Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет220/521
Дата20.09.2023
өлшемі3,76 Mb.
#109121
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   521
«батысшыларға»
келер болсақ, бұл 
ағымның негiзiн қалаған 
П.Я.Чаадаев
болды. Оның ойынша, Еуропа 
елдерi қоғамның материалдық және рухани жағынан да кемелiне кел-
ген, орнықты, тәртiптi. Еуропа құндылықтарына ол отбасы ошағына 
берiлгендiктi, парыз бен жауапкершiлiктi, азаматтық ерiктiктi қорғауды 
т.с.с. жатқызады. Ресейге келер болсақ, онда зорлыққа негiзделген 
күшке табыну, соның нәтижесiнде барлық адамдардың құлға айналуы, 
тұлғаның абыройын таптау т.с.с. дөрекi нәрселердi көремiз. Мұның 
негiзгi себебiн П.Я.Чаадаев Ресей халқының дiндi «бишара Бизантия-
дан» алып, Еуропаның католиктiк бiрлiгiнен шығып қалғанынан көредi. 
Ресей Еуропа халықтарының тарихи тәжiрибесiн игерiп, олардың 
жiберген қателіктерін қайталамай, өзiнiң болашағын ағарған зерденiң 
негiзiнде құруы керек.
П.Я.Чаадаевтiң көзқарасы Ресейдiң бiршама зиялыларына зор 
әсерiн тигiзiп, «батысшылар» тобының қалыптасуына әкелдi. Оларға 
А.И.Герцен, Н.П.Огарев, Т.Н.Грановский, В.Г.Белинский 
т.с.с. жат-
қызуға болады. 
В.Г.Белинский Еуропаға сүйсiне табынғандай қарап, былай деп 
жазды: «Еуропаның бiр жылы Азияға – бiр ғасырдай, Еуропаның бiр 
ғасыры – Азияға мәңгiлiктей. Барлық ұлылық, асылдық, адами руха-
нияттылық Еуропа топырағында бәйшешектей гүл жарып, өзiнiң 
тамаша жемiстерiн бердi. Өмiрдiң көпкелбеттiлiгi, ер мен әйел арасын-
дағы тазалық, әдет-ғұрыптың нәзiктiгi, ғылым мен өнердiң дамуы, 
табиғаттың бисаналық күштерiн бағындырып игеруi, материяның 
жеңiлiп, рухтың көкке қарай өрлеуi, адамның кiсiлiгiн сыйлап, оның 
құқыларын бұлжытпай сақтауы... – бәрi де Еуропа өмiрiнiң дамуының 
нәтижелерi», – деп қорытады В.Г.Белинский. Әрине, ол бүгiнгi Батыс 
руханиятын көрсе, мүмкiн мұндай көзқарасқа түзету енгiзер ме едi, кiм 
бiледi?
«Батысшылар» Ресейдi «бизантиялық-православиелік» ноқтадан 
құтқару керектiгiн, тұлғалар өз таңдауының негiзiнде iс-әрекет жасау 


253
мүмкiндiгiн алуы жөнiнде бiршама терең ойлар айтты. Бiрақ олар Батыс 
Еуропа халықтары цивилизацияның бүкiл адамзаттық құндылықтары 
мен нормаларын iске асырды деген жалған ойда болды.
Славянофильдер қарама-қарсы бағытта болды. Олардың ойынша, 
орыс мәдениетi православиелік дiннiң шеңберiнде дамуы керек. Олар 
«патшанікi – патшаға, Құдайдікi – Құдайға» деген қағиданы ұстады. 
Яғни мемлекет тек қана қоғамды сырттай өзгерте алады, ал iшкi 
жаңару – православиелік халықтық мәдениеттiң iсi. Тек iшкi рухани 
жаңарудың негiзiнде ғана iзгi қоғамды орнатуға болады. И.В.Киреевский 
мен А.С.Хомяков Еуропадағы ағартушылық өзiнiң iшкi мүмкiншiлiгiн 
сарқыды, онда техникалық алға өрлеу рухани тоқыраумен қатар жүрiп 
жатыр деген көзқараста болды.
Қоғамды реформалаудағы негiзгi мәселелердiң бiрi – Ресей қоғамы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   521




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет