Серік Мырзалы философия оқу құралы


интеллект заттың терең мәнiн аша алмайды



Pdf көрінісі
бет310/521
Дата20.09.2023
өлшемі3,76 Mb.
#109121
1   ...   306   307   308   309   310   311   312   313   ...   521
интеллект заттың терең мәнiн аша алмайды
, ол тек қана олардың 
арасындағы байланыстары мен қарым-қатынастарын ғана көрсете 
алады. Өлi материяны құрамдас бөлiктерiне бөлiп, содан кейiн оларды 
басқаша түрде қайта құрастыру – интеллектiнің негiзгi iсi. Олай болса, 
ол заттың сыртқы қабығын ғана игере алады. Өне бойы қозғалып, 
өзгерiп жатқан дүниенi интеллект кинопленкадағы өмiрдi «жасанды 
түрде» көрсеткен сияқты (онда әрбiр кадр қозғалысты көрсетпесе де), 
бiрiнiң артынан бiрiн белгiлi бiр жылдамдықпен өткiзген кезде, экранда 
«қозғалыстағы өмiрдiң» көшiрмесi пайда болады. Интеллект дүниедегi 
ұқсас, қайталанатын қарым-қатынастарды ғана көрсетiп, сонымен қатар 
оның қайталанбайтын, өмiрге бiр-ақ рет келген iшкi өзегiн – өмiрдiң 
өзiн – танып-бiле алмайды. 
А.Бергсон адамның интеллектiнен басқа да таным құралының 
бар екенiн мойындайды – ол 
интуиция. Интуиция
дегенiмiз – ол 
затқа деген сүйiспеншiлiктiң негiзiнде оның iшкi, интеллектіге 
ашылмайтын жағына өтiп, оның 
өмiрлiк өзегiн сезiну
болып табы-


340
лады. Интуиция дегенiмiз – рухтың алғашқы негiзi. Ол – өмiрдiң өзi. 
Танымдық тұрғыдан алып қарағанда, алғашқы интуиция инстинкт пен 
интеллектіге бөлiнедi. Сол сәтте инстинкт өзiндiк санасынан, интел-
лект заттың iшкi сырын ашу қабiлетiнен айырылады. Адамның интуи-
циясы толығынан интеллектіге бағынышты. Алайда кейбiр «шекаралық 
жағдайда», адамның өмiрiне қауіп төнген, я болмаса оның басына 
«тағдырлық» ахуал келген кезде, 
интуиция
интеллектiнің құрсауынан 
босап, адамға 
нағыз шындықты көрсетiп
, оның ғарыштағы орны мен 
тағдырын анықтауға көмектеседi.
Адам – шығармашылық пенде, өйткенi «өмiрлiк талпыныс» оның 
iшiнен өтедi. Алайда өмiрдi терең сезiну интуициясы – тек қана 
таңдаулы адамдарға ғана тән нәрсе. Сөйтіп, А.Бергсон шығармашылық 
пен мәдениет жөнiнде элитарлық көзқарас ұстайды.
А.Бергсонның 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   306   307   308   309   310   311   312   313   ...   521




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет