Серік Мырзалы философия оқу құралы


неоре- нессанс үдерісінде



Pdf көрінісі
бет416/521
Дата20.09.2023
өлшемі3,76 Mb.
#109121
1   ...   412   413   414   415   416   417   418   419   ...   521
неоре-
нессанс үдерісінде
. Оны бүкіл дүниежүзілік қауым мойындады. Бүкіл 
жер бетіндегі түрік дүниесі өз-өзін адамзатқа көрсетіп, орнын анықтау 
барысында бірте-бірте жақындасуда. Ал Қытай мен Үндістан цивилиза-
цияларына келер болсақ, олар бүгін тұйықтықтан шығып, 
нағыз өрлеу 
үстінде.
Тарихи сопылыққа өз үлесін қосып, уақытында үлкен қызы-
ғушылық тудырған 
Освальд Шпенглер
(1880-1936 жж.) болды. 
Оның ойынша, тарихта әртүрлі мәдениеттер өз-өзін тудырып, гүлдеп, 
ақырында өмірден озады. Тарихтағы әрбір мәдениет дара, өзінің ішкі 
қайталанбайтын құрылымымен көрінеді. Бір мәдениеттің шеңберінде 
өмір сүрген тұлға екінші мәдениеттің ерекшелігін толығынан 
ешқашанда ұға алмайды. Сондықтан оларды тек сырттай салыстыру 
арқылы ғана бағалауға мүмкіндік аламыз. 
Әрбір мәдени типтің тарихтағы өмір сүруі шамамен 1200-1500 
жылға созылады. Әрбір мәдениет «жастық шағынан өтіп, есейе келе» 
өз жұмсақтығы мен шабытынан айырылып, қатая бастайды. Өмір 


492
мұздаған салқын лебізді ақыл-ой (рационализм) торына түсіп, тікелей 
шындықтан өрбитін шабыт, шығармашылық 
техникалық үстемдікке 
ауысады. Ақырында мәдениет цивилизацияға ауысып, қоғамның алып 
материалдық денесі оның рухын тұншықтыра бастайды. Еуропаның 
күйреуі осыдан басталады.
ХХ ғ. ортасында ағылшын ғалымы 
Арнольд Тойнби
(1889-1975 жж.) 
цивилизациялық талдаудың жаңа түрін дүниеге әкеледі. Оның ойынша, 
тарихтағы әрбір цивилизация қоршаған ортаға бейімделудің негізінде 
өзіне тән рухани құндылықтарын, шаруашылық формаларын жасайды. 
Сондықтан жер бетіндегі мәдениет формалары әрқашанда әртүрлі 
болмақ. Бірақ қазіргі жағдайда атлантикалық цивилизация дүние 
жүзіндегі басқа халықтарға үстемдік көрсетіп, олардың мыңдаған 
жылдар бойына жинаған мәдени тәжірибесіне, құндылықтарына 
нұқсан келтіруде. Дегенмен де А.Тойнби тарихқа деген О.Шпенглердің 
пессимистік көзқарасына қарсы. Тарихи дамуда белгілі бір мәдениет 
қандай қиындық көрсе де, оны адамның ерікті де жауапты іс-әрекеттері 
арқылы жеңе алады. Оны көрсету үшін ойшыл тарихи сопылыққа екі 
жаңа санат енгізеді. Біреуі – қоғам алдына қоятын тарихтың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   412   413   414   415   416   417   418   419   ...   521




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет