Серік Мырзалы философия оқу құралы


«үш әлем» теориясын  ұсынады. Олар:  физикалық әлем



Pdf көрінісі
бет301/521
Дата20.09.2023
өлшемі3,76 Mb.
#109121
1   ...   297   298   299   300   301   302   303   304   ...   521
«үш әлем»
теориясын 
ұсынады. Олар: 
физикалық әлем
, яғни бiздi айнала қоршаған дүние. 
Келесi – 
ментальдық әлем
(Платонның «идеялар әлемiне ұқсас). 
Үшiншi әлем – адамзат жеткен шынтуайтты өмiр сүретiн 
бiлiм әлемi 
(Ортағасырдағы Ибн-Роштың адамзат интеллектiне ұқсас).
К.Поппердiң ойынша, философия ғылым емес, өйткенi оның негiзгi 
қағидаларын фальсификациялауға болмайды. Бiрақ ол адамға өмiрдiң 
мән-мағынасын ашып, сондағы адамның алатын орнын көрсетуге 
тырысады. Сол үшiн ол философияны биiк бағалайды. 
Өзiнiң әлеуметтiк философиясында К.Поппер адамзат тарихында 
ешқандай заңдылықтар болған емес деген пiкiрге келедi. Осы тұрғыдан 
ол марксизмдi, әсiресе «коммунизм» идеясын қатты сынға алады.


332
К.Поппердiң идеялары 
И.Лакатосқа
зор әсерiн тигiздi. Ғылымның 
тарихи дамуын зерттей келе, ол 
«ғылыми зерттеу бағдарламасы»
атты 
танымдық әдістемені ұсынады. Қайсыбiр кемелiне келген ғылымда өне 
бойы жаңа теориялар пайда болып, бiр-бiрiн ауыстырып жатады. Ал 
оның өзi сол ғылымдағы қабылданған «зерттеу ережелерiмен» тығыз 
байланысты. Олардың бiреуi (оң эвристика) болашағы бар зерттеу жол-
дарына сiлтесе, келесiлерi (терiс эвристика) қай зерттеу жолдарынан 
аулақ болу керек екенiн көрсетедi. 
Қайсыбiр «ғылыми-зерттеу бағдарламасының» iшкi бұзылмайтын 
«қатты өзегi»
болады, оған iргетасы терiске шығарылмайтын 
қағидалар ғана кiредi. Ал оны қоршап тұрған 
«қорғайтын шеңберге»
келер болсақ, ондағы гипотезалардың негiзгi функциясы бағдарламаның 
өзегiн қорғау болып табылады. Бiрақ гипотезалар фальсификацияланып 
жартылай, я болмаса толығынан жоққа шығарылуы мүмкiн. Онда оның 
орнына жаңа гипотеза келедi.
«Ғылыми-зерттеу бағдарламасының» ары қарай өрлеу мүмкiндiгiн 
қалай анықтауға болады? И.Лакатостың ойынша, егер бағдарламаның 
теориялық өсуi оның эмпириялық өсуiнен алда жүрсе, яғни теориялық 
түрде болашақта ашылатын кейбiр деректердi болжай алсақ, онда ол – 
өрлеу үстiнде. Ал жаңа ашылған деректердi соңынан теориялық түрде 
жалпылау, түсiну дегенiмiз – ол бағдарламаның сарқылғанын, жақын 
арада оның басқа «ғылыми-зерттеу бағдарламасына ауыстырылатынын 
көрсетедi.
Ғылымның даму тарихы – неше түрлi зерттеу бағдарламаларының 
бiр-бiрiмен сайысқа түсуi, олардың эвристикалық мүмкiндiктерiнiң 
ашылуы. Ғылымның iшкi және сыртқы тарихы бар. Iшкi тарихқа идея-
лар мен әдістемелердің бiр-бiрiн ауыстыруы жатса, сыртқы тарихына 
ғылымды ұйымдастыру формалары мен ұлы тұлғалардың қызметi 
жатады.
Постпозитивизмнiң келесi iрi өкiлi – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   297   298   299   300   301   302   303   304   ...   521




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет