348
әрине, ешқандай объект, өндiрiстiң, я болмаса танымның құралы емес,
ол
субъект
– ерiктi, өз-өзiне жеткiлiктi, жауапкершiлiктi болмыс.
Жоғарыда айтылған жалпы мiнездеменi нақтылай түссек, онда
экзистенция
(өмiр сүру) мен
эссенция
(мән-мағына) ұғымдарының
осы философияның негiзiнде жатқанын байқаймыз. Егер бүкiл жану-
арлар әлемiндегi тiршiлiк өзiнiң мән-мағынасымен бiрге бұл дүниеге
келер болса, адам ең алдымен бұл дүниеге келiп, неше түрлi қиын-
қыстау жағдайлардан өтiп барып, көп уақыттан кейiн ғана өз өмiрiнiң
мән-мағынасына ие болады. Яғни адамның
өмiр сүруi
оның мән-
мағыналыққа жетуiнен анағұрлым
алда жүредi
. Мысалы, Африкада,
я болмаса Амазонканың бойында өмiр сүретiн қолтырауын жағаға
шығып, жұмыртқалап, оларды ыстық құмның астына көмедi. Уақыты
келген кезде, жұмыртқалардың қабығы жарылып, iшiнен кiшкентай
қолтырауындар жер бетiне шығып, шөлге қарай емес, дереу суға
қарай жүгiредi. Қолтырауын осылайша миллиондаған жылдар бойы
өмiр сүрiп жатыр. Ол өз мән-мағынасымен бiрге өмiр сүруге келедi!
Ал дүниеге келген сәбидi алар болсақ, ол анасыз өмiр сүре алмайды,
оны көп жылдар бойы тәрбиелеп өсiру қажет, содан кейiн ғана ол өз
өмiрi жайлы сұрақтарды алдына қойып, өмiрiнiң мән-мағынасын ашуға
тырысады.
Экзистенциализм философиясында
Достарыңызбен бөлісу: