Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет352/521
Дата20.09.2023
өлшемі3,76 Mb.
#109121
1   ...   348   349   350   351   352   353   354   355   ...   521
бейімдеп қолдануымыз
керек. Сонда ғана біз 
өз 
ерекшеліктерімізді
сақтап, соның арқасында басқа елдердің де 
шынайы қызығуы мен сүйіспеншілігіне қол жеткіземіз. Дүниедегі 
көптүрлігімен танылатын мемлекеттердің ішінен өз орнымызды таба-
мыз.
§ 3. Тәуелсіздік пен тәуелділік
Жалқы мен жалпы санаттарымен тығыз байланысты, болмыста 
терең тамырланған ұғымдар – тәуелсіздік пен тәуелділік ұғымдары.
Бұрынғы философия оқулықтарында бұл ұғымдар жоқ болатын. 
Бірақ бүгінгі таңда қазақ елі тәуелсіз мемлекет орнатып жатқан кезде, 
олардың мән-мағынасы күрт өсуде, өйткені 
тәуелсіздік
– кейбір 
әдебиетте кездесетіндей, бұрынғы одақтас кеңес республикаларындағы 
ұлттық дегдар топтың билікке деген ұмтылысынан пайда болған 
құбылыс емес, оның түп-тамыры тереңде – 
болмыстың өзінде жатыр. 
Тәуелсіздіктің баянды болуы, оның қазақ халқына ауадай қажеттігінің 
негізінде осындай философиялық пайымдау жатыр.
Енді осы айтылған тұжырым жалаң болып көрінбес үшін, оны 
дәлелдеп көрелік. Жоғарыда айтып өткеніміздей, дүниеде – Жер болсын, 
аспан болсын, біз екі бір-біріне толық ұқсас зат, я болмаса құбылысты 
таба алмаймыз. Микроәлемдегі элементарлық бөлшектерден бастап 
мегаәлемдегі жұлдыздарға дейін әрбір зат, я болмаса құбылыс тек 
өзіне тән болмысымен сипатталады. Даралық және қайталанбастық, 
басқаға ұқсамастық, жалпы алғанда, материалдық және рухани 
болмыстың өмір сүру тәсілі болып табылады. Оны өз уақытында Эпи-
кур болжамдаған болатын. Оның ойынша, атомдар кеңістікте құлдырап 
бара жатқан кезде алғашқы бағытынан «өз еркімен» ауытқиды. Қазіргі 
ядролық физиканың деректеріне сүйенсек, бүгінгі таңдағы ашылған 
300-ге жуық элементарлық бөлшектердің әрқайсысының өз табиғаты, 
сыры бар. Ең ақырында, бүгінгі таңдағы ашылған ең ұсақ бөлшектер – 
адрондардың құрылымын құрайтын кварктардың өздері «бір-біріне 
салыстырмалы түрде тәуелсіз және біршама еріктіктің деңгейінде 
өмір сүреді» (қараңыз: Материалистическая диалектика., М., Мысль, 


379
1983, 61 б.). Әсіресе көрнекі түрде тәуелсіздіктің сипатын тірі және өлі 
табиғаттағы, қоғам өміріндегі статистикалық үдерістерден байқауға 
болады. Мысалы, газ табиғаты жөніндегі қазіргі теориялар әрбір 
молекуланың бір-біріне тәуелсіздігін көрсетеді. Тек қана сырттай шек-
теу қойылған кезде ғана (белгілі бір құйманың ішінде) олар бір-бірімен 
болуы мүмкін байланыстарға түседі. Сол себепті, статистикалық 
заңдылықтардың негізінде әрбір бөлшектің бағытын білу мүмкін емес, 
ол оның дербестігін, тәуелсіздігін көрсетеді, тек олардың жиынтығының 
заңдылықтарын ғана анықтауға болады. (қараңыз: П.В.Алексеев., 
А.В.Панин. Философия., М., Проспект, 1998, 424 б.). Термодинамиканың 
екінші бастамасы дүниеде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   348   349   350   351   352   353   354   355   ...   521




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет