249
Адам – зардап шегуге жаратылған пенде. Өмiр – зардапқа толы. Өмiр
сүру дегенiмiз – зардап шегу.
– Әрине, адамның бұл өмiрде зардап шегуi – сонау көне заманнан
осы уақытқа шейiн талданып келе жатқан мәселелердiң бiрi. Бiрақ
Кьеркогер оны өте өткiрлеп күшейтедi. Оның ойынша, зардап шегу тек
өмiрдiң
өзiнен шығып қана қоймайды, ол –
қажеттi, керек қылатын
нәрсе. Егер бiз зардап шегудi мойындап қана қоймай, сонымен қатар оны
сүйетiн
болсақ, сонда ғана бiз өмiр сүру деңгейiмiзде бақытсыздықтан
биiктеп, бақыттың өзiнен асып түсемiз, – дейдi ұлы ойшыл. Олай
болса, адам өзiнiң өмiрiн жеңiлдетiп, зардап шегуден қашудың орнына,
оны, керiсiнше,
ауырлатуы, күрделендiруі
қажет –
сонда ғана бiз
бақытсыздық пен бақыттылықты аттап өтiп, олардың арасындағы
қайшылықты жоя аламыз. Әрине, Кьеркогердiң
бұл идеялары хри-
стиан дiнiнiң ғасырлар бойы уағыздаған
қағидаларына қарсы келдi
.
Соңғылар дүниедегi
зұлымдық, әдiлетсiздiк, зардап шегу – Құдайдың
алғашқы көрсеткен дұрыс жолынан
адамның ауытқуынан шықты,
ал жаратылған бұл дүние, жалпы алғанда, мiнсiз деген пiкiрде болса,
Кьеркогер осы дүниенiң зұлымдық пен зардапқа толы екендiгiн айтады.
Бiрақ ол үшiн бiз Құдайды сынаудан алшақ болуымыз қажет. Құдайға
сену ешқандай оған күмәндануды қажет етпейдi. Сенiм дегенiмiз –
қарама-қайшылық, ол жекелiктi – жалпылықтан, жердегiнi –
аспан-
нан, өтпелiнi – мәңгiлiктен, жеке сенiмдi моральдық қағидалардан
жоғары ұстауды талап етедi. Сенiм – жеке адам таңдауының iсi, ерiктiң
шешiмi, секiрiс, тәуекелдiк, ғажайып, абсурд. Тертулианның уақытында
айтқан «Credo, quia absurdum est» (сенемiн,
ақыл-ойға сыймағаннан
кейiн) деген нақыл сөзiн Кьеркогер өзiнiң шығармашылық еңбегiнде
ғана емес, сонымен қатар өзiнiң өмiрiмен дәлелдегендей, – ол
сияқты,
өзiнiң Регина Ольсенге деген махаббатын Құдайға сенудiң жолында
құрбандыққа шалды. Тертуллианның өзi де мұндай шәкiртiм болады
деп ешқашанда армандамаған болар.
Өз
уақытында бағаланбай, ұмыт болған ойшыл ХХ ғ. шарықтаған
даңққа ие болды. Ал оның себебiн бiз келесi тараудағы кiрiспе сөзiмiзде
айтатын боламыз.
Достарыңызбен бөлісу: