Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет238/521
Дата20.09.2023
өлшемі3,76 Mb.
#109121
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   521
практикалық 
мәселелерге
көбiрек көңiл бөлiнедi.
Төртiншiден
, адам болмысының 
этикалық жақтарына
, жақсылық 
пен жамандық, iзгiлiк пен зұлымдық, арнамыс, абырой, т.с.с. санаттарға 
терең талдаулар жасалады.
Бесiншiден
, қоғам өмiрiнiң негiзгi мәселесi ретiнде әрқашанда 
әлеуметтiк әдiлеттiлiкке
көбiрек назар аударылады.
Алтыншыдан
, отандық философияны 
аксиологиялық философия 
десек те болғаны, өйткенi онда құндылық әлемiне зор көңiл бөлiнедi. 
Ендi мәселенi нақтылай түсiп, отандық философияның негiзгi сатыла-
рына қысқаша көз жiберейiк.
§ 2. Қазақ мифологиясы. Алғашқы философиялық түсiнiктер
Басқа халықтардың философиясы сияқты, отандық философия да өз 
қайнар көзiн көне аңыздар мен дастандар, ертегiлерден бастайды. Егер 
аңыздарған бай халықтарға үндi мен гректердi жатқызса, қазақ елi де 
олардан кем түспейтiн болар, өйткенi өне бойы көшiп-қонып жүрген 
халықтың бiр ғана байлығы болды – ол оның тiлi, бабалардан келе 
жатқан дәстүр, аңыз-хикаялар, нақыл сөздер. Олардың көбi жаңа ғана 
жарық көрiп, философиялық тұрғыдан талдануда.
Көне түрiктердiң түсiнiгi бойынша, бұл 
дүние жоқтан пайда 
болған
. Оны ұстаға ұқсайтын 
Жаратқан
тудырды. Дүние, негiзiнен
жер, су, от, ауадан
тұрады. Ол неше түрлi қайшылыққа толы: Жер мен 
Күн, өмiр мен өлiм, адам мен табиғат, бақ, құт пен зардап, жарық пен 
қараңғы, жылы мен суық т.с.с.
Аспанға көз жiберген ежелгi түрiк бабаларымыз оны 
Тәңiр, 
Жаратқан
әлемiне жатқызған. Адамдар мен басқа тiршiлiк өмiр сүрiп 
жатқан дүние – ол 
Жер мен Су
әлемi, ал өлгендердiң паналайтын 
орны – ол 
Жерасты
әлемi. Бiлге қаған мен Күлтегiннiң құрметiне тасқа 
ойылып жазылған ескерткiште дүние былайша суреттеледi: «Биiкте көк 
Тәңiрi, төменде қара жер жаралғанда, екеуiнiң арасынан адам баласы 
жаратылған...».
Тәңiрге, жер-суға табынудың пайда болуы адамда әуелде 
қалыптасқан айнала қоршаған ортаға деген, бiр жағынан, тәуелдiлiк, 
табиғаттың стихиялық күштерiнен үрейлену, екiншi жағынан
ризашылық сезiмдермен байланысты болса керек, өйткенi олардың 
түсiнiгiнше, бұл құдайлар қарапайым адамдарға қамқорлықпен қараған, 
ауыр кезеңдерде оларға балық пен жануарларды, жабайы өсiмдiктердiң 
жемiстерiн сыйлаған.


269
Сонымен қатар көне түрiктердiң нанымында ерекше орынға ие 
болған 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   521




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет