23
Ғылым саласындағы Жаңа дәуірдегі және ең жаңа ХХI ғ.
мұндай
шытырман күрделі өзгерістер философия пәніне өзінің қандай ықпалын
тигізді? Расында да, философия жеке ғылымдардың өзінше дербес пәнге
айналуымен «жалаңаш корольге» ұқсас болып қалған жоқ па деген са-
уалдар оқырманның ойына келуі мүмкін.
Мұндай сауалдарға біз үзілді-кесілді: «Жоқ», – дер едік. Өйткені
жеке ғылымдар саласы қалыптаса бастасымен-ақ, философия да бірте-
бірте
өзінің шынайы мәселелеріне
тереңірек қарап, оның
өз-өзін
табуын жеңілдетті.
Тарихи философияның ғасырлар бойы «натурфилософиялық мәсе-
лелермен» айналысу себебі – жеке ғылымдардың дербес пән ретінде өмір
сүре алмауы; сондықтан философия жаратылыстану
мен әлеуметтік
ғылыми деректерді бойына жинап, соларды сараптап,
өз ішінде бірте-
бірте дамытуға мәжбүр болды. Философия өзіне тән, шегіне жеткен ең
жалпы мәселелерді ешқашанда сыртқа қалдырған жоқ. Сөйтіп, жеке
ғылымдардың қалыптасуы жолында философия да
өзін ауырлататын
натурфилософиялық
(natura – табиғат,
философиялық ой өрісінегі
табиғат жөніндегі тұжырымдар) мәселелерден құтылып, бірте-бірте
өз-өзіне келе бастады.
Қорыта келе, мына пікірді айтуға болады. Философия өзінің тарихи
бастауынан бастап, осы заманға дейін – 2,5
мыңжылдық шеңберін-
де –
өзінің пәнін, айналысатын мәселелерін өзгерткен жоқ.
Жеке
ғылымдардың қалыптасуы философияның өрісін тарылтқан жоқ және
тарылта алмайды да, өйткені ешбір жеке ғылым дүниенің
ең жалпы
байланыстары мен қатынастарын зерттемейді. Керісінше, философия өз
пәнін ғылыми деректер өскен сайын дамытып, өз өрісін кеңейтіп және
тереңдету үстінде.
Философия пәнінің қайнар көзі – жеке адам, я болмаса әлеуметтік
топ, қоғамның дүние мен адам және олардың
арақатынасы жөніндегі
жалпы мағлұматты қажет етуінде. Басқаша айтқанда, homo sapіens
(саналы адам) дүниені біртұтас ретінде және сол дүниедегі
өзінің кім
екені, ондағы алатын орны жөніндегі ойлар мен сезім тебіреністерін
тудырады.
Достарыңызбен бөлісу: