288
«... Жарлысы мен байы тең,
Жабысы мен тайы тең,
Жары менен сайы тең», – дейдi ақын. Бұл сөздерден бiз «дала
демократиясының» шеңберiнде ерiктi өскен жыраудың қоғамдық
қатынастардың қандай болуы тиiстiгi жөнiндегi ой-арманын байқаймыз.
Бiрақ елде тыныштық жоқ, қырғын-тартыс ешбір толастамайды:
«Бекiре ойнар ақ Жайық,
Бес қаруын асынып,
Батырлар жауға жортқан жер...
Көрiнген мынау көк Нарын,
Ойран салып өткен жер», – деген жолдардан жыраудың, бiр жағынан,
дала батырларының ерлiгiне сүйсiне,
екiншi жағынан, тоқталмайтын
тартысқа өкiне қарайтынын сезгендеймiз...
ХV ғ. аса көрнектi жыраулардың бiрi –
Асан қайғы
. Оның есімі
ғасырлар бойы халықтың жадында сақталып, аңызға айналып кеткен.
Жырау өмiр сүрген уақыт –
Алтын Орда мемлекетiнiң ыдырап, жаңа
қазақ хандығы мемлекеттiгiнiң қалыптаса бастау кезеңi болатын. Мiне,
Асан қайғы – осы күрделi де жауапты iске атсалысып, жаңа мемлекеттiң
iргетасын қаласқан ұлы тұлға. Халықтың қамын көп ойлап, сол кездегi
ел басындағылардың кемшiлiктерiн, кейбiр тайыздықтарын көрсетiп,
оларға ақыл берiп, дұрыс жол сiлтегенi үшiн
оны халық Асан
қайғы
деп атап кеткен. Жырау өзiнiң iшкi көкейкөзiмен болса да халықтың
тарихындағы шешушi кезең келгенiн сезiп, жаңа мемлекеттiлiктi құру
жолында кетiп
жатқан қателiктердi әшкерелеп, Жәнiбек ханға былай
дейдi:
«... Ай, Жәнiбек хан!
Айтпасам бiлмейсiң,
Жайылып жатқан халқың бар,
Аймағын көздеп көрмейсiң.
Қымыз iшiп қызарып,
Мастанып қызып, терлейсiң.
Өзiңнен басқа хан жоқтай
Өзеуреп неге сөйлейсiң?».
Әрине, мемлекеттi құру үшiн халықтың алып жатқан жерiн анықтап,
оны қорғай бiлу керек, оны жырау жақсы түсiнедi. Ал «қымыз iшiп,
қызарып» деген жолдары тiптi қазiргi заманға дейiн өзектi: бүгiнгi
халық тарихының шешушi кезеңiнде, осындай ауқымды көлемде қазақ
жерiнде тарихи алғашқы рет халықтың басы бiрiгiп,
жаңа заманға
сай мемлекеттiлiгiн орнатып жатқан кезде, қаншама iрi-кiшi лауазым
иелерi әлi де болса өз қалтасын мемлекеттiң қазынасымен шатысты-
рып, «мастанып, қызып», қызмет бабын өз мүддесiне жаратып, жаңа
289
мемлекеттiң абыройына нұқсан келтiруде!
Бұл да ұлы жыраудың
даналығын көрсетедi.
Ал «Аққу құстың төресi,
Ен жайлап көлде жүр едi.
Аңдысып жүрген көп дұшпан,
Елiңе жау боп келедi», – деген жолдардан жыраудың қазақ халқының
болашақтағы қалмақтармен қақтығысын, бодандыққа ұшырайтынына
алаңдап, сезгенi сияқты ой келедi. Ол жаулардан құтылудың негiзгi
жолы – бейбiт өмiрдi қамтамасыз ету.
«Едiл бол да, Жайық бол,
Ешкiмменен ұрыспа,
Жолдасыңа жау тисе,
Жаныңды аяп тұрыспа», – деген ақыл айтады ұлы жырау.
Қазақ
халқына нағыз керек нәрсе – ол
Достарыңызбен бөлісу: