Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет22/521
Дата20.09.2023
өлшемі3,76 Mb.
#109121
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   521
антропологиялық
жағын көрсетеді.
Орта ғасырдың ғұлама ойшылы А.Августин айтқандай, «адамның 
өзі дүниедегі орасан тұңғиық, оның сезім толқыны мен жүрек 
тебіренісін есептеу адамның басындағы шашты есептеуден де қиын». 
Адамды микрокосм (кіші ғарыш) ретінде макрокосмға (үлкен ғарыш) 
теңеген ертедегі грек ойшылдарының ойында үлкен сыр жатса керек.
Әрине, философия пәнінің жоғарыда көрсетілген жақтары бір-
бірімен өте тығыз байланысты болып, белгілі біртұтас жүйені құрайды. 
Сонда ғана біз күрделі адам мен дүние арасындағы ең жалпы қарым-
қатынастарды толыққанды суреттей аламыз.
Алайда әрбір адамның философияны оқып-білудегі, әсіресе оны 
зерттеудегі ерекше бір салаға деген қызығушылығы болуы мүмкін. 
Әлбетте, солай болады да. Мысалы, жаратылыстану ғылымдарының 
өкілдері көбінесе болмыс философиясына (онтология), тәрбие 
мәселелерімен айналысатындар адам және құндылық философиясына 
(философиялық антропология мен аксиология), логика және мате-
матика салаларының өкілдері таным философиясына (гносеология), 
өндіріске жақын әртүрлі техникалық мамандар иесі іс-қимыл фило-
софиясына (праксиологиялық философия) ерекше көңіл бөлуі мүмкін. 
Өйткені атап өткен философия салалары олардың мамандығына, білім 
ерекшелігіне сай келеді. Бірақ мұның өзі философияның басқа сала-
ларын да ешқашанда естен шығармай, әрдайым олардың бір-бірімен 
өзара байланысы мен біртұтастығын ескеріп отыруды талап етеді. 
Сонда ғана біз философиялық ой-өрістің шеңберінде боламыз. Егерде 
біз философияның белгілі бір саласын толығынан бөліп алып қарасақ, 
онда ол бірте-бірте жеке ғылымдар саласына қарай жылжып, өзінің 
философиялық қасиеттерінен айырылып, жеке ғылымдар саласымен 
сіңісіп кетуі мүмкін. 
Философия
өз-өзін сақтап қалуы үшін, «Адам 
мен дүниенің» 
шегіне жеткен ең жалпы қарым-қатынастарының 
шеңберінде әрқашанда болуы керек.
Бұл философияның ерекшелігі 
оның негізгі мәселесін шешу арқылы анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   521




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет