Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет40/521
Дата20.09.2023
өлшемі3,76 Mb.
#109121
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   521
«кіндікті 
уақыт»
дейді. Өйткені бұл заманға дейінгі адмзаттың өмірі шектеліп
қайталана беретін өте баяу рухани өмірдің негізінде өтіп жатты және 
оның өзі саналы түрде танылмаған болатын. 
Ал «кіндікті уақыт» келген заманда: «Адам болмыстың өзін және 
өзінің шекарасын сезінеді, алдына ең биік мақсаттар қойып, өзінің 
санасының тұңғиығынан абсолютті таниды. Осының негізінде фило-
софтар дүниеге келді. Адам жеке пенде ретінде тәуекел деп, өзін бүкіл 
дүниеге қарсы қойды», – дейді К.Ясперс.
Ал мұның себебін іздей келе, К.Ясперс діни жауапқа жақындап 
қалғанмен: «Бұл мәселе шешілмеген, ашық сұрақ», – деген пікір айтады.
К.Ясперстің бұл айтқан сөздерін қорытсақ, философия адам 
рухының оянған кезінде, яғни оның өзіндік сана-сезімі пайда болып
өзін-өзіне, басқа адамдарға, бүкіл дүниеге қарсы қоя алатын уақытында 
дүниеге келеді.
Әрине, философияның дүниеге келу мәселесін идеалистік жолмен 
түсіну, белгілі бір «құдіретті күшке», «абсолюттік идеяға», «абсолюттік 
рухқа» сілтеуге әкеледі. Ол бізді қанағаттандырмайды. Сол себепті осы 
мәселені материалистік тұрғыдан талдап көрелік. 


44
Философияның дүниеге келген тарихы 
қола заманнан темір 
дәуіріне 
өтумен тығыз байланысты. Темірді игеру адамзат тари-
хына түбегейлі өзгерістер әкелді. Соқаның басына кигізілген үшкір 
темір жерді терең жыртуға, яғни оны өңдеуді жетілдіруге әкелді. 
Нәтижесінде мол өнім алынып, байлықтың көзі ашыла бастады. 
Қоғамдық қарым-қатынастардың дамуы тереңдей түсіп, әсіресе ерекше 
атап өтуге тұратын – 
ақшалық-тауарлық байланыстар
тез өсті. 
К.Маркстің уақытында айтқанындай, алтынның «сезімдік заттық» 
мағынасынан өтіп, адамдар оның «абстрактілік» құдіретті қасиетін 
ашты. Алтынның ең құдіретті қасиеті – оны басқа заттарға теңеу 
мүмкіндігі. Әрине, алтынды қолға алып, оны көзбен көріп, салмағын 
байқап, тіске салып жұмсақтығын анықтауға, оны «сезімдік зат» 
ретінде қарауға әбден болады. Бірақ, сонымен қатар ой арқылы белгілі 
алтын көлемін төрт қойға, болмаса екі сиырға, жылқыға теңеуге 
де болады, яғни адамдар заттардың құнын анықтап, оларды бір-
бірімен салыстыра алатын жағдайға көшеді. Мұның өзі адамдардың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   521




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет