алған. 
Бiр жағынан, И.Фихтенiң өмiр сүрген уақыты Наполеонның Еуропа 
елдерiн жаулап алып, империя құруымен байланысты болса, екiншi 
жағынан, Германияның өзiндегi феодалдық қатынастардың iрiп-шiрiп, 
буржуазиялық-демократиялық қоғамға қарай бетбұрысымен байла-
нысты болды.
Сондықтан И.Фихтенiң бүкiл жан-дүниесiн баурап алған идея – ол 
немiс халқын азат ету, оған бостандық әперу, екiншi жағынан, жеке 
тұлғаның ерiктiгi үшiн күресу, феодалдық адам тәуелдiлiгiне қарсы 
шығу.
Бұл идеяларды философиялық жолмен негiздеу үшiн И.Фихте 
субъективтiк идеалистiк философия жолына түсiп, өзiнiң тамаша ойла-
рын дүниеге әкеледi.
И.Фихтенiң философиясын терең түсiне алмаған замандастары ол 
жөнiнде неше түрлi аңыздар қалдырған. Солардың бiрi: Фихте өзiнiң 
зайыбымен театрға келгенде, әйелдер бiр-бiрiне сыбырлап: «Фихте 
мырза, бiздi айтпағанның өзiнде, өз әйелiн басындағы қиялы ғана деп 
есептей ме екен», – деп күлген екен.
Немiс халқын азат ету жолында Фихте соғысқа өз еркiмен кетiп, 
сүзек ауруынан 1814 ж. қайтыс болады.
Негiзгi еңбектерi: 
«Ғалымның мiндетi», «Ғылым жөнiндегi iлiм», 
«Немiс ұлтына арналған сөздер»
т.с.с.
Адамның ерiктiлiгiн, оның моральдық iс-әрекетiн негiздеу жолында 
Фихте тұлғаның рухани белсендiлiгiн көрсетедi, ал оның өзi бүкiл 
әлемнің негiзiн құрайтын рухани үлкен күштiң жалғасы ретiнде 
түсiндiрiледi. 
Фихтенiң ойынша, дүниенiң бастауы «Үлкен Менге» барып тiреледi. 
Ол – ешқандай шектелмеген, таза, қайсыбiр сезiмдiктен жоғары 
белсендiлiк, ерiктiк, iс-әрекеттiк, өзiн-өзi толығынан танып-бiлуге 
ұмтылған, өзiнiң себебi өзiндегi рух. Сондықтан ол дүниенi өз iшiнен 
жарата алады.
Фихтенiң ойынша, дүниенiң өмiр сүруiнiң үш негiзi мынандай:
1. Алғашында орасан зор тебiренiс арқылы «Үлкен Мен» өз-өзiн 
анықтап, «Мен – Менмiн» деген дәрежеге келедi.
2. Келесi сатыда «Мен» өзiнен «Мен еместi» тудырып, өзiне қарсы 
қояды. «Мен емес» өз iшiнде «кiшi Мен» (оның санасы бар) мен бiрге 
табиғатты (оның санасы жоқ) қамтиды. Демек, «кiшi Мен» – ол тарихта 
өмiр сүрiп жатқан тұлғалар – тiрi адамдар.


213
3. Соңғы сатыда шексiз «Үлкен Мен» мен өзi тудырған «Мен еместiң» 
арасында, бiр жағынан, шексiздiкке бағытталған, екiншi жағынан, шек-
телген диалектикалық байланыстар пайда болады. 
Сонымен қатар «Мен еместiң» өз iшiнде адам (кiшi Мен) мен 
Табиғаттың арасында «кiшi Меннiң» белсендiлiгi, оның қоршаған 
ортаны, қол астындағы болмысты өзгерту, «Үлкен Менге» қарай 
ұмтылу, соған қосылу iңкәрiнiң негiзiнде күрделi байланыстар пайда 
болады.
Фихтенiң ойынша, «Мен еместiң» iшiндегi құрамдас бөлiк – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   521




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет