Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет65/521
Дата20.09.2023
өлшемі3,76 Mb.
#109121
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   521
Анаксагор
бұл сұраққа жауап іздейді.
Анаксагор (500-428 б.ғ.д.) бай және кең танымал ақсүйектер отба-
сында дүниеге келеді. Бірақ ол өсе келе, байлықтан бас тартып, 
өмірін толығынан ғылым мен өнерге арнайды. Ол кісінің ойынша, 
Күн – ол Құдай емес, орасан зор жанып жатқан от, Ай жер сияқты 
және онда тіршілік бар, күннің күркіреуі, найзағайдың жарқылдауы – 
бұлттардың бір-бірімен соқтығысуында т.с.с.
Афина қаласында Анаксагор ең бірінші болып, философиядан 
сабақ бере бастады. Бірақ ол қудаланып (гректердің Құдайларын 
мойындамағаны үшін), Афинадан қашуға мәжбүр болады. Өзінің 
философиялық еңбектерінде Анаксагор қалайша шаш еместен – шаш, 
ет еместен ет пайда болады деген нақты сұрақтар қояды. Эмпедоклдің 
стихияларының ішінде ет, сүйек, шаш, қан сияқты элементтер жоқ
еді ғой. 


72
Анаксагор бұл сұраққа: «Әр нәрсе өзіне өте ұқсас бөлшектерден – 
«тұқымдардан», 
гомеомериялардан
пайда болады», – деген жауап 
қайтарады. Ол тұқымдар стихиялардың ішінде қалқып жүріп, бір-
бірімен қосылып, заттарды тудырады. Ал барлық заттардың пайда 
болуына түрткі болған, оларды ретке келтіріп отыратын ол НУС (nous –
грек сөзі, ақыл-ой) – дүниежүзілік ақыл-ой. 
Қорыта келе, Анаксагор Афинадағы ғылымның, философияның 
дамуына өзінің зор әсерін тигізді.
Демокриттің атомистік ілімі
Элеаттардың көтерген мәселелеріне Эмпедокл мен Анаксагорға 
қарағанда басқаша жауап берген 
Левкипп пен Демокрит
болды. 
Егер біріншілер дүниенің негіздерін құрайтын әртүрлі сападағы сти-
хиялар, заттардың тұқымдары т.с.с. деген тұжырымға келсе, Левкипп 
пен Демокрит өздерінің 
атом
жөніндегі ілімдерінде дүниенің негізінде 
жатқан сандық жағынан әртүрлі ұсақ бөлшектер жөніндегі ілімдерін 
ұсынады. 
Левкипп (V б.ғ.д.) Милетте туғанымен, Элеяға келіп, өз ілімін тара-
тады. Демокрит (460 б.ғ.д. туған) Левкиптің шәкірті болған. 
Левкипп пен Демокрит ғылымға атом (atomos – бөлінбейтін) 
ұғымын, ары қарай бөлінбейтін, көзге көрінбейтін, өте ұсақ, сапасыз, 
тек қана бітімі, көлемі жағынан бір-бірінен айырмашылығы бар ұсақ 
бөлшектерді ұсынады. 
Атомистер бейболмыс өмір сүрмейтінін қолдады, өйткені бірдеме 
дүниеге келгенде, бар ұсақ бөлшектердің қосындысынан пайда болады, 
ал ол бөлшектер тарай бастаса, ол зат құриды. Әрине, атомдар қозғалуы 
үшін кеңістік керек, сондықтан олар дүниені орасан зор қуыс ретінде 
қарады. Егер біз кеңістіктен атомдарды алып тастасақ, онда ештеңе 
жоқ, тек қуыс қана қала береді. Олай болса, ештеңе өмір сүреді. 
Дүниедегі атомдардың саны шексіз болғаннан кейін, кеңістік те 
шексіз, өйткені шектелген кеңістікке шексіз атомдар сыймас еді. 
Дүниенің кеңістіктегі шексіздігі уақыттың да мәңгілігін, қозғалыстың 
да бастауының жоқтығын мойындауға мәжбүр етеді. 
Атомистика дүниенің пайда болуын қозғалыс арқылы түсіндіреді 
(бірінші сатыда). Алғашында атомдар кеңістікте ешқандай тәртіпсіз 
түрде өмір сүреді. Олар оны Күннің көзі түскен кездегі үй ішінде 
сәулеге шалынып көзге көрінетін, қалқып жүрген өте ұсақ шаңмен 
салыстырады. Екінші сатысында ауыр салмақты атомдардың жеңіл 
бөлшектермен соқтығысуының нәтижесінде пайда болатын дауылға 
ұқсас қозғалыс туады. Бұл «дауылда» бір-біріне ұқсас атомдар басқа-
лардан бөлініп, дүние өмірге келеді. 


