375
Сонымен қатар бұл дүниеде бір-бірімен
толық ұқсастығы жоқ екі
затты табу да мүмкін емес. Егерде олай болса, дүние өмір сүре алмас
еді, заттар мен құбылыстар бір-бірімен байланысқа түсіп,
біртұтас
әлемді құра алмаған болар еді. Дүниеге ұқыпты көзбен қараған адам
заттар мен құбылыстардың бір-бірімен
шытырман байланыста
екенін
байқайды, ал оның астарында олардың
ұқсас жақтары, тектік бірлігі,
жалпы
қасиеттері жатқан жоқ па? Әрине, солай. Жалқы заттар мен
құбылыстар
өне бойы бір-бірімен
байланыста
, өзара әрекет жасауда,
бір-бірін анықтауда. Оның өзі олардың
жалпыға бірдей
қасиеттері
арқылы ғана іске асады. Сөйтіп, жалпылық
дегеніміз де болмыстағы
жалқы заттар, құбылыстар мен үдерістердің
өмір сүру заңдылығы
болып шықты.
Ұқыпты оқырман бұл арада қайшылықтың пайда болғанын байқап
қалған болар, бір жағынан, қайсыбір зат, құбылыс, үдеріс тек өзіне тән,
дүниеде қайталанбайтын
жақтарымен көрінгісі келсе, екінші жағынан,
толық дербес өмір сүре алмай, жалпылыққа өтеді. Олай болса, қайсыбір
зат, құбылыс, үдеріс
ерекше
– өз бойында қайталанбайтын,
тек өзіне
тән қасиеттерімен қатар, оны басқа заттармен біріктіретін жалпы
жақтарымен танылады. Айтылған ойдың үлкен методологиялық маңызы
бар десек те болады, өйткені сонау көне заманнан бастап осы уақытқа
шейін көп мәселелердің шешімі осы
даралық пен жалпылықтың диа-
лектикасын
жете түсінбеуден
пайда болады.
Сараптап жатқан ұғымдарды алғаш рет терең талдаған ұлы Платон
болған-ды. Оның «эйдос әлемі» – «заттар әлемімен» салыстырғанда,
өз бетінше өмір сүріп жатқан материалды емес, мәңгі,
кемеліне кел-
ген, сұлу, ізгі әлем, ал біздің дүние заттанған, мәнді, уақытша, эйдос
әлемінің бұлдыр көлеңкесі ғана сияқты. Аристотель: «Платон
маған
қымбат болса да, ақиқат одан да гөрі құнды», – деп, оның өзінше өмір
сүретін эйдос әлемін сынға алады. Оның ойынша, жалпылық дара зат-
тардан бөлек өмір сүре алмайды, ол заттардың мән-мағынасын, яғни
формасын құрайды. Ал форма қайдан пайда болады деген сұраққа ол:
«Форманың формасы – Құдай», – дейді.
Жалпылық пен жалқылық Ортағасырдағы негізгі философиялық
мәселеге айналып,
Достарыңызбен бөлісу: