Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет312/521
Дата20.09.2023
өлшемі3,76 Mb.
#109121
1   ...   308   309   310   311   312   313   314   315   ...   521
Құдай өлдi!
, өйткенi Құдайға 
сенудiң өзiне сенбеушiлiк пайда болды», – деген тұжырымға келуiне 
себеп болды. «Болашақта, Құдайдың орнын «адамнан жоғары» пенде 
алады», – деп қорытады Ф.Ницше.
Әрине, Ф.Ницшенiң философиясы қайшылықтарға толы, ешқандай 
бiртұтастық жүйелiгi жоқ, өз заманының әртүрлі өзектi мәселелерiн 
көбiне көркем сөзбен берген көзқарас. Бiрақ, соған қарамастан, 
Ф.Ницшенiң өз заманының әлсiз жақтарын сынауы, нағыз тұлғаның 
әрқашанда қол астындағы болмыстың шеңберiн тиiстiлiк негiзiнде 
аттап өту қажеттiгiн көрсетуi т.с.с. ойлары болашақ философиялық 
ағымдарға үлкен әсерiн тигiздi.
Фрейдизм ағымы. Сана мен бисаналық мәселелерi
«Өмiр философиясының» ХХ ғ. беделдi ағымдарының бiрi фрейдизм 
болып табылады. Негiзiн қалаушы 
Зигмунд Фрейд
(1856-1939 жж.) – 
австриялық дәрiгер, психолог, философ. Негiзгi еңбектерi: 
«Мен және 
Ол», «Тотем мен Табу»
т.с.с.
З.Фрейд жүйке ауруларын зерттеу мен емдеу жолында адам психи-
касында бисаналықтың зор орын алатынын байқайды. Егер одан бұрын 
қайсыбiр невроз ауруларының себебiн ғалымдар сананың шеңберiнен 
iздеген болса, ол оны бисаналықтан көрiп, жүйке ауруларын емдеудiң 
«психоанализ» әдiстерiн жасап, бiршама жетiстiктерге жетедi. Бұл оған 
шабыт берiп, ол психоанализдiң негiзгi қағидаларын бүкiл қоғам мен 
мәдениетке таратып, философия саласында ерекше ағымды тудырды.
Бисаналықты ашу
, оның құрылымын, адамның жеке өмiрiне, 
қоғамға тигiзетiн әсерiн зерттеу – Фрейдтiң ғылымға енгiзген жаңа-
лығы болды. Адамның көп ынта-тiлектерi мен құштарлықтары биса-
налық түрде пайда болады екен. Олар сыртқа адамды гипноздаған 
кезде, я болмаса ұйқыдағы адамның түсiнде, байқамай айтылып қалған 
сөзде, кейбiр дене қозғалысында т.с.с. көрiнiп қалады.
З.Фрейдтiң ойынша, адамның психикасының үш деңгейi бар: 
оның ортасында 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   308   309   310   311   312   313   314   315   ...   521




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет