Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет253/521
Дата20.09.2023
өлшемі3,76 Mb.
#109121
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   521
бейбiт жолмен шеше бiлу

жеке адамның құқықтарын басымды орынға қою мәселелерi үлкен 
орын алып отыр.
Қ.А.Яссауидiң қойған 
пендешiлiктi шектеу, нәпсiнi тыю, рухани-
ятты жоғары ұстау, қанағатшылыққа келу
мәселелерi бүгiнгi жер 
бетiндегi өмiр сүрiп жатқан адамзат қауымына өзiнiң 
өзектiлiгiмен 
танылуда
. Әрине, арада сан ғасырлар өттi, өндiргiш күштер ол заманда 
түске де кiрмейтiн ғажап биiктiктерге көтерiлдi, бiрақ, сонымен қатар 
қоғамның рухани-адамгершiлiк саласы да сондай биiктiктерге замғады 
деп айта алмаймыз. Әрине, бұл сала да бiр орнында қалған жоқ, онда да 
алға жылжушылық байқалады, бiрақ оның даму қарқыны материалдық 
саламен салыстырғанда анағұрлым 
төмен
. Нәтижесiнде, дамыған 
елдер бүгiнгi таңда өз халықтарына материалдық жағынан қандай биiк 
тұрмыс деңгейiн жасағанмен, миллиондаған адамдар өз өмiрiнiң терең 
мән-мағынасын таба алмай, iшiмдiкке, нашақорлыққа, қылмыстыққа 
т.с.с. бұрмаланған өмiр жолына түсуде. 
Тойымы жоқ
қоғамда қанша 
мол материалдық игiлiктер өндiрiлсе де, өне бойы 
жетiспеушiлiк
байқалады. Сондықтан да осы елдердiң көш басындағы АҚШ 


285
мемлекетi өз шекарасынан ондаған мың шақырым алыстағы жерлердi 
«өз ұлтының мүддесi бар аймақтар» деп жариялауда... 
Қорыта келе, Қ.А.Яссауи бабамыздан қалған идеяларды бүгiнгi 
адамзаттың рухани-адамгершiлiк күйзелiстен шығу жолында iске 
жаратуға болатындығына бiз кәмiл сенемiз. 
§ 4. ХV-ХVIII ғғ. қазақ жырауларының шығармашылығы
ХV ғ. қарай тарихының тамыры көне заманға кететiн түркi 
тайпаларының өмiрiнде елеулi өзгерiстер басталады. Мыңдаған жылдар 
бойы лек-легiмен сонау Байқал көлi мен Алтайдан бастап Балқан таула-
рына шейiн ағылған, ерiктi өмiр сүрген, басқа белгiлi бiр жерлерде орын 
тепкен мемлекеттердiң аузы батпаған, керiсiнше, сол мемлекеттердi 
әрқашанда қорқынышта ұстаған көшпендiлер тарихының сарқылу кезеңi 
басталады. Өйткенi осы кезде дүниежүзiлiк тарихта, нақтылай келе, 
Еуропа топырағында, Жаңа дәуiрге өту кезеңi – Қайта өрлеу заманы 
басталады. «Ұлы мәртебелi Табиғаттың» балалары – көшпендiлер – 
өзiнiң өмiр аясының сарқыла бастағанын iшкi көкейкөзiмен болса да 
бiрте-бiрте сезiне бастайды: садақ пен найзаның, шоқпар мен бiлектiң 
күшiнiң мүмкiншiлiгi азая түседi. Батыс қоғамдарында машиналық 
өндiрiстiң негiздерi қалыптаса бастайды, зеңбiректер мен мылтық 
оқтары соғыс техно-логиясын күрт өзгертедi.
Әңгiменi нақтылай келе, Еуразия топырағына келер болсақ, Алтын 
Орда мемлекетiнен екi ғасыр бойы салық жинап келген Мәскеу 
князьдығы, барлық орыс жерлерiн қол астына бiрiктiрiп, күшейiп, 
Шығысқа қарай қол сұға бастайды. Ежелгi түрiк бабаларымыз иемден-
ген Едiл мен Жайықтың екi ортасындағы жайылымдарға үлкен қауіп 
төнедi. Ал Шығыс жақты алар болсақ, Түркi тайпаларынан кейiнгi 
Азияның ұлы көшпендiлерi – ойраттар да Қытай жағынан қысылып, 
берi қарай жылжи бастайды. Ал мұның өзi ХVIII ғасырда екi көшпендi 
халықтың бiр-бiрiмен маңдайларымен соқтығысуына, олардың тари-
хында болмаған қантөгiске, апатқа әкелiп соғады. Әрине, бұл қақтығыс 
жаңа ғана күшiн алып, Шығыстағы жаңа жерлерге қолын сұға бастаған 
Ресей мемлекетi мен Қытай әмiршiлерiнiң мүдделерiне сай келгенi 
сөзсiз едi. Ал ендi Орта Азиядағы жерге отырып, тұрақтанып, халықтық 
дәрежеге көтерiлген түбi бiр түркi ұлыстары да көшiп-қонған, әлсiреп 
жатқан өз ағайындарына – көшпендiлерге – қысым жасай бастайды.
Сол себептi Жәнiбек пен Керей бастаған көшпендi тайпалары олар-
дан үзiлдi-кесiлдi бөлiнiп, қазiргi Қазақстан жерiнде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   521




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет