363
тiптi өмiрден бас тарту керек болды. Өз бiлiмiн тарататын ұстаздың
шәкiрттерi аз болды. Мұндай тәжiрибе ғасырлар бойы созылып, ерекше
халықтан бөлiнген руханияты таза әлеуметтiк топтың пайда болуына
әкелiп соқты. Ал мұның өзi материалдық өмiрдiң дамуының түрткiсiн
жойып, оны тоқыратты. Йогамен айналысатын адамның рухы биiк те
таза болғанымен, ол қарапайым өмiрден бас тартуға мәжбүр болады,
оның iшкi ерiктiгi сыртқы өлiммен теңеледi.
«Егер ол Құдайды тапса,
онда өмiрден айырылады, сыртқы өмiрге қызықса, онда Құдайдан
айырылады
. Бұл қайшылықты шешу үшiн жаңа
интегралдық
(integratio – латын сөзi, толықтырамын, шашылғанды жинаймын деген
мағына бередi)
йога
қажет», – деп қорытады Ауробиндо. Оның негiзгi
мақсаты – өмiрден қашпау, Құдай мен Табиғатты ерiктi де жетiлген
адам өмiрi арқылы бiр-бiрiне қосу болып табылады. Ол үшiн адам
белгiлi бiр жүйеге келтiрiлген қызу iс-әрекет арқылы өз iшiндегi құпия
жатқан дарындарды сыртқа шығарып, жетiлу жолында универсалдық
трансценденттiк болмыспен қосылуы қажет.
Жоғарыдағы көрсетiлген тұрғыдан Ауробиндо «Мая» iлiмiн сынға
алады. Көне үндi философиясында «бұл дүние – Мая – ұлы сағым»
деген iлiм болатын. Шынына келгенде,
Достарыңызбен бөлісу: