Серік Мырзалы философия оқу құралы


Анахарсистi өздерiнiң  дана жетi баба-



Pdf көрінісі
бет241/521
Дата20.09.2023
өлшемі3,76 Mb.
#109121
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   521
Анахарсистi
өздерiнiң 
дана жетi баба-
ларының бiреуi
деп санайды. Олар артында үлкен кiтаптар 
қалдырмағанмен, өздерiнiң нақыл сөздерi арқылы даналыққа ие болды. 
Анахарсис: «Жүзiм шыбығы бiр шоқ ләззат, содан кейiн мастық, 
соңында жиреніштік әкеледi», – деген екен. Бұл ғажап нақыл сөздiң 
iшкi сыры әр нәрсенiң өлшемiн бiлiп, сақтауда болса керек. Оған 
арнап гректердiң қойған ескерткiшiнде оның мынандай сөзi жазылған: 
«Тiлiң мен құлқыныңды, нәпсiңдi ауыздықтай бiл!». Бiрде Анахарсис: 
«Адамның бойындағы ең жақсы және ең жаман нәрсе не?» – деген 
сұраққа: «Тiл», – деп жауап берiптi. Кезектi бiр пiкiрталас үстiнде, 
iстiң барысын тыңдап отырып, Анахарсис былай дептi: «Элладалықтар 
қызық осы: мұнда сөздi ақылдылар айтады да, мәселенi ақымақтар 
шешедi». «Элладада жарысқа өнерпаздар қатысады да, өнерсiз адам-
дар қазылар алқасында жүредi», – деген сөздi де Анахарсис айтқан 
екен. Оның ойынша, «адам мен адамның айырмашылығы тiлi мен атақ-
даңқында емес, – ақылында». «Қызғаныш пен қорқақтық – ең қасиетсiз 
сезiмдер». Грек елiнiң бiр азаматы: «Сен жат елдiң тұқымысың», – деп 
кемсiткенде, ол: «Мен үшiн – елiм қайғы, ал сен – елiңе қайғысың», – 
деген екен.
Анахарсис сол кезден бастап қалыптаса бастаған батыс менталитетiн, 
нарықтық қатынастарды сынға алады: «Саудагерлер халықты ашықтан-
ашық алдап жатқанда, қалайша өтiрiкке тыйым салуға болады». 
Әсiресе бiздi таңғалдыратын мәселе – Анахарсис ХХ ғ. пайда болған 
экзистенциализм философиясында қойылған кейбiр мәселелердi сол 
кезде-ақ сезiнiп, тебiренген. «Кiмдер көп: өлiлер ме, әлде тiрiлер ме?» – 
деген сұраққа, ол: «Теңiзде жүзiп келе жатқандарды кiмге жатқызуға 
болады?» – деп, қарсы сұрақ қойыпты. Ол сұрақтың шын мәнi – адам 
өмiрiнiң нәзiктiгi, оның өне бойы өмiр мен өлiм арасында болуы, ал 


272
мұның өзi экзистенциалдық философияның негiзгi мәселесiне жатады. 
Бiреулерден кеменiң тақтайының қалыңдығы төрт саусақтай екенiн 
бiлген Анахарсис: «Кемешiлер өлiмнен төрт саусақтай қашықтықта 
жүзiп келе жатыр», – деген екен. Мұндай ғажап ойлар мен адам 
күтпейтiн салыстырмалар, әрине, Анахарсистiң өз заманының ғұламасы 
болғанын көрсетедi. 
Анахарсис грек елiнен тәлiм-тәрбие алып, өз елiне қайта оралып, 
сондағы игерген бiлiмiн өз елiне қолдануға тырысады. Бiрақ оның 
реформаторлық идеялары қалың бұқараның қолдауын таппай, ақырында 
оны көре алмаған бiреудiң қанды жебесiнен қазаға ұшырайды. Соңғы 
демi үзiлерде ол: «Эллада жерiнде менi ақылым қорғап едi, өз елiмде 
қызғаныштың құрбаны болдым», – деген екен.
Философиялық ой-пiкiр бүкiл дүниежүзiлiк деңгейде б.з.д. VII-V ғғ. 
пайда бола бастаған кезде, бiздiң бабаларымыз да аса кемеңгер дана 
тұлғаны – Анарысты тудырды. Олай болса, бiз сол заманнан берi бүкiл 
дүниежүзiлiк рухани көштен қалмай, тарихи халықтардың арасында өз 
орнымызды алдық. Оны бiз әрқашанда мақтан етуiмiз керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   521




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет