Серік Мырзалы философия оқу құралы


Томас Кун . Ол  ғылым фило-



Pdf көрінісі
бет302/521
Дата20.09.2023
өлшемі3,76 Mb.
#109121
1   ...   298   299   300   301   302   303   304   305   ...   521
Томас Кун
. Ол 
ғылым фило-
софиясы
ағымына жатады. Ғылым дегенiмiз – белгiлi «ғылыми 
қауымдастықтың» басын қосып бiрiктiретiн әлеуметтiк институт. 
Олар белгiлi бiрегей теория, әдістеме, дүниеге деген көзқарас ұстаған, 
нақтылы ғылыми нормалар мен құндылықтарды мойындаған қауым. 
Олардың бәрiн бiрiктiретiн – ғылымдағы 
парадигма
. Өзiнiң 
«Ғылыми 
революциялардың құрылымы»
деген еңбегiнде Т.Кун: «Парадигма 
деп мен ғылыми қауымдастыққа белгiлi бiр уақыттың шеңберiнде 
ғылыми мәселелердi шешу жол-дарын көрсететiн барлығының мойын-
даған ғылыми жетiстiктерiн айтамын», – дейдi. Парадигма белгiлi 
бiр ғылыми қауымдастықтағы әдістер мен iзденiс жолдарын, ғылыми 
ахуалдың қайнар көзiн құрайды. Ғылыми теорияға келер болсақ, ол 
парадигмаға қарағанда анағұрлым төменгi дәрежеде, өйткенi қайсыбiр 


333
теория белгiлi бiр парадигманың шеңберiнде пайда болады. Оны басқа 
парадигманың шеңберiнде түсiну қиын. Ол үшiн оны қайта қарау керек.
Т.Кун парадигмаға соңынан екiншi атау бередi – ол 
дисцип-
линарлық (пәндiк) матрица (негiз)
. Оның негiзгi элементтерi ретiнде 
ол символдық жалпылау үлгiлерiн, тұжырымдық үлгілерді, ғылыми 
қауымдастық мойындаған құндылықтарды және ғылыми тұрғыдан 
шешiлген үлгiлердi қарастырады. Ғылымдағы белгiлi бiр парадигманың 
үстемдiгi оның дамуының жақсы деңгейде екенiн көрсетедi: бiрте-
бiрте тәжiрибелiк деректер жиналып өңделедi, зерттеудiң жолдары 
қарастырылып жетiледi т.с.с. Бiрақ ол өне бойы олай болмайды, кейбiр 
ғылымда ашылған жаңа деректер бұрынғы парадигманың шеңберiнде 
түсiнiлмейдi, ғылымдардың арасында күмәндану, бұрынғы парадиг-
маның құндылықтарына сенiмсiздiк пайда болады. Ғылымның даму-
ында дағдарыс орын алып, ол жаңа парадигмалардың пайда болуына, 
бiр-бiрiмен күреске түсуiне әкеледi. Осының нәтижесiнде бiр жаңа 
парадигма жеңiске жетiп, ғылыми қауымдастық оның құндылықтарын 
мойындап, нәтижелi зерттеулер жүргiзе бастайды. Сөйтіп, бәрi де тағы 
қайталанады.
Ғылымның дамуына деген мұндай тарихи көзқарас неопози-
тивизмнiң көп ағымдарына қарсы болды. Сонымен қатар Т.Кунның 
екiншi жетiстiгi – ол тәжiрибелiк деректердiң неопозитивизмдегi 
басымдылығын терiске шығарып, ғылымда парадигмаға тәуелсiз 
деректердiң жоқ екенiн дәлелдедi. Парадигманы игерген ғалым 
деректердiң бәрiн соның «сәулесi» арқылы көредi. Деректер теорияны 
сынамайды, керiсiнше, теория қандай деректердi тәжiрибеге енгiзу 
керек екенiн пайымдап, анықтайды.
Постпозитивизмнiң келесi өкiлi 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   298   299   300   301   302   303   304   305   ...   521




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет