гносеологиялық , танымдық мәселелерге келсек, Шәкәрiм
өзiнiң
«Анық пен танық», «Мұсылмандық шарттар» т.б. еңбектерiнде
ол адамдарға «қоршаған табиғи ортаның жұмбақ-сырын ұқ, танып-бiл,
оның ашылған сырларын мақсат-мұратыңа жарат» деген ой тастайды.
Оның ойынша, тану, бiлу, нану, ұғыну – бәрi ақыл iсi, ал оның iргесi
мида жатыр. Бiрақ ол үшiн адам дүние-ден белгiлi ақпараттар алуы
қажет. Оны жеткiзетiн – түйсiктер.
«Тән сезiп, құлақ естiп, көзбен көрмек,
Мұрын – иiс, тiл – дәмнен хабар бермек.
Бесеуiнен мидағы ой хабар алып,
Жақсы-жаман әр iстi сол тексермек», – деген жолдар ақынның бұл
мәселенi өз заманының деңгейiнде шешкенiн көрсетедi.
Сонымен қатар дүниенi тану жолында соңғы ақиқатқа ешкiм де
жете алмайды, оның соқпақтарында шындық пен қатар қателесiп кету
де кездеседi. Сондықтан бәрiн ой елегiнен өткiзу қажет.
«Тегiс тексер, сөз көрсең – сыр мен сынын,
Түзетуге именбе тапсаң мiнiн.
Әдеп сақта, жалғыз-ақ қате айтты деп,
Былшылдапты дей көрме, бiлсең шынын». Бұл жолдарда ақын
ғылыми этиканың бүгiнгi таңда бiзге керек негiзгi бiр қағидасын
алға тартады. Өйткенi гуманитарлық ғылым саласында, өткен Кеңес
заманындағы жетiстiктердiң бәрiн сынап: «Бәрi – терiс, қате, шындыққа
бүгiн мен ғана жеттiм», – деп лепiрiп жүрген ғалымсымақтар жоқ емес.
Ендi, мiне, ұлы ғалымның
этикалық, ағартушылық идеяларына
тоқталуға кезек келдi. Ол ойшылдың негiзгi еңбегi –
«Үш анықта» басынан аяғына шейiн самғап өтетiн негiзгi идея бар. Алғашқыда
ақын екi анықты сөз қылады. Бiрiншi – ол
ғылымдағы ақиқаттар ,
оған адамзат мыңдаған жылдар бойы iзденiп, зерттеп жеттi. Екiншi –
дiннiң берген аяндары . Бұл, әрине, философия саласында мыңдаған
жылдар созылып келген «ақыл-ой мен сенiм ақиқаттары», олардың
арақатынасы. Осы екi «аныққа» ойшыл үшiншi –
ар-ұжданды қосып
оның iргелiлiгiн баса айтады. Яғни Шәкәрiм Абайдың «жүрек», «нұрлы
ақыл» санаттарын ары қарай тереңдетедi. Оның ойынша, ар-ұжданға