73
Үшінші атомдардың қозғалысы – ол заттың бетіндегі өте жеңіл 
атомдар. Олар заттан ұшып, біздің түйсіктерімізге әсерін тигізіп, иісті 
тудырады. 
Атомистердің айтуына қарағанда, төрт стихияның атомдары 
әртүрлі. Оттың атомдары ең кіші және дөңгелектеу болып келеді, 
қалған атомдарының бітімі кубқа ұқсайды. Олардың ішіндегі ең 
кішілері – ауаны құрайтын атомдар, орташа көлемдісі суды, үлкендері 
жерді құрайды. 
Атомдардың жалпы саны шексіз болғаннан кейін, ғарышта әртүрлі 
дүниелер бар. Біреулерінде Күн мен Ай болмауы мүмкін, кейбіреуінде 
екі-үштен болуы мүмкін, біреулерінде тіршілік болса, келесілерінде 
болмауы ғажап емес…
Сонымен, Демокриттің дүние жөніндегі ілімінде ешқандай Құдай, я 
болмаса басқа рухани күш жоқ: ол барын де механистік көзқарастың 
шеңберінде түсіндіргісі келеді. 
Атомистердің философиясының тамаша жері: олар алғашқы рет 
себеп, қажеттілік деген ұғымдарды философияға енгізеді. Демокриттің 
ойынша, әр нәрсенің өз себебі бар, ол қажеттіліктен туады. Сондықтан 
Дүниеде ешқандай кездейсоқтық жоқ. Белгілі бір құбылыстың себебі 
ашылмаған кезде, оны адамдар кездейсоқ деп атайды. 
Адам мен таным мәселелеріне келер болсақ, Демокрит адамның 
жан дүниесін мойындайды. Ол дөңгелек, тез қозғалатын, оттың атом-
дарына ұқсас бөлшектерден тұрады. Олай болса, адам өлгенде, оның 
жан дүниесі де жойылады, атомдар кеңістікке (жан-жаққа) тарап 
кетеді. Ал түйсік пен ойлау мәселелеріне келсек, онда жан дүниені 
құрайтын атомдардың түйсіктік қасиеттері бар екен. Заттардың 
үстінде орналасқан жеңіл атомдар адамның түйсіктеріне жетіп, өзінің 
әсерін тигізген кезде, біздің жан дүниемізде неше түрлі сезімдер мен 
түсініктер пайда болады. Сезімдік және ақыл-оймен тануда Демокрит 
сезімдік танымның адамды қателестіруі мүмкін екендігін, сондықтан 
оны ақыл-ойға тоқу керектігін айтады. 
Атомистика шеңберіндегі әлеуметтік және моральдық мәселелерге 
келетін болсақ, демократиялық саяси тәртіп – ең тиімді қоғамды 
ұйымдастыру түрі. Демократия бұзылмауы үшін, адамдарды тәрбиелеу 
керек. 
Адам өзінің табиғаты бойынша өмірден ләззат алуға, зардап-
тан қашуға тырысады. Бірақ Демокрит ләззатты 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   521




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет