Серік Мырзалы философия оқу құралы


қалай өмiр сүру, не болу керек



Pdf көрінісі
бет215/521
Дата20.09.2023
өлшемі3,76 Mb.
#109121
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   521
қалай өмiр сүру, не болу керек
не нәрсеге ұмтылу қажет?
Осы сұрақтарға жауап беру ретiнде 
Кьеркогердiң экзистенциалдық диалектикасы адам өмiрiнiң үш саты-
сын суреттейдi. Олар – эстетикалық, этикалық және дiни сатылар. 
Адам өмiрiнiң бiрiншi 
эстетикалық
сатысында тiкелей сезiмдiк 
өмiр салты қалыптасады. Эстетикалықты Кьеркогер кең түрде Канттың 
түсiнiгiне сәйкес ақыл-ойдан бөлек сезiмдiк қабылдау мен ләззат алу 
ретiнде көрсетедi. Қоғамдағы көпшiлiк осы сатының шеңберiнде 
өмiр сүредi. Ол дене әсемдiгiне құмарту (эротика), парықсыздық, бiр 
көргендегi сезiмдiк әсердiң негiзiнде кездейсоқ байланыстарға түсу, 
қоғамдағы сәнге айналған нәрселерге ынтық болу, әрбiр күн мен 
сағаттан, әрбiр сәттен ләззат алуға тырысу. Бұл сатының ұраны: carpe 
diem, carpe horam! (әрбiр күн мен сағаттан ләззат ал!). Бұл өмiр салты 
адамды өзiнiң сезiмдерi мен құмартуы, ындынының құрсауынан 
шығармайды.
Эстетикалық сатыдағы адам уақыттың өзiн ерекше түрде бағалайды. 
Ол ләззат алатын әрбiр сәтке бәрiн беруге дайын, бiрақ келесi сезiмдiк 
ләззат бұрынғыдан басқаша, нәзiк те өткiр болуы керек. Өмiрдегi 
бiркелкiлiк, қайталанушылық – эстетикалық өмiр салтының қас жауы. 
Егер Дон-Жуан мейлiнше көп сұлу әйелдерден эротикалық жыныстық 
жеңiске жетуге тырысса, Иоан – нәпсiқұмар әртүрлi нәзiк те өткiр ләззат 
алуға ұмтылады. Бiрақ күндер мен жылдар өткен сайын эстетикалық 
өмiр салты сарқыла бастайды – қайталанбайтын қайталанады, өткiр 
сезiм мұқалып, өңi кетедi, ләззат қуудың жалғандығы айқын көрiне 
бастайды, жалғыздық сезiм, өмiрге көңiлдiң толмаушылығы дүниеге 
келiп, тiптi одан күдер үзуге әкеледi. Ақырында, дағдарыстағы 
тұлғаның алдында екi таңдау жолы пайда болады: бiрiншiсi – сол 
бұрынғы сатыда қалып өмiрден түңiлу; екiншiсi – одан аттап өтiп
келесi сатыға көтерiлу.
Келесi өмiр сатысы – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   521




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет