Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет103/521
Дата20.09.2023
өлшемі3,76 Mb.
#109121
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   521
Уильям Оккам ұстарасы
«Мән-мағынаны қажеттіліктен жоғары көбейтпеу керек».
Бұл – 
Уильям Оккамның ұстарасы. Ол арқылы Уильям Оккам метафизикалық 
ұғымдардың көбін теріске шығарады, өйткені олар дәлелденбейді және 
пайдасыз. Біз заттардың сапасы мен қасиеттерінен басқа тәжірибелік 
зерттеуде еш нәрсе таппаймыз. Олай болса, метафизикалық жалпы 
ұғымдар мәнсіз, тек таным үдерісін қиындатады. Сондықтан тек 
тәжірибелік танымға ғана сүйену керек. Ол – танымның іргетасы. 
Әрине, мұндай көзқарас схоластикалық философияға үлкен соққы 
жасап, болашақ тәжірибелік танымға жол ашты. 
Ал оның қоғамның әлеуметтік-саяси өміріне тигізген әсерін алатын 
болсақ, онда жекелікті, жалқылықты ғана мойындау, діни көзқарасты 
ғылыми білімнен бөлу идеясына келеміз. Қоғамның саяси саласында 
діни биліктің саясаттан бөлінуі керектігі туралы идеяны туғызады. 
Ал дүниеге келген жаңа идея іске аспай қоймайды. Оның ар жағында 
жеке адамның құқы, оның мүддесінің жалпы қоғамның мүддесінен 
басымдығы жөніндегі идея да алыс емес.
§ 4. Ортағасырлық ислам мәдениеті 
аясындағы философия
Дүниежүзілік философия тарихында Шығыстағы Көне Қытай, 
Үндістан, Парсы елдеріндегі пайда болған философиялық көзқа-
растардан тыс Орта ғасырларда дүниеге келіп, өзінің ерекше бол-
мысымен тарихта танылған Орта Азия мен Араб елдеріндегі ұлы 
философиялық ой-пікірлерді айтуға болады. 
Көне заманның аяғында құлиеленушілікке негізделген қоғам 
сарқылып, Орта ғасырларда «тарихи белсенділік» Шығыс халықтары-
ның үлесіне тиеді. Оның негізгі себебі – тайпалық-рулық, соғыс 
демократиясының негізінде өмір сүріп жатқан, көпқұдайлыққа табынған 
араб тайпаларының басын біріктіру қажеттігі еді. Осы қажеттіктің 
негізінде ислам дүниеге келіп, сол діннің негізінде Арабтар империясы 
пайда болады. Ол Инд аумағынан Атлантика мұхитына дейін созылған 
мемлекет болды. Көшпенді араб тайпалары бастарының бірігуі олардың 


121
арасындағы қақтығыстарды тоқтатып, жаулап алынған Батыс пен 
Шығыс, Орта Азиядағы халықтардың мәдениетімен танысуға, бейбіт 
жағдайда өндіргіш күштердің дамуына, сауда-саттық пен теңіз арқылы 
байланыстардың өсуіне әкелді.
Араб империясы Батыста Испанияға дейін жетіп, өзінің мәдениеті, 
діні, философиясын жаңа елдерге таратты. Мысалы, бүгінгі таңда 
дүниежүзілік сөздікке кірген 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   521




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет